Жезқазған қаласының
№13 орта мектебінің
жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі
Ералиева Гуляйша Саурбайқызы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Тақырыбы: Терінің құрылысы, қызметі , маңызы және тері аурулары.
Мақсаты : оқушыларға терінің құрылысы, өзіндік ерекшеліктері, адам ағзасындағы, атқаратын қызметі туралы білімдік мағлұматтар беру.
— Білімділік. Оқушыларға терінің көптүрлілік қызметтерін: (қорғаныштық, рецепторлық, жылу реттеушілік, бөліп шығарушылық) таныту;
— Тәрбиелілік. Тақырыпты арқау ете отырып, оқушыларды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, жеке бас гигиенасы ережелерін сақтауға, салауатты өмір салтын ұстай білуге тәрбиелеу;
— Дамытушылық. Тері қызметі туралы биологиялық түсініктерін дамыту, білімді қабылдау, қабылдағанды түсіну, есте ұзақ сақтау, ой тұжырымын жасап, шығармашылық әрекет етуіне ықпал ету, пәнге қызығушылығын арттыру, білім- білік дағдыларының жетілуіне, әлеуметтенуіне жағдай жасау;
Сабақтың көрнекіліктері: «Тері» суреттері, слайдтар, «Тері» бейнефильмінен үзінді.
Сабақтың түрі: семинар-форум.
Сабақ формасы: топпен жұмыс.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: интерактивті оқыту, сызба-нұсқа, сұрақ-жауап, көрнекілік, өзіндік жұмыс, оқушының өзін-өзін өлшемді бағалауы, түсіндірмелі, мәнерлеп оқу, талдау- жинақтау.
Пәнаралық байланыстар: химия, құқық негіздері.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Ұстаздармен, оқушылармен сәлемдесу.
Сыныпты «Дерма» және «Дерматолог», «Ізбедерінің сарапшылары» (Дактилоскопия) тобына бөлу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Семинар форумның бағдарламасы:
«Дерма» тобы.
Карибаева Алтынай : «Терінің маңызы»
Ахан Құндыз, Амантаева Айгерім: «Терінің құрылысы»
Сауқымова Диана «Нағыз тері – дерма»
Бектібай Балнұр: «Гиподерма»
Қошмағанбетова Аққу: «Терінің қызметі»
«Дерматолог» тобы
Байыршанов Жасұлан: «Безеу»
Құрманғалиева Анель: «Саңырауқұлақ аурулары»
Бейнефильм «Оқушы ізденістері»
Әбенова Раушан : «Қышыма қотыр» Бейнефильм «Қышыма кенесі»
Жуханов Әділет: «Күн сәулесінің теріге әсері»
Бейнефильм «Күн сәулесінің теріге әсері»
Төлен Алмас: «Тері күйгенде көрсетілетін алғашқы жәрдем»
Кәкімбек Бейбарыс: «Тері күтімі, гигиенасы»
«Ізбедерінің сарапшылары» (Дактилоскопия)
Мұханбетжанова Ақсая:бейнефильм “Зертханалық жұмыстан көрініс”
Қыдырбай Нұрсұлтан : «Ізбедер әдісінің дамуы және шығу тарихы
Иманалиева Индира: «Тері бетінің құрылысының бөлшектері»
ІІІ. «Дерма» тобы.
Карибаева Алтынай : «Терінің маңызы»
Тері – адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Тері ағзада зат алмасу процесіне қатысады. Негізінен су мен жылу алмасуда маңызы бар. Сыртқы ортаның температурасы қаншалықты ауытқығанымен адамның дене температурасы үнемі тұрақты болады. Дене температурасының үнемі тұрақты деңгейде болуын қамтамасыз ететін физиологиялық процестерді жылу реттелу дейді. Тері арқылы сумен бірге түрлі тұздар, сүт қышқылы, азоттық алмасу өнімдері сыртқа шығарылады. Тері қанайналым процесінде қанның сақталатын қоймасының да қызметін атқарады. Теріде көптеген жүйке талшықтары, сезгіш жасушалар шоғырланған. Сондықтан тері сезім мүшесінің қызметін атқарады. Адам тері арқылы бір заттың жанасқандығын, температураны, ауырғанды сезеді. Терінің витаминдер алмасуына да қатысы бар. Теріде болатын ерекше заттардан күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен Д витамині түзіледі. Теріде аздаған мөлшерде газ алмасу процесі жүреді, яғни оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі. Адам терісіндегі тер, май және сүт бездері арқылы ыдырау өнімдері бөлінеді. Теріде ағзадағы артық май қор ретінде жиналады.
Ахан Құндыз: «Терінің құрылысы»
Адам терісі негізінен үш қабаттан тұрады. Терінің сыртқы қабаты – эпидермис, ортаңғы қабаты – нағыз тері, ішкі қабаты –теріасты шел қабаты деп аталады. Соңғы кездерде теріасты шел қабатын нағыз тері қабатымен қосып, бір қабат деп санайды.
Эпидермис – терінің сыртқы қабаты
Эпидермис көп қабатты жалпақ эпителий ұлпасынан тұрады және ол бірнеше қабаттан тұрады: 1) базальды
2) бүртікшелі
3) түйіршікті
4) жылтыр немесе әйнек тәрізді
5) мүйізді.
Алақан мен табан терілерінде бұл қабаттар анық көрінеді. Жылтыр қабат бет терісінде, кеудеде, иілмелі жоғарғы ұштарында байқалмаса, түйіршікті қабатында бір немесе бірнеше жасуша сирек көрінеді. Эпидермисте жүйке жүйесінің көп құрамы бар: қан тамырлары болмағандықтан, жасушалардың қоректенуі лимфа арқылы жүзеге асады.
Олар эпидермистің негізгі элементтері болып табылады, олардан жоғарғы қабаттың жасушалары қалыптасады, олар базальды қабаттың мембранасына перпендикуляр орналасып, митоз жолымен бөлінеді
Орта есеппен 1 мм/2 теріге 1155 теріге түс беретін жасуша келеді, сондай-ақ теріге түс беретін жасушалар дағы қара нәсілге қарағанда ақ нәсілде көп емес. Сондықтан терінің түсі меланоциттердің көлімімен емес, оның функционалдық қасиеті мен қабілетіне байланысты.
Бүртікшелі қабат базальды қабаттың үстінде орналасады, 5-10 қатарлы жасушалардан тұрып, тегіс беті қабатқа айналады. Жасуша сияқты, бүртікшелі қабаттың жасуша аралық арналарында протоплазматикалық өсінділермен бірігеді. Бүртікшелі қабатының ядролық жасушадан дөңгелек, ірі 1-2 ірі ядродан тұрады. Бүртікшелі қабаттың жасушаларының ерекшелігі олардың цитоплазмасында ерекше тонофибрилдардың болуында. Тонофибрилдар жасушадан жасушаға өтпейді, тек протоплазмалық өсінділерде шектеледі. Базальды қабаттың призматикалық жасушаларында цитоплазма қасиеті анық айқындалады. Бүртікшелі қабаттың жасушалары біртіндеп жоғарғы бетіне қарай ырыстырылады да эпидермиспен параллель созылып, ешқандай артық қимылсыз келесі қабатқа өтеді, келесі қабат түйіршікті қабат деп аталады.
Түйіршікті қабат бірден төртке дейін қатарлы жасушалардан тұрады. Эпидермистің үстіңгі қабатында параллель орналасып, біртіндеп ядро жасушаларымен ығысып, протоплазмада көптеген түйіршікті , қарқынды негізгі бояулармен боялады.
Амантаева Айгерім:
Жылтыр немесе әйнек тәрізді қабат түйіршікті қабаттың үстіңгі қабатында орналасады және бірнеше созылмалардан тұрады. Олардың құрамында ерекше ақуызды зат болады, май тамшыларына ұқсағандықтан элеидина деген атауға ие болады. Майлы қабаттың негізгі құрамында элеидинадан басқа гликоген және майлы заттар бар.
Қалың эпителиальды қабаты бар тер аумақтарында жай бояу әдісінде жылтыр қабатта түссіз сызықтар пайда болады. Кейбір патологиялық үрдістерде анық білінеді. Көпшіліктің айтуы бойынша жылтыр қабат эпидермисте су мен электролиттермен байланысты және екі қабаттан тұрады: жоғарғы қабат-қышқыл реакция береді, ал төменгі жағы сілтілік қасиет көрсетеді. Осы жағдайларға қарап бұл қабат эпидермистің ең күрделі қабаты болып табылады.
Мүйізді қабат эпидермистің жоғарғы қабаты болып саналады. Ол сыртқы ортамен байланысып, өзінің төзімділігімен ерекшеленеді. Ол ұзыннан созылған, бір бірімен берік байланысқан мүйізді затпен толтырылған кератин мен күкіртті және суы аз, құрамында май полисахариды бар.
Сауқымова Диана «Нағыз тері – дерма»
Дерма немесе нағыз тері эпидермис пен тері астындағы майлы жасунықтың арасында орналасқан. Оның құрамында екі қабат бар: емізікшелі және торлы.
Емізікшелі қабат қан тамырларына дейінгі аралықты дерма бөлігінің жоғарғы желісі. Дерманың торлы қабаты тері астындағы майлы жасуныққа өтеді. Емізікшелі қабат эпидермис бөлігіне тереңірек еніп, дерма екеуін біріктіре отырып жүйке жүйесінің толқынды сызықтарын құрайды. Емізікшелі қабаттың биіктігі мен пішіні терінің әр бөлігінде әр түрлі болады. Сондықтан алақан мен табан терілерінде емізікшелі қабат биік болса, эпидермисі жұқа тері қабатында әлсіз түрде толқынды сызықтары байқалады. Емізікшелі қабаттың бар болуы эпидермистің қоректенуін жақсартады, емізікшелердің бөліп эпидермис пен дерманың бір-біріне жанасу аймағын ашады, сол себепті емізікшелі шырынның капиллярға жетуінде еш кедергі болмайды. Алмасу үрдісінде негізгі рольді базальды, негізгі, мембрана атқарады.
Бектібай Балнұр: «Гиподерма»
Тері асты майлы жасунық немесе гиподерма қалың коллагенді және тегісмайысқыш жіпшелерден тұрады. Жіпшелер тор түзеді, сол торда май жасушалары жиналады. Майлы жасушалардың көп бөлігі май тамшыларынан тұрады, олардың жарты бөлігі ядро жасушаларының перифериясына жатса, жартысы протоплазмаға жатады.Кей жағдайда олар бір арнада тоғысады. Гиподерманың қалыңдығы адамның әр түрлі дене бөлігінде түрліше қалындықта болады. Дермада шаш, бездер, бұлшықеттер, қантамырлары, жүйкелер, жүйке ұштары орналасқан. Бас сүйегіндегі гиподерма қалыңдығы 2мм, 5-10мм, 3 және бөксе маңайына бірнеше см-ге дейін жетеді. Тырнақ астындағы қабатта гиподерма жоқ. Гиподерма қабаты ағзаны суықтан, механикалық жарақаттардан сақтайды. Гиподермада қан тамырлары, жүйке жүйелері орналасқан.
Терінің қызметі
Тері — ағза мен қоршаған ортаны байланыстырушы мүше. Терінің қызметі денеміздегі барлық мүшелер жүйесінің қызметімен тығыз байланысты. Мүшелердің, мүшелер жүйесінің қызметінің бұзылуы бірден теріден байқалады. Мысалы, терінің қызаруы, қышуы, бөртуі, т.б.
Терінің қорғаныштық қызметі. Сыртқы ортаның механикалық әсерінен қорғайды. Суықтан, ыстықтан, ауру қоздырушы микробтардан, зиянды заттардан да қорғайды.
Ыдырау өнімдерін шығару қызметі – зат алмасумен тікелей байланысты. Тер арқылы су, аммиак, несепнәр, минералды тұздер және т.б. заттар бөлінеді. Тердің тәуліктік бөліну мөлшері сыртқы ортаның температурасына атқаратын жұмысына байланысты.
Сезгіштік қызметі – теріде болатын сезгіш жасушалар мен жүйке талшықтарына байланысты. Солар арқылы температураны, ауырғанды және т.б. сезеді.
Жылуды реттеу қызметі – дене температурасының бір қалыпты деңгейде сақталуымен байланысты.
Терінің түсі неге өзгереді?
Терінің түсі сыртқы ортаның және ағзаның өзінің әсерінен де өзгеруі мүмкін. Тері түсінің өзгеруі тамақтану ережесінің бұзылуынан, витаминдердің жетіспеуінен болуы мүмкін . Мысалы: А витамині жетіспесе, тері құрғайды, жарылады.
Сыртқы ортаның әсерінен тері түсінің өзгеруі бір заттың қатты тиюіне, түрлі ауруларға байланысты болуы мумкін
«Дерматолог» тобы
Байыршанов Жасұлан: «Безеу»
14-15 жаста көп оқушыда безеу пайда болады. Бұл – жыныстық жетілудің уақытша қосымша әсері. Май бездерінің шығаратын өзегі бітеледі де, оған ауру тудыратын микробтар түсіп, қабынады. Айналасындағы тері тығыздалып қыздырады да кішкентай түйін пайда болады, ол жиі іріңдейді. Кейде оның көлемі ұлғаяды, ал оны сығып тастаған жағдайда, орнында шешек ізіндей дақ қалады.
Безеу бетті, кеудені, арқаның жоғары бөлігін зақымдайды. Олар уақытша пайда болып, бірақ терінің көп бөлігіне жайылып ауыруы да мумкін. Безеудің алдын алу үшін теріні таза ұстап, май бездерінің өзегі бітеліп қалмауы үшін бетті үнемі сабынмен жуу керек. Ыстық және суық сумен алма- кезек жуыну жақсы көмектеседі Өте ащы, дәмдеуіштер (бұрыш , қалампыр, т.б.) қосылған тамақты жеуден, кофе, какао, қою шай ішуден бас тартыңдар. Ең бастысы – бір қалыпты ұйықтау, серуендеу, спортпен шұғылдану, дене шынықтыру. Осылардың бәрі мүмкіндігінше асқазан жұмысын жақсартып, безеулердің алдын алады. Таңертең аш қарынға бір стақан су ішкен дұрыс. Безеуді өзіңіз шұқылап, түртіп жүрмеңіз: инфекция енгізіп алуыңыз мүмкін. Асқынған жағдайда дерматолог дәрігерге көріну қажет
Ақ безеулер
Бетте ақ безеу көбіне көз қабақтарында, самай аймағында жиі кездеседі. Бұндай безеулер арқада да болады. Ақ безеулер көбінесе түйрегіштің ұшындай, ал кейде тарының дәніндей. Олар бір-бірлеп немесе топтасып орналасуы мүмкін. Ақ безеулер көбіне майлы теріде болады. Безеулер белгілі бір уақыттан кейін жазылады, бірақ олардан қалған тыртықтар өздігінен еш уақытта кетпейді. Сондықтан безеулерді уақытында емдеткеніңіз абзал.
Құрманғалиева Анель: «Саңырауқұлақ аурулары»
Саңырауқұлақ ауруларын 4 топқа бөлуге болады.
1-тобы терінің беткі қабатын зақымдайды. Бұл кезде теріде ешқандай белгілер байқалмайды. Бұған адамның терлеуі және терідегі ақ таңдақтар жатады.
2-тобы терінің төменгі қабатын зақымдайды. Бұл қабыршақты қабатты,аяқтың,қолдың тырнақтарын толық зақымдайды. Бұған эпидермофития ауруы жатады.
3-тобқа теміреткі,парша,трихофития аурулары жатады. Бұлар шашты зақымдайды,әрі жұқпалы болады.Мұндай ауруларды ауруханада емдейді.Бүгінгі таңда тері аурулары көп кездесетін жағдай. Көп кездесетін түрі аллергиялык аурулар, теміреткі аурулары. Соның ішінде жұқпалы аурулары да бар:қотыр, саңырауқұлақ. Бүгінгі кезде саңыраукұлак аурулары көп кездеседі. Олар терінің бетін зақымдайды,тері беті зақымданғаннан кейін,ошағы көрінеді, қызарып шығады, кішкене шет жағында бөртпелер болуы мүмкін, қышуы мүмкін, уақытылы карамаса үнемі ұлғайып, қасығаннан кейін терінің ашық жерлеріне,шашқа шашырап түсуі мүмкін. Көбіне саңырауқұлак терінің ашық жерлеріне шығады. Балалардың арасында жиі кездеседі. Олар өздерінің жеке гигиенасын сақтамағаннан, үй-жануарларынан, көбінесе мысықтардан, иттерден жұғады. Қазіргі кезде каңғыбас ит-мысықтар көбейіп кетті. Оларды балалар қолдарына алып,ойнатады, одан кейін олар қолдарын жумайды. Жануарлардың патогендік споралары, саңырауқұлақтар ашық жерлерге түседі. Саңырауқұлақ шаш бөлігінде зақымдайды. Ол кезде не болады? Шаш дөңгеленіп түсіп қалады, қазір мына баланың шашы алынған,сонда да ошақтары көрініп тұр. Шаш түсіп,қабыршақтанады қышиды,бала қасығаннан кейін саңырауқұлақ споралары басқа ашық жерлерге шашырап түседі,сондықтан мына балада басында ошақ өте көп. Саңырауқұлақ аурулары тағы тырнақтарды зақымдайды. Тырнақ зақымданғаннан кейін түсі өзгереді, сарғаяды,үгітіледі. Сарғайып түссе қолдыда, аяқтыда зақымдайды.
4-топтағы саңырауқұлақтар тері асты жасунықтарын, булшық еттерді, сүйектерді, кейбіреулері ішкі мүшені зақымдайды.
Біз бұл ауруларға шалдықпауымыз үшін жеке бас гигиенасын сақтауымыз керек
Әбенова Раушан : «Қышыма қотыр»
Қотыр кене ұзындығы 3 мм, жылтыр болғандықтан жай көзге көрінбейді. Ол дененің жұмсақ бөліктерін, яғни саусақ аралықтарын, кеуде бөлігін, ішті оның төменгі жағын тесіп өзіне жол салады. Осы қышымамен ауырған адамның денесі қатты қышиды, әсіресе түнге қарай қышығаны қатты үдейді. Біздің иммундық жүйеміз онымен күреседі. Аналық кене арнайы фермент бөліп, сол арқылы теріні тесіп, тері астына енеді. Аналық кене тері астында тіршілік ете отырып жұмыртқасын салып, көбейіп, тіршілігін жалғастыра береді.
Сергіту сәті
Жүйке жүйесіне арналған жаттығулар
Орындықта отырып басты оңға, солға және алға, артқа бұрұ. Әр жаққа 3 реттен.
Осы қалыпта. Иекті төмен түсіріп, жарты шеңбер жасау. Әр жаққа 3 реттен.
Осы қалыпта. Басты артқа шалқайтып, жарты шеңбер жасау. Әр жаққа 3 реттен.
Бастапқы қалып – негізгі тұрыс.
1,2 – қолды желкеге ұстап, демді ішке тарту.
3,4 – демді шығару. 3-4 рет қайталау.
Әбенова Раушан : «Қышыма қотыр»
Қотыр кене ұзындығы 3 мм, жылтыр болғандықтан жай көзге көрінбейді. Ол дененің жұмсақ бөліктерін, яғни саусақ аралықтарын, кеуде бөлігін, ішті оның төменгі жағын тесіп өзіне жол салады. Осы қышымамен ауырған адамның денесі қатты қышиды, әсіресе түнге қарай қышығаны қатты үдейді. Біздің иммундық жүйеміз онымен күреседі. Аналық кене арнайы фермент бөліп, сол арқылы теріні тесіп, тері астына енеді. Аналық кене тері астында тіршілік ете отырып жұмыртқасын салып, көбейіп, тіршілігін жалғастыра береді.
Жуханов Әділет: «Күн сәулесінің теріге әсері»
Адамның терісі қорғаныссыз болса теріге А және В ультра күлгін сәулелері әсер етеді. Бұл ультра күлгін сәулелері теріге зиян келтіреді.Біздің теріміз UVB сәулелерінің жартсын ғана өткізеді, себебі біздің теріміздің жоғарғы қабатында мүйзгек қабат және эпидермис болады. Сәулелер терінің жоғарғы қабатына зақым тигізеді, күннің күйдіруіне де алып келуі мүмкін. UVA сәулелерін мүізгек қабат тоқтата алмайды, сәулелер эпидермиске дейн барады. UVA сәулелері алергетикалық реакцияларға әкелуі мүмкін жәнеде сәулелер терімізге терең сіңіп зақым келтіреді. Сәулелер қартаю процесін тездеті. UVA сәлелері теріге кіріп бос радикалдарды жібереді.Бос радикалдар терінің жасушалық ядросына кіріп кетіп оны зақымдайды. Организмнің қорғаныс қабаты оны таппай оны жоймаса онда олар тез бөлініп мелономия ауруына шалдығады. Соның барлығын болдырмас үшін Antihelios XL қолдану керек. Ол екі қабатқа да қорғаныс береді. Терінің жоғарғы қабатында MEXORYL SX және MEXORYL XL ультра күлгін сәулелерді ұстап қалады. ANTIHELIOS XL құрамында пайдалы Сенна Алата өсімдігі бар. Сенна Алата теріге терең сіңіп бос радикалдарды жояды да теріміздің жасушаларын қорғап тұрады.
Төлен Алмас: «Тері күйгенде көрсетілетін алғашқы жәрдем»
Терінің күюі өртке, кейбір химиялық заттарға, күнге де байланымты. Терінің күйген жерін суық сумен шайып, марганцовканың әлсіз ерітіндісімен сүртеді. Егер күйген теріде күлдіреген көпіршік пайда болса, оны жаруға болмайды. Көпіршік жарылғаннан кейін ғана түрлі жақпамай жағып, таңуға боады. Өте қатты күйген теріге таза таңғыш салып, емханаға жеткізу керек. Қышқылға күйген тері алдымен таза сумен, артынан екі пайыздық сода ерітіндісімен жуылады. Үсіген кезде көрсетілетін алғашқы жәрдем. Тері үсіген кезде теріде ақ дақтар пайда болады, тері еш нәрсені сезбейді. Мұрын құлақ, бет үсігенде жұмсақ матамен ептеп ысқылайды. Үсіген жерді қармен ысқылауға болмайды, өйткені қар түйіршектері үсіген теріні жарақаттап жіберуі мүмкін. Үсіген жердің сезімталдығы қалпына келмесе, тез арада дәрігерге қаралу қажет. Қолы немесе аяғы қатты үсіген адамды жылы бөлмеге жатқызып, үсіген жерді жылы затпен орап тастау керек. Үсіген жердің жайлап жылығаны пайдалы. Терісі үсіген адамга жылытатын сусындар ішкізу керек. Күн өткенде көрсетілетін алғашқы көмек. Ыстық күндері ұзақ серуенге шыққанда, ыстық орындарда ауыр қара жұмыс істегенде күн өтуі мүмкін. Күн өткенде бас айналады, ауырады, көз қарауытады, кейде есінен танып қалуы мүмкін. Күн өткен адамның беті кызарады, тынысалуы, жүректің соғуы жиіледі. Дене температурасы күрт көтеріліп, + 40°С жетуі мүмкін. Күн өткен адамды тез арада салқын жерге әкеліп, денесін қысып тұрған киімдерін шешеді. Басын жоғары жатқызып, маңдайына, жүрек тұсына салқын орамал қояды. Егер ауру адам тыныс ала алмаса, жасанды жолмен демалдыру шараларын жасау керек. Күн өтпеу үшін ыстықта бас киім киіп жүрген жөн.
Кәкімбек Бейбарыс: «Тері күтімі, гигиенасы»
Дене тазалығы дегеніміз — алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық-биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысы өте күрделі.
Жұмыс жасап, күнделікті тұрмыста шаруамен айналысқан шақта адам терісін кір шалады. Адам терлесе кір теріге жабысып қалып, терінің тыныс алуын қиындатады. Өйткені тері бездері бітеліп қалады. Осыдан барып теріде өтетін физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қызметі мүлдем бұзылады. Бітелген май бездеріне жұқпалы ауру тарататын микробтардың енуі фолликулитті туындатады. Микробтар әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы-дерматит дерті дамиды. Тәуліктік тері гигиенасы үшін неше түрлі тәсілдер қолданылады. Олардың ішінде теріні тазалықта ұстау үшін денені иісі жақсы сабынмен сабындап жуу керек. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал жиірек кір шалатын бет, қол, мойын қосымша күтім жасауды қажет етеді. Қол кірлегенде оның терісінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар кебейеді.Қолдағы барлық бактериялардың 90 % тырнақ астында жиналады және оларды тек арнаулы щеткамен ғана тазартуға болады. Қол жуатын жерде кішкентай щетка тұруы пайдалы. Бет пен мойынды таңертең және ұйықтар алдында тазартып жуып отырған жөн. Адамның терісі құрғақ немесе майлы, ылғалды болып келеді. Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жаз айларында, күнде жуып тұруды дәрігерлер ұсынады. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, саусақ арасын аптасына екі рет 5 % формалин ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Моншаға түскеннен кейін адам өте жақсы дем альш сергіп қалады, жақсы ұйықтайды. Жұмысқа деген ынта-жігері арта түседі. Монша гигиенаны жақсы өткізеді. Денені сауықтырады.
Жасанды тері әдісі туралы не білесіз?
Ғалымдардың айтуынша жасанды тері әдісі іске асырылып, оның дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкес қауіпсіздігі дәлелденгені көпшіліктің назарын аударып жүр. Жасанды теріні науқас адамдарға қазіргі уақытта пайдалануға болады. Тері трансплантациясын жасау үшін жасушалар сау адамның терісінен алынады. Тері- ең үлкен және ең тез жаңаратын ұлпа. Терінің терең қабатында фибробласттар деп аталатын жасушалар орналасқан. Олардың арқасында тері өсіп, жаңарады
«Ізбедерінің сарапшылары» (Дактилоскопия) тобы
Мұханбетжанова Ақсая- бейнефильм “Зертханалық жұмыстан көрініс”
Қыдырбай Нұрсұлтан : «Ізбедер әдісінің дамуы және шығу тарихы»
Ізбедер әдісінің негізін қалаушы-Альфонсо Бертильон-полиция картотекасынын жазушысы, ол құрметті статистик-дәрігер, Париждегі Антропологиялық ұжымының вице-президентінің ұлы. Ізбедердің шығуы неге негізделген?
Ол бір адамның дене өлшемдері екінші адам өлщемдеріне ешқашанда сәйкес келмейтің статистикалық және ғылыми тұрғыда пайдаланған.Ол қылмыскерлердің арнайы өлшемдерін алып (9 өлшем:бой,қолдың серпілуі, төстің өлшемі, бастың өлшемі, сол табаның ұзындығы, сол қолдың ортанғы саусағы, сол құлақ) өлшемдерді карточкарларға жазып және сол арқылы тіркелген адамдарды танығысы келеді. Бұл процесс өте қиын және көп еңбекті талап етеді.
1891 жылы Европада бертильонаждың басталған кезі. Одан бұрын болған ізбедер әдістері бұрыннан бері қолданылып келе жатқан суреттерің салып және сол арқылы қылмыскерді табу. Бұл үшін көптеген қылмыскерлер «шеруін» қолданып, оларды қатысқан полиция қызметкерлері жаттаған. Оларға көмек болған суреттер мен негізгі сурет түсіру әдістерің Бертильон құрастырған.
Бертильонамен қатар ізбедер(дактиласкопия) әдісі де өмірге келген:
Вильям Хершель-колониялық инспекцияның жұмыскері, Индияда адамның қолындағы ізін зерттеп, олардың өмір бойында өзгермейтінің дәлелдеді.
Френсис Гальтон-антрпометрия бойынша ең атақты ғылымдардың бірі және ізбедер әдістің бертильонаждан бірнеше есе артық екенін Лондонда ең бірінші айтқан ғалым.
Эдвард Генри-Бенгалиядағы бас инспектор ізбедердің системасына тіркелуін құрастырған,ал ол он саусақты әдісінің негізі,сол арқылы тіркеу жүргізілді,У.Гу УВД. 1901 жылы Лондон полициясының президенті болып тағайындалған соң, бертильонажды дактиласкопияға ауыстырған.
Жуан Вучемичаның еңбегін де сипаттамай кетпеуге болмайды, ол бірнеше жыл бұрын ізбедер әдісін шығарып және оны оңтүстік Американың полицейлері қолданған.
1914 жылы Бертильонның қаза тапқан жылы бертильонажды қолданудың ең соңғы жылы болып және дактиласкопияның жеңуі болды.
Ресейде 1923 жылы Гальтен Гензолдің әдісі өзгертіліп, Ресейде қолданылып , СССР-де қабылданды.
Иманалиева Индира: «Тері бетінің құрылысының бөлшектері»
Тері бетінің құрылысының негізі алақан бөлімінен және мынадай бөлімнен тұрады:
Флексор сызығы (латын тілінен – иілуі) саусақтар мен қолдың қозғалысы кезінде пайда болған терең сызықтар.
Алақан бетіндегі орта тұсында 3 (үш) негізгі сызықтары, алақан бетінде бір-бірімен көлденең және көлбеу бағытта қиылысады. Осы сызықтардың орналасуының сызықтары 6 (алты) негізгі үлгісіне бөлінеді. Алақан бетіндегі басқа да иілу сызықтарынан басқа, көптеген ұсақ сызықтар өте көп.
Саусақаралық қыртысы – саусақтардың ішкі иілу арқылы пайда болған. Қозғалыс кезінде буын тұсынан қалған қыртыс.
Әжімдер қыртысы – ұсақ және анық көрінбейтін сызықтар, тері бетінің жартылай өзінің құрамын жою кезінде пайда болады. Әжімдер қыртысы негізінен уақытша болғанымен өзінің бір уақытта жоғалып кетуі мүмкін.
Саусақ әжімдері көбіне көлденең орналасқан.
Папиляр сызығы – саусақ пен алақан беттерінде терең емес, тері беттеріндегі сызықтары саусақ пен алақан беттерінің анатомиялық құрылысы бойынша әр түрлі көлемде, айналмалы, қайталанбас өрнектермен кескінделген.
Алақан бетінің папиляр өрнегі бірнеше бөлімге бөлінеді.
Тенар – бұл үлкен саусақ тұсында орналасқан папиляр сызықтары негізінен дөңес өрнегімен барлық тері бетінде.
Кейбір кезде ілмешекті өрнегі (12%), айналмалы өрнегі (7%). 40% тенар бетінде дөңес, шығыңқы қырларымен, алақан бетінің басқа бөлшегімен ерекше көрінеді.
Ілмешекті өрнегі тенарда үлкен саусаққа бағыттала аяқ жағы басталады. Осындай алақан бетіндегі тенар бөлшегін радиаль деп атайды.
Гипотенар – бұл кішкентай саусаққа қарсы, алақанның сыртқы жиегіне дейін папиляр сызығының топтасуымен дөңес түрде орналасқан. Бұрышталып келіп ілмешекті өрнегі (21,5%), дөңес өрнегі (66%), айналмалы өрнегі (8,5%) кездеседі. Осындай алақан бетіндегі гипотенар бөлшегін ульнар деп атайды.
Саусақ асты сызығы – сызықтардың төменгі негізіндегі папиляр сызықтары дөңес өрнегі (61,0-9505%), ілмешекті (13,5-37,5%), айналмалы өрнегі (1-11%) өте сирек кездеседі.
Қолдың саусақтары негізгі, ортақты бөлшектеріндегі папиляр сызықтары түзу, дөңес, иректі түрде, көлденең немесе көлбеу бағытта бір-бірімен қиылысады.
Тері бетінің негізгі бөлшегін құрайтын папиляр сызықтарына түскен әр түрлі механикалық жарақаттар (шрам, тыртықтар, терінің кесіліп қалуы) сияқты әр түрлі кәсіби салада (тері ауыруы, сүйел т.б.) кезінде терідегі папиляр сызықтары өз қалпында өзгеріссіз келеді. Тек қана тыртықтардың терең кесілген жерінің папиляр сызықтары кесінді түрінде қалады.
Табан беті – 3 (үш) негізгі бөлшектен тұрады. Аяқ саусақтары, табан және өкшеден. Табан бетіндегі тері бетінің құрылысы, алақан бетіндегі сияқты:
Флексор сызығы:
— негізгі үлкен саусағынан.
— негізгі табаннан.
— басқа да табан бөлшегінен,
Әжімдер қыртысы – табан беттерінің барлық жерінде әртүрлі бағытта орналасқан.
Папиляр сызығы – табан бетінің күрделі бетінде әр түрлі айналымда, ілмешекті түрде, табан саусақтары тұсынан орналасқан.
Саусақ сүйектеріндегі папиляр өрнектері
Бірнеше папиляр сызықтарының топтасқан түрі, саусақ жастықшасының (саусақ басынан аяғына дейін) орналасқан.1-сурет
Папиляр сызықтары саусақ сүйектерінің сыртқы бетіне қарай аяқталады. Әрбір саусақ сызықтарының арасында, саусақ сүйектер арасындағы иілген жерлерінде әжімдер қыртысы бар.
Криминалистика саласында салыстыру барысында осы папиляр сызықтарының жалпы және сирек кездесетін белгілерімен анықталады.
Із бедерлер жүйесінде папиляр өрнектері мынадай белгілерімен:
— папиляр өрнегі үлгісімен,
— папиляр өрнегінің түрі (ерекшелігі),
— папиляр сызықтарының топтасқан айналымы мен бағыты,
— папиляр өрнегінің (бөлшектерінің) бір-бірімен орналасуы,
— папиляр сызығының папиляр өрнегіндегі жалпы саны,
— папиляр өрнегінің ішкі құрылымының негізгі бөлігі,
— папиляр өрнегінің жеке топтасқан белгісі,
— пішіні мен көлемі,
— папиляр өрнегінің нақты дәрежесі,
— папиляр сызығының ені және сызықтар аралық орналасуы,
— папиляр өрнегі арасындағы жекелей құрылымы, құрылым түрлері мен тері бездерінің ұсақ көздері.
Папиляр өрнегінің құрылысы
Папиляр өрнегінің құрылысының өрнектері папиляр сызықтарының сирек кездесетін белгілерінен құралады. Бір саусақ ізінің белгілері 50-ден 160-қа дейін санауға болады. Ал сирек кездесетін топтың белгілері мынадай:
Папиляр сызығының басталуы – әрбір папиляр сызығы топтаса басталуы, бір-бірімен қиылыспай орналасады. Із бедерлер саласында папиляр сызықтары 2 мм аспауы керек.2-сурет
Папиялр сызығының аяқталуы – папиляр сызығы топтаса келіп, бір бірімен қиылыспай, бітіп қалады.
Папиляр сызығының қосылуы – екі папиляр сызығы қатарласа келе, топтасқан сызықтар арасында бір-бірімен қосылады, әрі қарай бір сызықты болады.
Папиляр сызығының ажырауы – бір папиляр сызығы ажырап, өз алдына екі сызық болады.
Кескін (фрагмент) – бұл папиляр сызығының қысқа түрі, сызықтың ұзындығы 2 мм аспауы керек (не болмаса папиляр сызықтарының ішінде осындай ұзын сызықтарды сызықтың басталуы және аяқталуы) деп атайды.
Көзше – папиляр сызықтарының арасындағы сызықтар арасында екі сызықтың кескінді түрде домалана орналасуы немесе сопақша болады. Жалпы көзшелердің ұзындықтары 2 мм аспауы керек.
Ілмешек – папиляр сызықтар арасында қысқа сызық (ұзындығы 2 мм аспайтын) негізгі сызыққа қосылуынан пайда болады.
Папиляр нүктесі – папиляр сызықтары арасындағы өте қысқа бөлшек. Бұл бөлшектің көлеміне қарап кескін (папиляр сызығының қысқасы) деп қарауға болады.
Көпірше – папиляр сызықтардың арасында екі сызықтың ортасын көлбеу қосатын қысқа сызық.
Папиляр сызықтар арасындағы жіңішке сызық – жұқа, қысқа және папиляр сызықтары арасында орналаса, әрбір бөлшектерде кескінді түрде кездеседі.
Папиляр сызығының құрылысы
Әрбір папиляр сызықтарының өзіне тән ерекше құрылысы бойынша нақты түрде анықтауға болады.
Папиялр сызығы иіндісі – папиляр сызығы өзінің кескінін бұзбай иіледі. Сызықтың иілуі жалпы сызықтар топтасуы мен кескінін өзгертпей, өзінің көлемін қосымша сипаттайды.
Папиляр сызығының сынуы – папиляр сызығы жалпы бағытын өзгертпей бірден сынады.3-сурет
Папиляр сызығының басталуы мен кескіні – дөңес, бұрышты, түзу сызық сияқты, кескінсіз, әр түрлі (кескінді) пішінді.
Папиляр сызығының үзілуі, жуандауы мен жіңішке болуы.
Папиляр сызығының үзілісі – папиляр сызығының тұтас бөлігінің жеке құрамы.
Қолдың папиляр сызықтарындағы ерекше түрлері
Папиляр сызықтарының микроқұрылымы
— тері бездерінің ұсақ көздері (пороскопия) белгілерімен анықтауға болады.
Тері бездерінің көздері әрбір адамда, әр түрлі, кескінді, өзгермейтін түрде қалады.
(И. Княкл, 1971 ж.) тері бездерінің көздері арқылы оқиға болған жерден алынған саусақ іздерімен зерттеу жүргізген.
Тері бездерінің көздері әр түрлі, биіктігі мен шеттері бірдей емес, сызықтары түзу емес папиляр сызықтар, трапеция, үш бұрыш түрлерімен кездеседі.
Кейін кешірек Ресей криминалистерінің зерттеуі бойынша негізгі сипаттамасы мынадай:
— тері көздерінің көлемі – 0,025-0,375 мм.
— тері көздерінің көрші көздерімен ара қашықтықтары 0,037-2,0 мм.
— 1,5 мм папиляр сызығы ішіндегі тері көздері саны 2-10.
Тері көздері ішіндегі кескіндері геометриялық түрде (домалақ, сопақша, төрт бұрышты, үш бұрышты, бес бұрышты, көп қырлы, жартылай) папиляр сызықтары арасында ерекше орын алады.
Қорытынды мұғалімнің сөзі.
ІІІ.Үй тапсырмасы.
I.Мына тақырыптарға шағын жоба жазып келу.
1.Жасанды тері әдісі.
2.Тері күтіміндегі қателіктер.
Биология пәнінен оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жалпы критерийлері
  |