Торжественная линейка, посвященная Дню Независимости Республики Казахстан
Итжанова Карлыгаш Айтбековна
учитель истории и обществознания
ВКО, Семей
КГУ \»СОШ им. А. Ибраева\»
Команда военрука.
Внос знамени.
Гимн.
Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!
Ведущий:
Добрый день дорогие учителя и учащиеся школы!
Жүргізуші:
Біз қазақ елінің берісі ХV ғасырдан бері, әрісі сонау ғұндар мен сақтар дәуірінен бері жер бетінен жоғалып кетпей, жасап келе жатқан жалпақ жұрт, іргелі ел екенін терең танып, білуге мүмкіндік алған ұрпақпыз.
Бірақ «тану» бір басқа да, «таныту» бір басқа. Сондықтан да өткен 21 жылда өзімізді «танып — білуден», «танытуға» қарай жасаған сенімді қадамдар десекте болады. Біз — қазақ елінің тәуелсіз мемлекеті атанып, зерең көк туы желбіреген жұлдызды сәтін өз көзімен көру пешенесіне жазылған ұрпақпыз. Қай халықтың да ең ұлы мұраты, ең ізгі арманы — ел болу, тәуелсіздік туын көтеріп, азат ғұмыр кешу. Міне қазақ елінің ата бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған басты арманы орындалған күн біздің еліміздің тәуелсіздік алған күні 16 желтоқсан. Баршаңызды осы қасиетті тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Отанымызға тыныштық, береке-бірлік тілейміз! (Слайд карта РК)
Ведущий: Сегодня мы собрались в этом зале, чтобы чествовать День независимости Казахстана. Независимость — это свобода. Путь страны к свободе был долгим и тернистым. Конечной точкой стал декабрь 1986 года. (Слайд Д.А.Кунаев и Г.В.Колбин)
События 16-18 декабря 1986 года в городе Алматы создали прецедент регионального недовольства и неподчинения политическому центру в Москве. (Слайд )
Выступление казахской молодежи имело объективные причины, вызревавшие в недрах тоталитарного режима. Прошли годы, распался Советский Союз, а день 16 декабря вошел в историю республики и с 1991 года стал отмечаться как День рождения независимого Казахстана. (Слайд )
Видео событий. Слайды героев Казахстана.
Жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсан күні 18 сағат 14 минутта біздің еліміздің тәуелсіздігі жарияланды. Біз жаңа өмірдің есігін аштық. Бұл – қазақ халқы үшін, Қазақстанды Отаным, жұртым деп білетін әрбір қазақстандық үшін үлкен оқиға, зор қуаныш. Ендігі жерде біздің бір ғана отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан.
Литмонтаж (стихи). Слайды про Казахстан.
Даяна — Әлі де бостандық деп атар таңдар,
Ұшқыннан бар әлемге апарғандар.
Қайрат, Ләззат, Ербол, мен Сәбиралар.
Осылар – Желтоқсанда Қаһармандар
Халықтың қабырғасы сөгілмесін,
Аналар ұлын жоқтап егілмесін.
Алладан ақ ниетпен тілейік біз,
Жазықсыз жанның қаны төгілмесін.
Саша — Ты выстрадал, мой Казахстан, немало,
Но стал свободным, и сейчас
Здесь равноправны все народы.
Народ — единственная власть!
Айбек — Тігілген соң Ақ Орда-шаңырағың,
Тұғырыңа қонуда сан қыраның.
Отан деген оранып от құшаққа,
Кәусарыңа шөліңді қандырамын.
Сенен ғана өрбиді күш, жыр-әнім!
Қазақстан, о, менің құт тұрағым
Жер шарына қазақтың халық атын.
Тәуелсіздік туымен ұқтырамын!
Адлет — Гордость, честь – в крови с рождения!
Дышит доблестью наш лик!
Сквозь страдания и лишения
На пути к свободе шли.
Взлети ввысь орел свободы,
К единению зови!
Символ гордости народа,
Мощь великую яви!
Жайна — Жалғанның жартысындай қазақ елі,
Алғандай көздің жауын сұлу жері.
Ақ пейіл дархан көңіл халқымыз бар,
Болғандай бірі батыр, бірі сері.
Әз бабам азаттықты аңсап өткен,
Ел үшін талай саңлақ шаһид шеккен.
Солардың құдіретті ой-арманы,
Таңы боп тәуелсіздік бізге жеткен.
Сания — Мой край родной,
Республика свободных
Великих наций, разных языков,
И ценят здесь обычаи народов,
Советы мудрых стариков.
Айжан — Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!
Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр Қазақтың жүрегі деп соғып тұр!
Уа, айбынды тұғырлы елім, қазағым!
Толғандырды мені бүгін ғажап үн,
Ол бостандық тұлпарының дүбірі
Бұзып шыққан бодандықтың азабын!
Толен — Мой Казахстан любимый,
Где я родился, где я учусь.
Ты – небо! Ты – земля! Ты – солнце!
Ты – звезда! Ты Родина – мать моя!
Твоя природа – это горы, реки,
Степи, леса и моря.
Мой Казахстан – люблю тебя!
Шынгыс — Мен қазақтың ұлымын,
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген.
Болашаққа алға бастап жетелер,
Қиындығын қазағымның әрқашан.
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар.
Қазағымның жерін, елін қорғайтын
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.
Настя Свободен, величав и первоздан,
Звезде подобный средь земель и стран,
Кюй счастья ты наигрываешь звонко,
Родной мой, лучезарный Казахстан!
Был длинен путь к свободе и тяжел,
Был каждый мускул в теле напряжен
— Дух перевел у жизни на просторе
И обновленным в новый день пришел
О, сколько благ земля твоя таит –
И медь, и цинк, и редкостный нефрит,
И серебро, и золото, и уголь!
С трудом людей их добрый смысл слит
Стремителен твой шаг, неуловим,
Взмывая вверх, летишь, неутомим,
Крылами раздвигая свод небесный,
Мир потрясая подвигом своим!
Жүргізуші: Әрбір тәуелсіз мемлекеттің өзіне ғана тән елдік рәміздері, нышандары болады ол дегеніміз біздің туымыз, елтаңбамыз және әнұранымыз. Осы мемлекеттің азаматы болған соң баршамыз осы елдік нышандарымызды құрмет тұтып қадірлей білуіміз керек. (Слайды символики РК)
Песня «Көк тудың желбірегені» (слайд развевающегося флага)
Ведущий: 20 лет назад — 29 сентября 1992 года — в Алматы прошел первый всемирный курултай казахов, где с программным докладом выступил Глава государства, делегаты из 33 стран мира учредили Всемирную ассоциацию казахов и единогласно избрали Н. Назарбаева председателем президиума. С тех пор проведены еще три курултая с участием Главы государства. (слайд Курултая)
Жүргізуші: — 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – теңге айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұнғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғылымдарым,
Беттеріңнен көз тартып тұрды сурет.
Тендікті айтып тұр аты «теңге» деген,
Құт-береке болшы бір елге келген,
Өз Туы, Елтаңбасы, Әнұран бар.
Айтындаршы, енді елім кімнен кем? (слайды нац. валюты РК)
Ведущий: – 30 августа 1995 года был принят Основной Закон страны –Конституция Республики Казахстан.
Закон — отец согласия, мира, дружбы.
А Конституция — его прямой гарант.
Она у Правды состоит на службе,
Как солнца луч и милосердья квант. (слайд Конституции РК)
Жүргізуші: – 1997 жылы 20 қазанда Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып бекітілді.
Ақордам менің – астанам,
Еңсесі биік басқадан,
Көркейеді күн санап,
Арқа төсі жас қалам. (слайды Астаны)
Ведущий: – 10 октября 1997 года вышло послание Президента народу Казахстана «Казахстан – 2030». (слайд стратегии)
Жүргізуші: – 1999 жылы Республиканың рухани өмірің байытқан айтулы оқиға Ғылым академиясының тұңғыш Президенті әлемдік денгейдегі ғалым – Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың 100 жылдық мерей тойы аталып өтті. 1999 жылы 13-23 сәуірде Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде К.И.Сәтпаевқа арналған «Қазақстан ғылымы – кеше, бүгін» атты көрме өткізілді. (слайды Сатпаева)
Ведущий: – Обретение нашим отечеством независимости создало благотворную возможность для творчества писателей, художников, скульпторов, музыкантов. Новый импульс и свободу для творчества получили театры и традиционное искусство казахов. 2000 год был провозглашен годом Культуры. В 2003-2005 годах казахско-американскими кинематографистами был создан фильм «Кочевники», создание подобного фильма стало первым серьезным международным проектом, где были апробированы новые подходы. (слайды кадров фильма)
Жүргізуші: – Мемлекет қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту ушін барлық жағдайды қарастырды. 2002 жыл Денсаулық жылы деп жарияланды. (слайды медицины)
Ведущий: – 20 июня 2005 года знаменитому космодрому Байконур исполнилось 50 лет. (слайды космодрома и космонавтов)
Жүргізуші: – 2008 жылдың 13 қазанда «Самұрұқ – қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры құрылды. (слайды Самрук-казына)
Ведущий: – 28 июня 2010 года Глава государства открыл первый в Казахстане университет международного уровня \»Назарбаев Университет\». (слайды Университета)
Жүргізуші: – VII Қысқы Азия Ойындар немесе Азиада 2011 жылы 30 қаңтар мен 7 ақпан арасында Қазақстанның екі қалаларында (Алматы мен Астана) өтті. Жалпы алғанда, 7-қысқы Азия ойындарына Қазақстанда 17-ден астам ел қатысты, жарыстар спорттың 11-түрінен өткізілді және 59-дан астам медаль жиынтығы ойнатылды. (слайды Азиады)
Ведущий: – 22 ноября 2012 года Казахстан победил в борьбе за право провести EXPO-2017. Тема, с которой вышел Казахстан, — \»Энергия будущего\». Тайное голосование стран-членов Международного бюро выставок (МБВ) прошло в Париже. На проведение EXPO-2017 также претендовал бельгийский Льеж. (слайды Експо)
Жүргізуші: – «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан», деп Елбасымыз айтқандай, кең байтақ Қазақстан – тұған өлкеміз, оны сүйіп, құрметтеу – барлығымыздың парызымыз.
Ведущий: — Я руку приложу свою на сердце…
И прозвучат от всей души слова…
Расти мой Казахстан! Не стой на месте!
Любите Родину! Она у нас одна!
Жүргізуші: – Біз – қазақпыз!
Есігі – ашық, төрі – кең,
Жылап өттік жылдар өмір өрінен
Жетер енді, желпінейік, қарайық,
Мына өмірде иегердің көзімен.
Ведущий: – На этом наше торжественное мероприятие посвященное Дню Независимости считать закрытым.