Тақырып: Жалпақ жазықтықты белгілеу
Сабақтың өту мақсаты: Студенттерге жалпақты жазықтықты белгілеу және жөндеу жұмыстары кезіндегі техника қауіпсіздік ережелерін түсіндіру
Білімділік: Студенттерге слесарлық жұмыстарды және жөндеу жұмыстары кезіндегі техника қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Тәрбиелік: Студентті дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, оқушының ұжыммен, топпен жұмыс жасауға, өз тобының білім мен жауапкершілігін күшейтуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Студенттердің жеке тұлғасын, қабілеті мен ынтасын, шығармашылықтарын дамыту, өзіне деген сенімін арттыру
Сабақ өткізудің әдісі: аралас сабақ
Жұмыс орны: жөндеуші цехы
Пәнаралық және ішкі пән аралық байланыс: материалтану, сызу
Сабаққа қажетті құрал – жабдықтар: тискі, верстак, сызғыш, шапқы, балға, заготовка пішіні (шаблон), технологиялық карта
Сабақтың өту барысы
І. Кіріспе нұсқау: (830 – 915) – 45 мин
1. Ұйымдастыру бөлімі ( 3 мин)
1.1. Студенттердің сабаққа қатысуын тексеру және сабаққа дайындалуын бақылау. (мысалы арнайы киімнің болуы т.с.с)
1.2.Сабақты өткізу тәртібі мен жүрісін түсіндіру кезеңі, кезекшілерді белгілеу (қажет болған жағдайда)
1.3 Жұмыс орыны бойынша орналастыру (қажет болған жағдайда)
2. Үй тапсырмасын сұрау: (10 минут)
1) Металды шабу түсінігі?
2) Металды шабуға қажетті құрал – жабдықтар түрлері?
3) Металды шабу кезінде қандай қауіпсіздік ережелері сақталады?
3. Жаңа сабақты түсіндіру: (25 минут)
Сабақ жоспары:
1)Металды белгілеу жұмыстары
2)Металды белгілеуге қажетті құрал-жабдықтар
3)Металды белгілеу кезіндегі техника қауіпсіздігі
4. Жаңа сабақты пысықтау сұрақтары: (5 минут)
1) Белгілеу дегеніміз не?
2) Белгілеуге қажетті құрал – жабдықтар атап беру?
3) Белгілеу кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері?
5. Бағалау: (2 минут)
ІІ. Ағымдағы нұсқау: 180 минут
2 – ші сабақ (920 – 1005)
Оқушылар метал беттіне белгі салу түсінігін береді. Белгі салу кезінде орындалатын жұмыстар, қолданылатын құралдар тізбегімен танысады.
3 – ші сабақ: (1010 – 1055)
Студенттер метал бетіне белгі салу жолын жеңілдету үшін тез кебетін бояу жағады
Студенттер берілген тапсырманы орындаған кезде жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуы; құрал-саймандарды дұрыс қолдануы; жұмыс технологиясының ретімен орындалуы; еңбек қауіпсіздігінің сақталуы; әрбір студенттің жіберген қателіктерін көрсетіп, қатені жою жолдарын көресете отырып үйрету.
Бақылау:
а) жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуы;
б) құрал-саймандарды дұрыс қолдануы;
в) жұмыс технологиясының ретімен орындалуы;
г) еңбек қауіпсіздігінің сақталуы;
д) әрбір студенттің жіберген қателіктерін көрсетіп, қатені жою жолдарын үйрету.
4 – ші сабақ: (1100 – 1145)
Студенттер бұрыштама сызбасын сызғыш, өлшегіш құралдары көмегімен сызып жаттығады
5 – ші сабақ: (1150 – 1235)
Студенттер құрылысшы қалағының басын қалың қаңылтырдан жасау үшін сызғыш, өлшегіш, керно, балға көмегімен қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып орындайды
6 – ші сабақ: (1240 – 1325)
Студенттердің жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендігін аңықтау мақсатында бекіту сұрақтары қойылады.
ІІІ. Қорытынды нұсқау:
1. Бағалау (ағымдағы нұсқауға қорытындысы бойынша)
2. Үйге тапсырма (оқулық аты, авторы, беті):
Н. И. Макиенко, «Слесарное дело с основами материаловедения» Москва, «Высшая школа» 1976 год, стр 155, §53
Жұмыс орынын жинау
Өндірістік оқыту шебері: Журалиева Г.Е
Жалпақ жазықтықты белгілеу.
Белгілеу дегеніміз – сызбада берілген мүсіннің өлшемдерімен формасын, дайындайтын жазықтықтың бетіне түсіру.
Белгілеу екі түрге бөлінеді: жалпақ жазықтықта және көлемді. Жалпақ жазықтықты белгілеу негізінде бетшелі метал (қаңылтыр) қолданылған кезде орындалады. Бұл белгілеу түрін цилиндр қабырғасын белгілеген кезде қолдануға болмайды, себебі үлкен қиыншылықтар туындайды.
Көлемдік белгілеу машина құрылысында кең тараған.
Белгі салған кезде алдымен белгілеу плитасы керек. Плитаны таңдаған кезде жасалатын бұйымның көлемінен 500 мм – ге асып тұруы шартты. Үлкен плиталар көлемі: 1500х3000; 3000х5000; 4000х6000 және 6000х10000 мм; орташалары: 500х800; 750х1000 және 1000х1500; кіші көлемді: 100х200; 200х200; 200х300; 300х300; 300х400; 400х400; 450х600.
Белгі салуға қажетті плиталар түрлері:
Тумбада орнатылған Фундаментте орнатылған
Плита беттері үнемі таза және құрғақ болуы тиіс. Жұмыс аяқталған сон плита бетін щеткамен сыпырып, шүберекпен мұқият тазалап, даттанудан қорғау мақсатынщда май жағады. Аптасына бір рет плита бетін скипидар немесе керисонмен сүрту керек.
Сызғыштар белгі салынатын жазықтыққа өлшегіш, бұрыштама немесе шаблон көмегімен сызықшаларды немесе рискаларды салу үшін керек. Сызғыштарды У10 немесе У12 инструменталды болатынан жасайды. Сызғыштардың көбінесе үш түрін қолданады: домалақ, майыстырылған шетті және ауыстырылатын инесі бар.
Сызғыш түрлері
а – домалақ, б – майыстырылған шетті, майыстырылған шетті сызғышты қолданылуы, г – ауыстырмалы инелі; 1 – ине, 2 – корпус, 3 – қосалқы инелер, 4 – тығын
Домалақ пішінді сызғыш (а) бір шеті 20 – 30 мм – ге қыздырылып қатайтылған және 15º, ал екіншісі диаметрі 25 – 30 мм – лік сақинаға айналдырылған ұзындығы 150 – 200 мм – лік және жалпақтығы 4 – 5 мм – лік болаттан жасалған стержен.
Майыстырылған шетті сызғышының екі шетіде үшкірленген, бір жағы 90º бұрышқа майыстырылған.сызғыштын ортаңғы бөлігі қолға ұстауға ыңғайлы болып тығыздатылған. Майыстырылған шеті жетуге қиын жерлерде қолданылады.
Сызғыштар үнемі дұрыс үшкірленген болуы тиіс.
Кернер сызылған сызықшаларға ойықтар салу үшін керек. Ойықтар сызылған сызықшалар өндеу кезінде кетіп қалмас үшін қажет. Кернерлер У7, У8, 7ХФ, 8ХФ инструменталды көміртектілі болаттан жасалады. Кернерлердің жұмысшы бөлігі (ұшы) ұзындығы 15-30 мм – ге дейін беріктігі HRC 55 – 59 жеткенше, соққыланатын бөлігі 15 – 25 мм – лік ұзындықта HRC 40 – 45 жеткенше т ермиялық тәсілмен қыздырылады.
Кернер және оны үшкірлеу тәсілі
Домалақ, доға тәрізді пішіндерді келтіру үшін, сызықшаларды тең бөлу үшін циркулдер қажет. Цркулдер сонымен қоса өлшегіштердегі өлшемдерді бұйымға түсіру үшін қажет.
Циркуль түрлері
А – нақты өлшемді циркуль, 1, 2 – микрометрлі винттер, 3 – орнықтыру құрылғысы,
4 – ауыстырмалы инелер, 5 – гайкалар
Б – пружиналы;
В – ауыстырмалы инелі;
Г – линзалы; 1 – аяқшалары, 2 – винт, 3 – инелер, 4 – линзалар, 5 – микровинт
Штангенциркуль
А – құрылысы, б – түзу сызықтарды белгілеу, в – ортаңғы бөліктерді белгілеу
Жазықтықты бояу
Жазықтықты белгілемес бұрын келесі жұмыстарды орындау керек:
бұйымды шаң – тозанңан тазалау керек;
жасалатын бұйымның сызбасын мұқият оқып, ерекшеліктерін, анықтау керек; металдын плита бетінде орналасуын оймен жоспарлау керек;
бетшені бояуға дайындау.
Жазықтықты бояу үшін әртүрлі қоспаларды қолданады.
Суға езңлген бор: 8 литр суға 1 кг бор салып, қайнатады. Тез сүртілуден қорғау үшін 1 кг борға 50 гр сұйық столярлы кілегейін араластырады. Кілегей қосылған сон қоспаны тағы қайнатады. Бұл қоспаны өнделмеген қара түсті металға жағады. Қоспаны малярлы кистілер көмегімен орындайды, жұмыстын тез жүруін және тегіс боялғандығын қамтамасыз ету үшін пульверизаторларды қолданған жөн.
Кәдімгі құрғақ бормен белгіленетін беттерді бояйды. Бояу тез сүртіліп қалатындықтан уақ бетшелерге жағылады.
Мыс купорос қоспасы бір стақан суға үш шәй қасық купоросы араластыру нәтіжесінде пайда болады. Шаң – тозанңан тазаланған металға кисті көмегімен болаттан және шойыннан жасалатын жазықтыққа жағылады.
Жазықтық бетіне бояу жаққан кезде бұйымды сол қолға сәл еңкейтілген күйде ұстап тұрады. Бояу жұқа және тегіс болып кистіні тігінен және көлденен бағытта жылжытып түсіреді.
Жазықтықты белгілеу тәсілдері
Түзу сызықтарды өлшегішке қарсы бағытта және сызғыш бағытымен қисайтылған сызғыш көмегімен атқарылады. Сызықты бір рет салу керек, себебі келесіде осы сызыққа түсу мүмкін емес, берніші сызықшалар түсіп кетеді. Бұндай қателік болған жағдайда жазықтықты қайта бояу керек.
Сызықтарды салу
а – сызғышты өлшегішке қарсы бағытта еңкейту; б – сызғыштын бағытымен еңкейту
Сызықтарды салу тәсілдері
а – перпендекулярлы, б – параллелды
Сызылған сызықшаларды кернерлеу
Жұмыс жасау кезінде кернер сол қолдын үш саусағымен ұстап, ұшын сызылған рисканың нақты ортасына орнатады (а). Кернерді алдымен белгіленген нүктеге қойып салмағы 100 – 200 гр балғасымен жәймен бір соғу керек (б).
Сызылған сызықшаларды кернерлеу
А – кернерді орнату, б – кернерлеу
Кернер центры сызылған сызықтың нақты үстінде болуы керек.ұзын арақашықтарда керндерді 20 дан 100 мм – ге дейінгі арақашықтыққа, қысқа жерлерде, бұрыштарда 5 тен 10 мм – ге дейін арақашықтыққа салады.
Белгі салу балғалары
а – В. М. Гавриловтікі, б – Дубровиндікі
(а) суретінде келтірілген В. М. Гаврилов тын балғасының ерекшелігі балғаның жалпақталған басында (1) домалақ өткел тесігі бар, оның ішіне резиналы амортизациялы сақиналарында (6) төрт еселі линза (5) салынған. Түсіп қалудан линза болат сымынан жасалған пружиналы сақиналарымен (2) ұстатылған. Ағаш ұстатқышы (3) қуысты, оның ішіне кернерлерді, сызғыштарды салып қақпағымен (4) жауып қоюға болады. (б) суретіндегі балға лупа, өлшегіш, кернерге, сызғышқа арналған пенал ретінде де қолдануға болады.
Қауіпсіздік ережелері.
Белгі салу кезінде келесі қауіпсіздік ережелерін сақтау керек:
жұмысты бастамас бұрын плитаның бетін тексеріп шығу керек;
бұйымдарды плитаға орнатқан кезде және оның үстінен түсірген кезде тек қолғаппен жұмыс жасау керек;
бұйымдарды плитаның ораңғы бөлігіне орнату керек;
жұмыс кезінде пайдаланылмайтын сызғыштардың ұшына сақтандыру пробкаларын немесе арнайы колпачоктер кигізу керек.
Материалдарды көшіріп алу[attachment=220]