Нұралиев Асылбек Мәлікұлы
А.Құсайынов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән Қазақ әдебиеті
Сынып 6 Уақыты … желтоқсан, 2016 ж.
Тақырыбы І.Жансүгіров. «Анам тілі», «Домбыра»
Мақсаты
Жазушының өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәлімет беру;
Өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын түсіндіру;
Ақын тілінің көркемдік ерекшелігін таныту.
Міндеттері оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыру, ой қорыту, пікір айту дағдыларын жетілдіру;
шығармашылығындағы ұлттық құндылықтар тағылымын таныту арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу, туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
Күтілетін нәтиже топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағытталады, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады;
талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізе, дәлелдей білу, өзгені тыңдай, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;
әр оқушы берілген тапсырмалар бойынша өзіндік пайымын жасайды, тәрбиелік, тағылымдық мәнін ұғынады.
Түйінді түсініктер
«Домбыра – қасиетті аспап»
«Ана тілі – асыл қазынам»
«Күй – құдіретті өнер»
САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ
Сабақ кезеңдері, модуль Мұғалімнің әрекеті Тапсырма мазмұны Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
І Кіріспе
(оқу бағдарламасын анықтау: балалар нені оқып-үйренеді және сабақта жоспарланған жұмыс формаларының нәтижесінде қандай әрекеттерді игереді)
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Модуль: Сыни тұрғыдан ойлау, диалогтық оқыту
Әдісі: сұхбаттасу
Модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер
Әдісі: топқа бөлу тренингі
Модуль: Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Әдісі: өзара бағалау
Тұсаукесер (оқушылар нені білетіндігін анықтау) Модуль: диалогтық оқыту. Әдісі: сұхбаттасу, зерттеушілік әңгіме.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа қатысын қадағалау.
Бүгінгі сабақтың мақсат, міндеттерін қою.
Пысықтау сұрақтарын қою. «Білу»
Оқушыларды топқа бөлу.
«Білу»
Әр топқа бағалау парағын тарату.
Ән және күйден үзінді тыңдату.
Еске түсіру сұрақтарын қою. «Білу»
Б, Е, Й, І, М, Б, Е, Т, М, А, Й, Л, И, Н әріптері жеке-жеке жазылған парақшаларды суырады. «Бейімбет Майлин» сөзін құрастыру мақсатында үй тапсырмасын тексеру сұрақтарына Б әрпі түскен оқушыдан бастап жауап береді. Б – Б.Майлиннің өмір сүрген жылдары?
Е – Туған жері
Й – Қайда оқыған?
І – Алғашқы өлеңдері қайда басылған?
М- «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесіндегі кейіпкерлерді ата
Б – Әңгіменің тақырыбы не?
Е – Әңгіме қалай басталады?
Т – Сәдуақас қандай адам?
М- Дайрабай қандай адам?
А- Көк сиырдың дауы неден шықты?
Й- Әңгіме қалай аяқталды?
Л- Саған әңгіменің қай жері ұнады?
И- Әңгіменің идеясы не?
Н- Қандай ойтүйін жасаймыз?
Парақшалардың артында «Поэзия», «Проза», «Драма» сөздері жазылған. Осы сөздер бойынша 3 топқа бөлінеді.
— Бұл сөздер нені білдіреді?
Әр топтан өз атауларының анықтамасын сұрау.
Алдын-ала бағалау парақтары ұсынылады.
Оқушылар өзара бағалау әдісімен жұмыстанады.
Домбыраның сүйемелдеуімен орындалатын ән және күйден үзінді тыңдайды.
— Не тыңдадық?(Ән,күй)
— Бұл қандай аспап?(Домбыра)
— Ән қай тілде орындалды?(Қазақ тілі, ана тілі) Домбыра, күй, ана тілі сөздері тақтаға жазылады. Сабаққа даярланады, жинақталады, жаңа сабаққа ден қояды.
Топқа бөлінеді
Өзара критериалды бағалау өлшемдерімен танысады.
Сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа тақырыпқа қатысты ой жинақтайды.
Оқушылар өзара бірін-бірі бағалап отырады.
Оқу құралдары,
Бағалау парағы
Домбыра, ән, күй немесе аудиожазбалар
ІІІ Негізгі сабақ
(оқушылардың жаңа тақырыпты оқып-үйренуіне көмек көрсету)
Модуль: Сыни тұрғыдан ойлау, диалогтық оқыту
Әдісі: топтық жұмыс, сұхбаттасу
Модуль:
Сыни тұрғыдан ойлау, диалогтық оқыту
Әдісі: топтық жұмыс, сұхбаттасу
Модуль: диалогтық оқыту
Әдісі: сұхбаттасу
Модуль:
Сыни тұрғыдан ойлау, диалогтық оқыту
Әдісі: топтық жұмыс, сұхбаттасу
Модуль:
Сыни тұрғыдан ойлау, Әдісі: жеке жұмыс Дәптерлеріне жаңа тақырыпты жазғызу
Автордың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметті оқып шығуды ұсынып, 3 топқа тапсырма беру.
«Түсіну»
Оқушылардың жұмыстарын қадағалау, жетекшілік жасау.
«Домбыра», «Күй», «Анам тілі» өлеңдерін 3 топқа мәнерлеп оқуға беру. «Қолдану»
Әдебиет теориясынан түсінік беру
Өткен ұғымдарды қайталау
«Білу»
3 топқа да өлең талдау тапсырмасын беру. «Жинақтау»
Әр оқушыға жеке тапсырма беру
(«Бағалау») І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы
«Поэзия» тобына: Туған жылы мен туған жері, поэзиялық шығармалары туралы тірек-сызба дайындау (екі параққа);
«Проза» тобына: Білім алу жолдары мен прозалық шығармалары туралы тірек-сызба дайындау (екі параққа);
«Драма» тобына: Қызметі мен аудармалары туралы тірек-сызба дайындау (екі параққа).
«Поэзия» тобына: «Домбыра» (мәнерлеп оқу)
«Проза» тобына: «Күй» (мәнерлеп оқу)
«Драма» тобына: «Анам тілі» (мәнерлеп оқу)
Сөздік жұмысы: Апкәусар – суы сүттен ақ, қардан таза, қантты тәтті, иабаны толған інжу, мыс деп саналатын аңыздағы жұмақ суының аты.
Градация (дамыту) – алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу.
— Эпитет дегеніміз не?
— Теңеу? — Кейіптеу?
— Аллегория? — Гипербола?
— Риторикалық сұраулы сөйлем?
— Портрет? — Пейзаж?
Әр топ өздеріне берілген өлеңді тақырыбы мен идеясына, құрылысына, көркемдік ерекшелігіне қарай талдайды.
Топтағы әр оқушыға «Домбыра», «Күй» және «Ана тілі» сөздеріне «Бес жолды өлең» құрастыру тапсырмасы беріледі. Жаңа тақырыпты жазады.
Тапсырма бойын-ша жұмыстанады.
Әр топ өз тірек-сызбаларын сәйкесінше тақтадағы Домбыра, күй, ана тілі сөздерінің астына іліп, жоба қорғайды.
Оқулықпен жұмыстанады,
Дәптермен жұмыс істейді
Тыңдайды, түсінеді, еске түсіреді.
Түсінеді, еске түсіреді, қолданады, талдайды.
Әр оқушы жеке жұмыстанады.
Әр топ мүшелері біріге отырып өзге топты бағалайды.
Әр топ мүшелері біріге отырып өзге топты бағалайды.
Оқушылар өзара бірін-бірі бағалап отырады.
Флипчарттар, маркерлер,
түрлі-түсті қағаздар, желім, т.б.
Флипчарттар, маркерлер,
түрлі-түсті қағаздар, желім, т.б.
ІҮ Сабақты қорытындылау
(оқушылардың оқып-үйренгендерінің нәтижесін бағалау) Бүгінгі сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беріледі.
Әр топ оқушыларын өзара бағалау парағы арқылы бағалату. Бағалау қорытындыларын шығарады Үйге тапсырма: «Домбыра – қасиетті аспап»
«Ана тілі – асыл қазынам»
«Күй – құдіретті өнер» тақырыптарының біріне эссе жазу. Оқулық, ғаламтор, баспасөз материалдары
Кері байланыс
(оқушылар рефлексиясы) Бүгін мен не үйрендім?
Маған не ұнады/ұнамады?
Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің…
Оқушы жұмысын өзара бағалау парағы
р/с Аты-жөні Сабақ кезеңі Дискриптор және балы. Жоғары балл – Сабақ кезеңі Дискриптор және балы. Жоғары балл – Сабақ кезеңі Дискриптор және балы. Жоғары балл – Сабақтағы белсенділігі. Жоғары балл – 5 Қорытынды
Үй тапсырмасы. Сұраққа жауап беруі Толық — 1 Жартылай – 0,5 Жауап жоқ – 0 Жаңа сабақ Постер жасауға қатысты – 1 Қорғауға қатысты – 1 Қосымша сұрақтарға жауап берді – 1 (мәнерлеп оқу) Бекіту («Бес жолды өлең») Толық орындады – 1
Жартылай орындады 0,5
Орындамады – 0 Мүлдем қатыспады – 0 Сирек жауап беріп отырды – 3 Жиі жауап беріп отырды — 5 Барлық балы Бағасы
Бағалау өлшемдері:
8 – 10 – «5»
5 – 7 – «4»
2 – 4 – «3»
Топ жұмысын бағалау парағы
Сабақ кезеңдері Дискриптор Балы Бағалау
Тірек-сызба дайындау Мазмұндылығы
Безендірілуі
Түсіндіріп, жеткізе білуі; 2/1
2/1
2/1
Өлең талдау Мазмұндылығы
Безендірілуі
Түсіндіріп, жеткізе білуі; 2/1
2/1
2/1
Мәнерлеп оқу Қате жібермеуі
Интонациясы 2/1
2/1
Қорытынды Жалпы ұпай саны —