Гульсезим Елубаева
Класс: 6Б
Тақырыбы: Желбіре -жеңіс туым!
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу және ардагерлеріміздің майданда және тылда көрсеткен ерен еңбегін түсіндіре отыра, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа, жаупкершілкке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, портреттер, кітаптар.
Ән: Бабалар жыры (Қуанышова Балнұр )Мұғалім: Армысыздар, ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Бүгінгі іс — шара соғыс ардагерлеріне, өздерінің тылдағы қажырлы еңбектерімен жеңісті шыңдағандарға, қан майданда әкелері мен ұлдарынан, бауырларынан айырылған әрбір жанұяға, қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға, Жеңістің 69 жылдық тойына арналады.
Екпінін жаудың басуға
Үлесімді қосамын.
Тұсау болып асуға
Жайдың алдын тосамын.
Қыз демеңдер, ағалар,
Қайратымды сынайын.
Ерлермен тұрып пара — пар
Қиындыққа шыдайын.
Монтаж (Видеоролик)
Ақниет:Сұм соғыстан аман сау қалған ерлер,
Отан үшін отқа да жанған ерлер,
Бәріңіз де біздерге қымбатсыздар,
Құрметті де қадірлі ардагерлер!!!
Шерхан: Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болсадағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут
Есіме алам сол бір апат қайғыны.
Айгерім: Алпыс тоғыз жыл бейбіт көктем таң атқалы,
Алпыс тоғыз жыл шуақты күн таратты әнін
Есімде содан бері алпыс тоғыз рет
Ашылды жеңіс күннің парақтары.
Дана: Талай құс содан бері қайта оралды.
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
Ақмырза: Мезгілсіз өлген ардагер ұлдар айбыны
Желбіре тулар толықсып тұрса май гүлі,
Қуану керек, қуану керек десек те
Ұмыту қиын, ұмыту қиын қайғыны
Ақмерей: Қамықпаған қиындықтың үрейінен
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ бақытты ұрпақ атаның
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Ислам: Күткен жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тасып,
Жауды жойып батырлар елге оралды.
Ата — анамен қауышты құшақ ашып.
Динара: Мамыр келді ағаштар бүрін жарып
бейбіт өмір оралды күні жарық
«Шүкір»- деп әжелер жүр ақжаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.
Ерзат: Аспанда күн жарқырап күліп тұрды.
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соң сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды
Жігер:
Бейбіт елге бір зұлмат басталды күн.
Сұм фашистің тарихтан білеміз ғой,
Қырық бірде соғысты ашқандығын.
Және біздер білеміз қырық бесте
Бас сауғалап олардың қашқандығын.
Жаулап алам деп келіп,
Бабамыздың
Жеңе алмаған рухының асқарлығын.
Отан үшін от кешкен батырлардың,
Ерліктері өшпейтін дастан бүгін.
Даңқтарын олардың тілеймін мен,
Ғасырлардан ғасырға асқандығын.
Байқап тұрсаң сол жылдар келісті кім?
Қазанынан қайғының ел ішті мұң.
Жарылған бомбалардың әсерінен,
Сорпасы қайнап жатты жер үстінің.
Батыс жақтан бір қауіп төніп келді,
Тарылтам деп Кеңестің кеңістігін.
Ақырында бабалар Берлинді алып,
Біржолата құлатты неміс туын.
Есепсіз ерліктердің арқасында,
Тойлап жүрміз біз бүгін ЖЕҢІС КҮНІН!!!
Мұғалім: Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік (1 минут үнсіздік)
Ән: «Әлия» орындайтын Зарипова Назгүл, Бержанова Ақниет
2 — жүргізуші: Соғыс кезінде жақын адамынан айрылмаған жанұя жоқ шығар сірә. Алдарыңызда сол бір қаралы жылдардан көрініс
Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды! (Оқушылар соғыс жылдары туралы білетін мағлұматтарын айту.)
Көрініс: Автор: Ақмерей. Солдаттар: Абзал, Дәулет, Бексұлтан, Ақтілек. Ана: Айгерім. Жары: Балнұр.
Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар.
Кешікпей жарым келер деп,
Төрінен сайлап орынды.
Батысқа қарап елеңдеп,
Ару жүр тосып жолыңды.
Көтерді бәрін ауырдың
Азамат болып арды ақтар.
Көрдің бе жарын арудың,
Соғыстан қайтқан солдаттар.
Кетерде солдат жарының
Ішінде қалған ана жыл.
Көкемді айтпай танырмын
Деп бір сәби бала жүр.
Қайырылмай қалай кетесің
Хабарсыз қалай ол тоқтар.
Көрдің бе оның көкесін,
Соғыстан қайтқан солдаттар.
Қаралы қағаз жіберіп,
Қаншама қайғы салды оқтар.
Барады үнсіз түнеріп,
Соғыстан қайтқан солдаттар!
Хор: «Если завтра война»
Мұғалім: Соғыс өтті жалмап талай өмірді,
Қаншама қан еш жазықсыз төгілді.
Соғыс аты естілгенде құлаққа
Елестетер қара тажал өлімді.
Келді міне, күндей жайнап гүл көктем,
Самал желі, шашты тарап, бетті өпкен
Ұмытуға қақымыз жоқ оларды
Олар біздің бақыт үшін қан төккен.
Жеңіс, Жеңіс!
Елге таза ашық таң атырды
Ақ жаулықты күлімдеп ана тұрды!
Ақ боз атты балалар сүйінші сұрап,
Ақ бұлақтай аспанға шаң атылды.
Ендеше оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.
Ұлы Жеңіс ардагерлерді құттықтаумен аяқталады.