Кусайнова Раш Опиновна
Жезқазған қаласы
№5 жалпы орта білім беру
мектебі, бастауыш сынып мұғалімі
Оқымай жүрген ойын баласы оқуға кіргеннен соң ойымен
интеллектысы үлкен өзгеріске ұшырайды
Л.С.Выготский
XXI ғасырда
көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білімінің түп-тамыры
тереңде жатыр. Ол халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан,
ділінен, тағылымдық ой — толғауларынан бастау алады. «Өзін-өзі таныған, өмірдің
мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден
өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану – адамның шындықты өзінше
түсіну жағынан қарастыратын ғылым, ол өз бойындағы бірегейлікке сәйкес келетін
өзінің жеке құндылықтар жүйесін жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесімен біртұтас
қарауға негізделеді.[1]
Өзін-өзі тану пәні — философия, психология, педагогика,
әдебиет,мәдениеттану, тарих, әлеуметтану, әдеп, эстетика ғылымдары тоғысуынан
келіп қолданысқа еніп отырған тәрбиелік үлкен мән-маңызға ие
рухани-адамгершілік білім болып отыр. «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту арқылы мектептегі басқа пәндердің әлеуетін
күшейтеміз. Әрбір оқушының өзін-өзі тануы жалпы адамзаттық құндылықтарды
қалыптастыруда ықпалы зор. Бұл пәннің тағы бір ең басты ерекшелігі – адамзат
баласының ғасырлар бойы жинақтаған адами асыл қасиеттерін жас ұрпақтың бойына
сіңіру, ата салт пен ұлттық ұлы дәстүрлеріміздің жиынтық тәрбиесін тамырына
тағлым етіп дарыту. «Өзін-өзі тану» пәні жалпы ана-тілі,математика пәндері
болсын сабақтардың мақсат, міндетін ашуға, сабақта берілетін
құндылықтарды түсінуге, талдауға, ұғынуға, балалардың шығармашылық жұмыстарын
ұйымдастыруға, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, берілген тапсырманы
орындау арқылы ойлануға, өз ойын түйіндеуге, рухани адамгершілік білімді
меңгеріп, оқушының жан-жақты қалыптасуына және оқушының сабақ барысында өзіндік
құрал ретінде қолдану үшін аса қажет.[2]
Мысалы егер ана-тілі пәнін «Өзін-өзі
тану» пәнімен байланыстыратын болсақ онда бұл жерде бала
білімін бағалау олардың жалпы адамзаттық құндылықты игеру, оларды іс жүзінде
қолдана алу, шығармашылық, ізденушілік жұмыстарды орындау барысында алған
білімін тиімді пайдалану дағдылары ескеріледі. Бағалау олардың ұмтылысын,
білімге құштарлығын, рухани-адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін
тигізеді.
Шығармашылық, ізденушілік
жұмыстар, іскерлік ойын, жаттығулар кезіндегі белсенділік олардың өмірлік
позициясын нығайтады, бағалау барысында осы мүмкіндіктері ескерілуі тиіс.
бала білімін бағалау
шығармашылық адамзаттық құндылықты игеруөмірлік
позицияның нығаюы Ана тілімен байланыс
ізденушілік рухани-адамгершілік
іскерлік ойын
Бұл жерде яғни мұғалім мен
оқушы арасындағы бірлескен қарым – қатынастың маңызы ерекше. Оқушының ой – пікірі
мен бастамасы, ұсынысы мен тапсырманы орындау шеберлігі, сөйлеу мәдениеті мен
ой тұжырымы, пайымдаулары, талпыныстары мен ізденістері, қызығушылығы мен
байқампаздығы, іскерлігі мен дағдысы, іске батыл, сеніммен кірісуі жүзеге
асады, мұнда бағыт – бағдар беру, істің дұрыс – бұрыстығын анықтау педагог
тарапынан болуы шарт. Оқушының танымдық ынтасын құптау, оған сенімділік таныту
– оның мінез – құлқында тұрақтылықты, өзін — өзі бағалауды, ерік әрекетінде
батылдық пен табандылық, ұстамдылық пен сабырлылықты, өзіне — өзі талап қоя
білуді, т.б. үйретеді[8,9]
Ал ұстаз өз кезегінде
халқымыздың рухани — интеллектуалды мұраларын, мәдени құндылықтарды жаңғыртып,
тәрбиеге ұлттық сипат беруге ұмтылуы тиіс.
Нағыз ұстаз бейнесін Әбунасыр әл-Фараби сөзімен түйіндесек: «Ұстаздық
мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал болмауға да тиіс, тым
ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өз ұстазына қарсы
қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздың қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен
ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен
табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшымен тас тесетін бейнебір
су тәрізді». Рухани мұраға сүйенбеген
елдің жұлдызы жанбайды демекші, заман ағымы талап етіп отырған
ата-бабаларымыздан қалған әдеби мұраларымызды, халқымыздың өсиетін, өнегесін
дәріптеп, дәстүрін, таңғажайып тапқырлығын, олардан қалған ескірмейтін көне
сөздерді, мақалдар мен мәтелдерді бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болатындай, келер
ұрпаққа тәлім-тәрбие беретіндей ғасырлар қойнауынан сыр шерткен асыл
мұраларымызды білім беруде тиімді қолдану – «Өзін-өзі тану» пәнінің басты
міндеті болмақ. [4,7 ]
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
[/i]
1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы ,Алматы // -241б
2.Жанпейісова М.М.. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде // Алматы,2006, -4,5 бет
4. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Жолдау
5. Кәсіби даму мектебі // Алматы, Верена 2007,93-97 б.
6.Қазақстан Республикасының Білім Заңы
7.Білімдегі
жаңалықтар // 2007. №4 26-28 б.
8.Бастауыш сыныпта оқыту. Алматы,2010ж.
(барлық пәндер бойынша)
9.Бастауыш мектеп Алматы,2003№9
(function() {if (window.donotrun)return;var img = document.querySelector(‘img’);document.title = window.location.pathname.match(/([^\/]*)\/*$/)[1];var zoomX;var zoomY;function zoomIn() {document.body.className = ‘zoom’;window.scrollTo(zoomX + img.offsetLeft — window.innerWidth/2,zoomY + img.offsetTop — window.innerHeight/2);}function zoomOut() {zoomX = window.scrollX + window.innerWidth/2 — img.offsetLeft;zoomY = window.scrollY + window.innerHeight/2 — img.offsetTop;document.body.className = ‘contain’;}var interval = setInterval(function() {if (img.naturalWidth && img.naturalHeight) {clearInterval(interval);document.title += ‘ (‘+img.naturalWidth+’\u00d7’+img.naturalHeight+’)’;var padding = 2*parseInt(getComputedStyle(document.body).padding, 10);var s = document.querySelector(‘style[media]’);s.media = ‘(max-width:’ + (img.naturalWidth + padding) + ‘px),(max-height:’ + (img.naturalHeight + padding) + ‘px)’;zoomX = img.naturalWidth/2;zoomY = img.naturalHeight/2;} else if (img.error) {clearInterval(interval);}}, 100);img.onclick = function(e) {var s = getComputedStyle(img);if (s.cursor == ‘zoom-in’) {zoomX = e.offsetX;zoomY = e.offsetY;var clientAspect = img.clientWidth/img.clientHeight;var naturalAspect = img.naturalWidth/img.naturalHeight;var scale;if (naturalAspect > clientAspect) {var displayHeight = img.clientWidth/naturalAspect;zoomY -= (img.clientHeight — displayHeight)/2;scale = img.clientWidth/img.naturalWidth;} else {var displayWidth = img.clientHeight*naturalAspect;zoomX -= (img.clientWidth — displayWidth)/2;scale = img.clientHeight/img.naturalHeight;}zoomX /= scale;zoomY /= scale;zoomIn();} else if (s.cursor == ‘zoom-out’) {zoomOut();}};window.onkeypress = function(e) {if (e.keyCode == 13 && !e.ctrlKey && !e.altKey && !e.shiftKey && !e.metaKey) {var s = getComputedStyle(img);if (s.cursor == ‘zoom-in’)zoomIn();else if (s.cursor == ‘zoom-out’)zoomOut();e.preventDefault();}};var drag;window.onmousedown = function(e) {if (document.body.className == ‘zoom’)drag = {screenX: e.screenX,screenY: e.screenY,scrollX: window.scrollX,scrollY: window.scrollY};};window.onmouseup = function(e) {img.style.cursor = »;drag = undefined;};window.onmousemove = function(e) {if (!drag) return;img.style.cursor = ‘move’;window.scrollTo(drag.scrollX + drag.screenX — e.screenX,drag.scrollY + drag.screenY — e.screenY);};})();