10 санының құрамы

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

№1 Зеренді орта мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы: «10 санының құрамы.»

                                                       Өткізген:  Құлмағамбетова.М.Д

Сабақтың тақырыбы:  10 санының құрамы.

Сабақтың мақсаты:

  • 10 санын екі санның қосындысы түрінде жазу, кез келген 10-нан кем санды 10-ға дейін толықтыру,10 санының құрамын пайдаланып,мәні 10-ға тең қосынды,оған кері айырма құрастыруды қалыптастыру.
  • Оқушалардың зейінін,ақыл-ойын,шығармашылық  қабілеттерін дамыту.Танымдылыққа,ізденімпаздыққа баулу.

  • Ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге,есептеу дағдыларын күнделікті тұрмыста қолдана білуге,оқушылардың өз ойын толық,дұрыс  жеткізе білуге,тапқырлыққа,жылдамдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Ойын сабақ

Әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Карточкалар,сурет,цифрлар,таңбалар.

Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу.
  • Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын  алғызу.
  • Сабаққа назарын аудару.

Қызығушылықты ояту

Біліміңнің тұңғиығы болатұғын,

Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын. 

Ғылымдар патшасы боп дараланып,

Математика-қызықты тоймайтұғын –деп,

Математикаға осылай баға берілген

ІІ. Өткен сабақты қайталау .

  • Біз қандай санды өттік ?(10)
  • 10 дегеніміз қандай цифрлардан тұрады?
  • 10 дегеніміз 1 және 0 цифрларынан тұрады.
  • 10 саны неше таңбалы сан ?
  • 10 саны екі таңбалы сан.
  • Қандай ұзындық өлшем бірлігімен таныстық?
  • Ұзындық өлшем бірлігі- дециметр.
  • Бір  дециметр неше сантиметрге тең ?
  • Бір дециметр 10 сантиметрге  тең.

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.

  • «Жоғалған санды тап.» ойыны арқылы

оқушылардан 8және 9 сандарының құрамын сұрау.

10 санының құрамы

  • «Өлең есеп»

Тал басында күнара,                                   Тал басында тізіліп

Қонушы еді бір ара.                                      Он жапырақ тұр еді,

Бүгін тоғыз туысын,                                     Жел соқты да үзіліп

Ертіп келді бұл ара.                                      Ұшып кетті біреуі

Болды барлығы қанша ара?                      Неше жапырақ қалды?

(9+1=10)                                                         (10-1=9)

ІV. Жаңа сабаққа дайындық.

Сандар қатарымен жұмыс

1.Сандарды тура және кері санау.

012345678910                                     109876543210

2.2 санын (3,4 … 10) қалай шығарып аламыз? (1-ді қосу арқылы)

  •  10 санын қалай шығарып алмыз?               (9+1)
  • Қалай жазамыз?
  • 1 және 0 цифрлары арқылы жазамыз.

Кез келген санға 1-ді қоссақ ,келесі сан шығады.

V.Жаңа сабақ.

Оқушыларға 10 суретті карточка таратып,оларды екі бөлікке бөліп қосындысын 10-ға теңестіріп жазуға ұсындыру.Тапсырманы тез орындаған оқушы тақтағы шығып көрсетеді.

9+1=10  8+2=10  7+3=10  5+5=10  6+4=10

1. “Достар” ертегісі

Ертеде бір қонжық өмір сүріпті.Қыс мезгілі екен.Қонжыққа бір күні мысықпен қоян қонаққа келеді.Сөйтіпүшеуі дос болады.Қыс мезгілінде далада адасып қалған балапан тоңып,қоңжықтың үйіне келеді.Қоңжық аязда тоңып қалған балапанды тамақтандырып,күтеді.Сөйтіп қоңжық,мысық,қоян және балапан төртеуі сол кезден бастап айрылмастай дос болыпты.

—  Ертегі сендерге ұнадыма?

—   Ертегі кейіпкерлерін атаңдар?

—   Ертегі кейіпкерлерін геометриалық  пішіндерден құрастырып,қандай пішіннен құрастырылып тұрғанын атау?

2.Есептер шығару:

Жараста бес алма болды.Айгүл 

Оған тағы бес алма берді.Жараста

Барлығы неше алма?

Айдоста он қарандаш болды,үшеуін Маратқа сыйлайды.Айдоста неше қарындаш қалды?

3.Оқулықпен жұмыс.

№1 тапсырма бойынша.

—  Балалар,оқулықтан ненің суретін көріп отырсыздар?

—  Шыршаның ойыншықтарын.

—  Алдымызда қандай мереке келе жатыр?

—  Жаңа жыл мерекесі.

—  Ендеше  шырша ойыншықтарын қораптарға бөліп салайық.

10=9+,,,,          10=,,,,+8         10=3+,,,,       10=6+,,,,,

2 тапсырма. Келесі санды тап”  ойыны

10  8  6               9  6  3           

0  3   6               0  5   10

3.Өзіндік жұмыс. 3 тапсырма.

Кесіндіні салыстыру.

10см.  >  9  см.

9см.     <  10 см.

4.тапсырма.Сандарды салыстыру.

“Кім жылдам?” ойыны

Жұлдыздардың орнына  теңдік,теңсіздіктерді жылдам ойланып дұрыс қою.

10   *10       10см   *  8см          7  *  10

8  *  10          1дм   *  10см        5  *  10

5 тапсырма.

Сандар қатарын кері құрастырып, бос әйнешелерге қажет сандарды тауып қою.

4.Сергіту сәті.

Оң қолымда 5 саусақ,

Сол қолымда 5 саусақ,

Алақанды ашамыз,бесті беске қосамыз.

Кел санайық ал мұны,

Нешеу болады барлығы?

Оң қолымда бес саусақ,

Жасырып ем бесеуін,

Қалды сонда нешеуі?

5.Дәптермен жұмыс.

10 санының құрамын жазу.

6. Шығармашылық жұмыс.

“Ойлан тап” 8 —  <4;8>10 —    :10-5<9-  .

6. Қорытындылау. Сұрақ – жауап әдісі арқылы:

—   Бүгін қандай санмен таныстық?

—   Он санының  құрамын атаңдар.

—   Он саны неше таңбалы сан?

Добавить комментарий