Абылай хандығы

Абитова  А.З.

Қандығаш қалалық  №3мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі                                                            

Сабақтың тақырыбы:      Абылай хандығы

                                            «Ата – бабаларымыз осынау ұлан- байтақ жерді   

аттың жалында, түйенің қомында, найзаның

ұшында, қылыштың жүзінде жүріп қорғаған »                                                                                                                           Н.А.Назарбаев  

Сабақтың  мақсаты: 

Білімділігі:  қазақ халқының көрнекті саяси қайраткері Абылай хан  жайында мәлімет бере отырып, оның қазақ тарихындағы орны мен ерлік істері н, жүргізген сындарлы саясаты жайлы жүйелі білім беру.

дамытушылығы: Абылай ханның Қазақ хандығының тұтастығын сақтай білудегі саясатын нақтылап, ізденімпаздық қабілеттерін шыңдай отырып, оқушылардың тариха танымдық қабілеттері  мен ой-өрістерін дамыту.  

Тәрбиелілігі: Оқушылардың  тарихи тұлғаға деген құрметтерін арттыру, Отансүйгіштікке, ерлікке, ұлтжандылыққа    тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ҚР саяси картасы,  интерактивті тақта, слайдтар,  Абылай хан портреті, «Көшпенділер» бейне фильм, плакаттар, маркер

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтыңәдісі:  АКТ-ны С ТО технологиясы арқылы жүзеге асыру (картамен,жұмыс дәптерімен, слайдпен  жұмыс, топтастыру, сұрақ-жауап, ойындар)

Сабақтың барысы:   

  1. Ұйымдастыру  кезеңі .

А) Оқушылармен, амандасу, түгелдеу.

Б) Оқушыларды топқа бөлу, топқа бөлудегі мақсатын түсіндіру және әр топқа плакаттар мен маркерлер таратып беру. Шарты: плакатта берілген «Өткен сабақта білдім» кестесін сабақ бастамас бұрын толтырып алу, «Сабақта білдім» кестесін сабақ барысында және  «Білгім келеді» кестесін сабақ аяқталған соң толтыру.

Сабақтың жоспары:

  1. Абылай-қазақ хандығының саяси және мәдени қайраткері
  2. Абылай ханның кезіндегі қазақ хандығы
  3. Абылай ханның Ресеймен қарым-қатынасы
  4. Абылайдың ішкі саясаты
  5. Абылай ханның тарихта алатын орны
  6. Жаңа сабақ   

   «Ой қозғау »

Абылай хан туралы не білеміз ?

Кіріспе сөз

Қазақ халқының  тәуелсіздігі үшін күресте ел намысы үшін күрескен  алып тұлғалар, ер жүрек  батырлар , билер,хандар – Отанына , туған еліне деген сүйіспеншіліктің , адалдықтың үлгісін көрсетті. Солардың бірі қазақ хандығының тұтастығын сақтауда іскерлік көрсеткен-Абылай хан – қаһарман  батыр,батыл қолбасшы,дарынды  дипломат. Абылай  абыройға  өз жеке басының  ерлігімен жетті.Абылай хан  екі ел Жоңғария мен Ресей  арасында айлалы әрекет жасап, қазақ елін нығайтуға  тырысты.

Алып тұлға Абылай ханның өмірбаянымен таныстыру үшін «Абылай хандығы» деген тақырыпты ашамыз.

Тарихи тұлғалар бөлімінен Абылай ханның өмірбаянымен таныстыру және «Көшпенділер» бейне фильмінен үзінділер көрсете отырып, пікірлерін тыңдау.

Сұрақтар қойылады:

  1. Абылай қандай қасиеттерімен ерекшеленген?
  2. Абылайдың балаалық шағы қалай өтті?
  3. Абылайдың жастық шағында қандай негізгі оқиғалар болды?
  4. Саяси тұлға ретінде қалыптасуына әсер еткен оқиғаларды атаңдар.

Қосымша әдебиеттер мен деректерді пайдаланып, слайдпен ата-тегін көрсету.

Оқушылардың білімін

1.Төменде берілген тапсырмаларды орындаңдар.

А) Мәтінмен жұмыс.

Абылай хандығы кезіндегі қазақ хандығына сипаттама беріңдер.

Б)  Жоспар құрыңдар.

Абылай ханның Ресеймен қарым –қатынасы.

2.Топтастыру.

Абылай ханның ішкі саясаты

 

 

Абылай сыртқы саясаты

 

 

 


 

 

 

 

 

 


3.  Кескін картаға  Абылай ханның жорық жасаған елдері мен аймақтарын көрсетіңдер.

4. Төмендегі Абылайдың өмірі мен қызметіне байланысты берілген даталармен жұмыс істеңдер.

1723 ж.  ___________________________________________

1731 ж   ___________________________________________

1738 ж   ___________________________________________

1740 ж   ___________________________________________

1752 ж   ___________________________________________

1752 ж   ___________________________________________

1756 ж  _______________________________________________________

1758 ж  ________________________________________________________

1767 ж  ________________________________________________________

1771 ж   ___________________________________________

1774 ж   ___________________________________________

1778 ж  ___________________________________________

1765-1770-1779 ж   ____________________________________

1781 ж   ___________________________________________

 

5.  Сергіту сәті.

Тапсырманы орындаңдар.

Дұрыс жауаптың  белгісі  «иә» , ал қате жауаптың  белгісі  «жоқ »

  1. 1.    Абылай хан 1721 жылы туылды .

2      1771 жылы патша үкіметі Абылай ханды орта жүздің ханы етіп сайлады .

3       1756 жылы  Абылай Қытайдың билігін мойындады .

4       Абылайға Сыпыра жырау  үлкен ықпал етті.

5.      Абылай хан Түркістандағы Ахмет  Иассауи кесенесінде жерленді.

6.      Абылай қайтыс болғаннан кейін  Орта жүз ханы болып Нұралы сайланды.

  1. Бекіту . Тестпен жұмыс ( компьютерде орындап, өзін- өзі бағалайды )

 

1. Абылай ханның шын есімі

а) Әбілпайыз             ә) Әбілмәмбет

б) Әбілмансұр           в) Уәли

2. Абылай ханның  ішкі және сыртқы саясатына  мейлінше  әсер еткен дарынды ақын – жырау

а)  Тәттімбет              ә)  Бұхар

б) Ақтамберді            в) Үмбетей

3. Орта жүздің ханы  Әбілмәмбет қай жылы  қайтыс болды ?

а)  1745 ж.                   ә)  1756 ж.

б)  1771 ж.                   в)  1781 ж.

4. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет  қайтыс болғаннан кейін хан тағына мұрагерлік  жолмен отыруға

тиіс еді .

а) Әбілпайыз              ә) Уәли

б) Әбілмансұр            в) Абылай

5.   Абылай қай жылы хандыққа сайланды ?

а) 1733 ж.                       ә) 1724 ж.

б) 1730 ж.                       в) 1771 ж.

6     Абылай сұлтанмен  орта жүздің  ханы Әбілмәмбет екеуі  қай жылы Ресей билігін мойындады ?

а) 1731 ж.                        ә) 1740 ж.

б) 1734 ж.                        в) 1742 ж.

7    Абылай хан қай қалада жерленген ?

а)  Таразда                        ә) Сайрамда

б) Түркістанда                  в) Ташкентте

8.   Екатерина Абылайды Орта жүздің ханы етіп қай жылы бекітті ?

а)   1755-1756 жж.            ә)  1756 -1760 жж.

б)   1777- 1778 жж            в)  1778- 1779 жж.

9.   1761 жылы Абылай орыстың осы патшасынан  ағаш ұстасын және 200-300 пұт астық  жіберуді сұрап

хат жазды :

а)  Екатерина                    ә) Павел

б) Елизавета Петровна    в) Анна Ионновна

10.  Абылай хан жер өңдеу  шаруашылығын  дамытқан өңір :

а)  Сыр бойы                    ә) Ертіс бойы

б)  Жайық бойы               в) Есіл бойы

Сабақты қорытындылау .

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: тақырыпты оқу, тақырыптың соңында берілген сұрақтарға жауап беру, «Абылай ханның  тарихта алатын орны » тақырыбында эссе жазу, абылай хан мен ҚР-ның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың саясаттарын «ВЕНН» диаграммасы арқылы салыстыру, диагарамманы толтыру, тақырып бойынша сөзжұмбақтар  және сұрақтар құрастыру.

Добавить комментарий