Қалдықпен бөлуді бекіту

Ш.Қ.О.   Семей  қаласы

«Қайрат Рысқұлбеков атындағы №  33 ЖОББМ»  КММ

Бастауыш сынып  мұғалімі

Каримова Толкын  Тлеубековна

  3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қалдықпен бөлуді бекіту
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: оқушылардың қалдықпен бөле білу дағдысын, қалдықтың бөлгіштен кіші болатыны туралы қорытынды тұжырым жасауды бекіту.
б) дамытушылығы: дұрыс әрі шапшаң есептеу дағдысын, өз пікірін қысқа жеткізе білуді дамыту.
в) тәрбиелік: сыныптастарын тыңдай отырып, сыни ойлауға, топта жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: бекіту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.
Сабақтың әдісі: СТО әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: түрлі – түсті қағаздар, қаламдар, бағалау белгілері т. б.
Техникалық құрал: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
1 — кезеңі. Қызығушылықты ояту.
1. 1. Психологиялық дайындық:
Саламатсыз ба?
Амансыз ба?
Есенсіз бе?
Біздің мектепке қош келіпсіз!
1. 2. Мұғалімнің сөзі:
Мұғалімнің сөзі: — Балалар бізде қазір қандай сабақ?
— Математика.
— Балалар, қазір біздің көңіл күйіміз қандай екенін түстер арқылы білейікші?
Түсініктеме (түстер бойынша).
Ашық түстер.

— ашық жасыл: өмір қуанышын сезіну;
— ашық қызыл: қандай да бір жақсылықты күту;
— ашық сары: күтпеген қуаныш;
— күлгін түсті: кереметті, ғажайыпты күту.
Топтасу (пішін бойынша)
— таңдаған пішіндерімізге қарай төрт топқа бөлінейік.
1. 3. Бағалау парақтары. Дәстүрлі емес түрде сабақ өтеміз. Бағалауды әр тапсырмада топ басшылары түстер бойынша белгі беріп отырады. Ол үшін алдымен топ басшыларын сайлап алайық. Әр топта бір оқушы топ логикалық тапсырма немесе тапсырмалар шешсе, сол оқушы топ басшысы болады.
*Сымбат пен Меруерт апалы-сіңлілі қыздар. Сымбат айтты, менің 2 інім бар деді, Меруерт те 2 інім бар деді. Меруерт пен Сымбаттың отбасында неше бала бар? (4 бала)
*Жомарт 6 жаста, інісі 5 жаста, 8 жылдан кейін інісінен неше жас үлкен болады? ( 1 жас)
*Есепте, айырықша өрнекті тап: 27+30
20+37
50+7
34+23
15+23
45+12
40+16
*Тапқырлыққа тапсырма.
Сурет салуға арналған дәптер мен қарындаш 15р. тұрады. Оля өзінің барлық ақшасына 1 сурет дәптерін немесе 4 қарындаш сатып ала алады. Оляның қанша ақшасы бар? Таңдау тәсілімен шығар.
15: (4+1)=3 4*3=12 (сурет дәптері) 1*3=3
1. 4. «Миға шабуыл»
1-топ: «Жаңа сөз» шығармашылық тапсырмасы.
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін анықтау.
Шарты: әр сөзден бір буын алып жаңа сөз құрау.
Тапсырма: қалта, сандық. «Қалдық» сөзін шығару.
2-топ. «тұжырымдау кестесі»
Мақсаты: оқушылардың ойын жинақтап тұжырымдама жасауға үйрету.
Шарты: берілген тапсырманы орындау, түсіндіру.
Тапсырма: 7: 3, 14: 3, 21: 2, 16: 5;
3-топ. «Қиындыны құрастыр»
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Шарты: топ оқушыларына қиындылар беріледі. Қиындыны құрастыра отырып, берілген сұрақтарға жауап беру.
Тапсырма:
1. Ұзындық өлшем бірліктерін ата.
2. қосу амалын немен тексереміз?
3. Шаршы дегеніміз не?
4. Тік төртбұрыштың периметрі дегеніміз не?
5. Жазуды оқы: 17: 3=5( 2 қалд.)
6. Компоненттерін атап оқы: 42: 6=8 (1қалд.)
4 топ. «Рөлдік» ойын қалдықпен бөлуді бекіту.
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау қабілетін байқау.
Шарты: берілген тапсырманы қалған топтарға рөлге еніп қимылмен түсіндіру.
Тапсырма: 8: 3; 7: 4
1. 5. Мұғалім сөзі: бүгін сонда біздің тақырыбымыз қалдықпен бөлуді бекіту. Енді дәптерімізді ашып бүгінгі күн ретін, көркем жазуды жазайық. Топ басшылары әр тапсырманы орындаған оқушыларды бағалап отыру. Енді біздің екінші кезеңіміз мағынаны тану.

Добавить комментарий