Қаныш Сәтбаев. Сын есімді қайталау.

Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі

Қазақ тілі пәнінің оқытушысы: Хасенова Күміс Дүйсенқызы

Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары
Тақырыбы: Қаныш Сәтбаев. Сын есімді қайталау.
Сабақтың міндеті: Қаныш Сәтбаевтың ұлы тұлға дәрежесіне жету негізін анықтау.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Қ.Сәтбаевтың өмірбаянымен танысу, білімі, ғылыми еңбектері, қоғамдық жұмысы туралы мәлімет беру. Сын есімді қайталау.
2) Дамытушылық: Ұлы тұлға өмірі туралы альбом, слайд жасау, эссе жазу.
3) Тәрбиелік: Ассоциация стратегиясын қолдана отырып оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына жағдай жасау.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары-топтастыру әдісі, INSERT-түртіп алу, қалпына келтіру, семантикалық карта.
Сабақтың көрнекілігі: Қ.Сәтбаев өмірбаяны-презентация, үлестірмелі карточкалар.
Оқыту формасы: Топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: география, жаратылыстану
Бағаланатын жұмыс өнімдері:
1) Мазмұнына байланысты «қалпына келтіру» тапсырма бойынша
2) Эссе жазу, слайд-ақпарат, альбом
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды төрт топқа бөліп, топ басшысын белгілеу.

ІІ. Мотивация кезеңі: Қызығушылығын ояту
Бүгінгі сабақтың тақырыбын тауып көріңіздер- ол көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, Баянауыл ауданында туған. Павлодар қаласында кітап үйі, басты көшелерлернің бірі оның атымен аталып, оған ескерткіш орнатылған. Бұл кім?- Қаныш Сәтбаев. Бүгін біз Қаныш Сәтбаевтың өмірбаянымен танысамыз.
Топтастыру әдісі.

Оқушы жаңа идеяларды жинақтап бір – бірімен сабақтастырады. Ой тудыруды күшейту үшін, әр түрлі белгідегі қағаздарды үлестіру.
1.«Қ.Сәтбаев» тақырыбына байланысты ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза беріңіз (топпен жұмыс жүргізіледі).
2.Берілген уақыт біткенше топ идеялары топтастырып жазады.
3.Топ мүшелері ойын қорытып, жазғандарын тақтаға іледі. Әр топтың лидері шығып, сөздердің анықтамасын толық айтып шығады.
ІІІ. Мағынаны ашу:
Мәтінмен жұмыс.
1. Мәтінді тарату, оқу.
2.Жаңа сөздермен жұмыс.
3.Трансформациялау әдісін қолдану арқылы мәтіді аудару.

4.INSERT-түртіп алу әдісі
1. Кестеге салу жүйесін түсіндіру
V-таныс ақпарат, + жаңа ақпарат,- келіспеймін, ?-сұрақтарым бар.
Оқушылар берілген тапсырманы жеке, жұппен, топпен орындап, топ басшылары тапсырманы тақтаға шығып қорғайды.

Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою әдісі
Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
Жұппен жұмыс

ІV. Ой-толғау сатысы
Қалпына келтіру стратегиясы: көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып берілген мәтінді «қалпына келтіру» . Бағалау: қате жоқ-«5», 1-2 қате- «4», 3-5 қате –«3», 6 қате-«2»

Қалпына келтіру:

V. Грамматикалық тапсырмалар: Сын есімді қайталау.
Семантикалық кесте толтыру. Қ.Сәтбаев мәтінінен сын есімді тауып түрлерін, мағынасын ажырату.

Тапсырманы тексеру, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: «Қаныш Сәтбаев» тақырыбына
1 топ –эссе жазу, 2 топ- слайд-ақпарат жасау.
3 топ- «Тұңғыш академик» атты шығарма жазу.
4 топ-«Белгілі адамдар» тақырыбына реферат жазу.

Добавить комментарий