Ат әбзелдері

Сабақтың тақырыбы: Ат әбзелдері

Сабақтың мақсаты:  1. Ат әбзелдерітуралы мәлімет бере отырып, құрылысын, жасалуын және қолдануларымен таныстыру.

2. Ат әбзелдері жайлысөзжұмбақ шешіп,тақпақ оқып сабақты меңгеру.

3. Ата дәстүрін ұмытпауға, әрқашан қадірлеуге баулу.

Көрнекілігі: ат әбзелдерінің суреттері, сөзжұмбақ, жұмбақ, ат әбзелдері жайлы өлең.

Пән аралық байланыс: тарих, география, әлемдік көркем мәдениеті.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Қорытынды.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру, ат әбзелдері жайды тақпақ оқ, жұмбақ айту.

Көліксіз өмір сүрмейді

Ғұмыры жаяу жүрмейді /Ертоқым/

Аттан биік,

Қойдан аласа/Ертоқым/

Тептім,

Терекке шықтым /Үзеңгі/

  1. Бүгінгі тансатын тақырып «Ат әбзелдері».
  2. Сұрақтар қойылады:

v Қандай ат-әбзелдерін білесіңдер? /ертоқым, жүген, үзеңгі, тоқым, айыл, құйысқан/

v Қазіргі кезеңде қолданып жүрген ат әбзелдері? /әскери жеңіл өндірістік ерлер/

v Айылдың түрлерін кім айтып береді? /төс айыл,  шап айыл/

v Ердің қандай түрлерін білесіңдер? /құрамды ер, қазақы р, ашамай ер, шошақ бас ер, күмісті ер/

v Жүгеннің түрлерін атап шығыңдар: /қайыс, түйме, былғары, өрме жүген/

  1. Суреттермен жұмыс:


№2 сурет. Шошақ бас ер.

№3 сурет. Құйысқан.

№1 сурет. Жүген.

№4 сурет. Бір текті қамыт.

№5 сурет. Қайыс құйысқан.


Ат әбзелдері.

Былай қарағанда, көбіміз мән бере бермейміз, ат әбзелдерінінің өзі екі түрге бөлінеді: біріншісі, атты салт мінгенде пайдаланылатын, екіншісі, жұмысқа жеккенде пайдаланылатын. Қалай болғанда да, ат-саймандары аттың еркін жүріп тұруына, қозғалыс әрекеттеріне қолайлы болуы керек. Қайшылармен ат-сайман бұйымдарын өріп,тігушілер әбзелдердің жұмсақтау болғанын қалайды. Бұл ретте ескеріп,тозған қайыстан даярланған әбзілдер тез істен шығып, иі қанбаған қаттыларын бір-екі күн ішінде аттың терісін қажап,мазасын алады. Жұмысқа жеккенде пайдаланатын ат әбзілдері ноқта, жүген, қамыт, ершік пен шлея өре қайысқан, сондай-ақ бөктөрме, арқалық, керайыл, делбе (жалғыз және қос аттық), сырма қайыс пен көкірекшеден тұрады. Ат әбзілдерін жасау кезінде әртүрлі қалыңдықтағы қайыс теріні, әдеттегідей мақта ленталарын,жіптерді, киіз, металл ілгешектерін шеберлікпен пайдаланып, іске асыруға болады. Қамыт ат-саймандарының басты бөлігі.Әсіресе, ауылшаруашылығында бір текті қамыт жиі қолданылып келеді. Құрастыруды қажет етпейтін бір текті қамыт ауыздық, қамыт, қос көпшік, сыртқы қап, қосқұлақ бау және төсеніштен тұрады.Оларға талғаммен қарап, ықлас қойып, шеберлік шыңдай үйрене білсе аса қиын емес.Бір қауіптеніп мазасызданатынымыз ат әбзілін жасай білетін ісмерлік, ұсталық, ұрпақтар өрісінде үзілмеуге, жоғалмауға тиіс.

ІҮ. Сабақты пысықтау.

«Ат әбзелдері» атты өлең оқылады.

Атамның селкілдеген алақаны,

Ғажап қой жылқышы ауыл,

Дала таңы.

Бір айдай қасына ертіп үйретті атам

Атқа қажет әбзелдің сан атауын.

—         Мынау не?

—         Ата, мұны «шылбыр» дейді,

—         Дұрыс-ақ.

/жаңылыссам құр күлмейді/

Ауыздық, жүген, ноқта, тізгін, ер деп,

Шұбыртсам мақтап мені білгір дейді.

Төс тартпа, таралғы бау, тебенгілік,

Құйысқан, тоқым, жона, өнімділік.

Жүйрікке қыста жабу,

Жазғы ыстықта

Жабады ақ дедеге төгілдіріп.

Бауырса, үзеңгі мен сырттық ноқта,

Көрдім мен асауда өре,

Тұсауды атта.

Қамшы  ұстап, қанжығаға шідер байлап,

Желіге жылқы қайырам атам жоқта…

Ү. Сабақты бекіту. Сұрақтар қойылады.

1. Жүген қандай детальдардан құралады?

2. Жылқыны матау әбзелдерін атаңдар.

3. Үйлеріңде қандай ат әбзелдері бар?

ҮІ. Сабақты қорыту.Мінекей, балалар ат әбзелдерін оқып таныстық. Әбзелдерге талғаммен қарап, ықылас қойып, шеберлігін шыңдай үйрене білсе аса қиын емес. Бір қауіптеніп, мазасызданатынымыз ат әбзелін жасай білетін  ісмерлік, ұсталық ұрпақтар өрісінде үзілмеуге, жоғалмауға тиіс.

ҮІІ. Оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма.

 

Добавить комментарий