Аудан ұғымы

Байғанат  Ризагүл

Ақмола  облысы, Астрахан  ауданы, Жалтыр №2  орта  мектебі

Математика пәнінің  мұғалімі, Білімі  жоғары  (Астана қаласы Еуразия Университеті 1999 жыл)

Еңбек  өтілі  14  жыл,  санаты  жоғары

 

Аудан ұғымы

Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың ауданын есептеу

Мақсаты:

Білімділік. Төртбұрыштардың негізгі  қасиеттерін  түсіндіру, формулаларды есеп  шығаруға  қолдануды үйрету.

Дамытушылық. Теориялық білімін практикада қолдана білу және білім – білік дағдыларын   қалыптастыру. Оқушының танымын кеңейтіп, ойлау қабілетін арттыру. Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып есте сақтау және логикалық ойлау, талдау қабілеттерін дамыту,
Тәрбиелік. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту  және эстетикалық тәрбие беру, тапқырлыққа баулу, өз ойын қорыта отырып,  толық жеткізе білуге, ұқыптылыққа, нақтылыққа тәрбиелеп, шығармашылық қабілеттерін  жетілдіру.

Сабақтың типі: практикалық сабағы.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Ақпараттық  технология бойынша, түсіндірмелі-көрнекілікті,  практикалық түрде.
Сабақтың түрі: Жұптық сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, флипчарт, компьютер,  слайдтар,

хабарламалар жіберу, наушник, «My test”  бағдарламасы бойынша электронды  тест  тапсырмалары,  бағалау  парағы  (бағаны Excel-де  компьютер  есептейді)
Сабақтың жоспары:

  1. 1.     Ұйымдастыру. 
  2. 2.      Өтілген  тақырыптар бойынша материалдарды еске түсіру.
  3. 3.     Интерактивті  тақтаға  флипчарттың көмегімен сызбаларды  сала  отырып   мысалдар келтіру,  тапсырманы  орындау.
  4. 4.     Слайдтар арқылы  берілген сызбалар бойынша  есептер шығару  жауаптарын  локальді желі  арқылы  хабарламамен  жіберу,  түсініксіз  болған  сұрақтарына   наушниктің  көмегімен  нұсқау  беру.
  5. 5.      Жаңа сабақты  түсіндіру   (Дәстүрлі емес есептерді шығару жолдары).
  6. 6.      Формулаларды  есеп  шығаруға  қолдану  (оқушылардың жұмысы экранда көрсетіліп тұрады).
  7. 7.     Хабарламалар  жіберу, наушниктің  көмегі  арқылы  жеке оқушымен  талдау жасау, нұсқау беру
  8. 8.     Математикалық диктант  (интерактивті  тақтада слайд  арқылы)
  9. 9.     Электронды  тест  тапсырмалары.
  10. 10.                       Үйге тапсырма   (кесте  толтыру)
  11. Қорытындылау.

 

 

Сабақтың барысы:

  1. 1.     Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа даярлығын, құрал – жабдықтарының болуын қадағалау және компьютерлерге отырғызу, идентификациялау.
  2. 2.       Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушының жан – жақты білімін тексеру:
а) Флипчартта  оқушылар  төмендегі  тапсырмаларды  орындайды:
1) Үшбұрыштар мен төртбұрыштарды сыз, белгіле.
2) Көпбұрыштың (3,4 бұрыш) қабырғаларын жаз.
3) Көпбұрыштың (3,4 бұрыш) төбелерін жаз.
4) Төртбұрыштың диагональдарын жүргізіп, қасиеттерін ата.  

5) Аудан  табу  формулаларын жаз.

6) Шеңбер  сыз  (құрал  саймандар  тақтасының  көмегімен  циркуль  таңдап  алып  шеңбер  сызады)

7) Оған  іштей  және  сырттай  төртбұрыштар   сыз (Кірістіру-математикалық құралдар  арқылы)

8) Төбелерін  белгіле

9) Бұрыштарын  белгіле.
ә) Слайдтардың  көмегімен  өтілген  материалдарды  еске  түсіру
1) Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың  анықтамасы
2) Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың  ішкі бұрыштарының  қосындысы.
3) үшбұрыштар мен төртбұрыштарға  есептер  шығару (сегіз  тапсырма  жауаптарын  компьютердің  көмегімен  хабарлама  арқылы жібереді)

  1. 3.     Слайдтардың  көмегімен  жаңа  тақырыпты  түсіндіру  (Жаңа сабақты оқушылар өздері жұмыс жасай отырып меңгереді.)

1) Дәстүрлі  емес  есептерді  шығару жолдары.
2) Сызбаларды  салу  жолдары
3) Аудан  табу   формулалары

      4)  Сызба  бойынша есептер  шығару 

  1. 4.     Қорытындылау 

Жаңа сабақты бекіту:

1) Математикалық диктант

2) Электронды  тест  тапсырмалары

  1. 5.     Үйге  тапсырма  §13  Кесте  толтыру (Семантикалық карта)
  2. 6.     Бағалау:  Бағалау  парағы  бойынша  Excel-де  компьютер  есептейді де бағасы экранға шығады

Қажетті  формулалар.

Үшбұрыш:

Р=a+b+c;   S= ;  S= ;   S= ;  S= ;  мұндағы    p=

Тіктөртбұрыш: Р=2(a+b);   S= ;  

Параллелограмм: Р=2(a+b);      S= ;     S= ; 

Ромб: Р=4a;      S= ;     S= ;  S=  

Трапеция: Р=a+b+c+d;    S= ;  

 

Добавить комментарий