қазақ тілі мен әдебиет

орыс мектептерінде қазақ тілінен сабақ жоспарлары
Сабақтың тақырыбы : Жыл мезгілдері .
Сабақтың мақсаты :1.Жыл мезгілдеріне толығырақ тоқталу,оқушылардың білім деңгейін көтеру
2.Осы тақырып бойынша білім,білік, дағдыларын қалыптастыру. Сөйлеу тілін дамыту.
3. Қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі : жаңа сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, әңгімелеу. Қолданатын стратегиялар
«Кубизм» «Түртіп алу» «INSERT»
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
ә)оқушыларды түгендеу
2.Психологиялық ахуал( оқушылар келген қонқтармен амандасады)
3.Тіл дамыту
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Жаңа сабақты түсіндіру
Сызба арқылы мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіреді
Мағынаны тану « Кубизм» стратегиясы бойынша
1.Суреттеңіз .Жыл мезгілдерін атаңыз.
2.Салыстырыңыз. Күз бен жаз мезгілінде адамдар қандай еңбекпен айналысады?
3.Саралаңыз.
Адамдар қай жыл мезгілін қалайды?
Мәтінмен жұмыс. Ауа-райы
Жылдың төрт мезгілі бір-біріне ұқсамайды. Қыста қатты аяз, жазда ыстық, күзде қоңыр салқын күндер жиі болады.көктемде күн жылына бастайды.
Жазда желсіз,аспан көбінесе бұлтсыз ашық болады.Жаңбыр онша көп жаумайды. жазда күн ұзақ, түнқысқа болады. Маусымның 22-сінде күн мен түн теңеледі.
Жаздан кейін қоңыр салқын күз де кепіп жетеді. Қараңғылық ерте түседі. Аспанды қара бұлт қаптап, жауын да жиі жауады. Қар аралас жауын-шашын болады.
Қыста дала, орман, үйлер ақ қар жамылады. Өзендер мен көлдердің бетін көгілдір мұз жабады. Күн аязды,жер тайғақ болады. Қыстан кейін көктем де келеді. Оңтүстіктен жылы жел еседі.
Жылдың әр мезгілінде ауа-райы өзгеріп тұрады.Ауа-райын болжаумен метеорология ғылымы айналысады.Ауа-райын болжайтын қарапайым аспаптардың бірі-барометр. Ал жердің жасанды серіктері жоғарыдан ауа райының жағдайын өзгерісін бақылайды да,радио арқылы жерге хабарлап тұрады. Ауа-райының құбылысын алдын ала біліп отыру кеме капитандарына , ұшқыштарға егіншілерге және малшыларға аса қажет.
INSERT-пенжұмыс істеу
Оқыңыз, аударыңыз,қарындашпен белгі қойыңыз.
( V) – білемін
(-) – білмеймін
( +)- жаңа нәрсе
( ?) –түсініксіз,білгім келеді.
Түртіп алудың жеке картасын толтырыңыз:
Ой қозғау:
1.Күзде қараңғылық қашан түседі?
2.Күн мен түн қашан теңеледі?
3.Өзендер мен көлдер қашан қатады?
4.Адамдар ауа-райының өзгеруін қайдан біледі?

Сызбаны толықтыр:

Сабақты қорытындылау: Бес жол өлең
1.Зат есім Жыл мезгілдері
2.Сын есім Алтын, тамаша
3.Етістік Өзгереді,өседі
4.Сөйлем Жыл мезгілдері өте тамаша.
5.Синоним Уақыт

Сабақтың тақырыбы : Күзгі бақ
Сабақтың мақсаты : 1.Оқушыларға күз туралымағлұмат бере отырып,өз ойларын айтуға жетелеу және оқушыларға оқулық материалдарынан тыс кең көлемде түсінік беру сабақтың білімділік мақсатын құрайды.
2.Оқушылардың сөздік қорын молайту,сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту шылық мақсатын көздейді.
3. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру,өнердегі сұлулықты көріп,білуге үйрету тәрбиелік мәнін құрайды.
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : Сұрақ-жауап,ЖИГСО-I,топтастыру ,ассоциация ,5 жолды өлең ,кластар – мағыналық блок
Сабақтың байланысы әдебиетпен, орыс тілімен
Көрнекілігі кластер плакаты, суреттер
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
а кезекшімен сұхбат
Оқушылар күз туралы өлеңді оқып , сабақтың тақырыбын ашады
Миуа пісіп балбырап,
Маужыраған …………..
Алма пісіп албырап ,
Көзді тартқан………….
Сабақтың мақсатын айту.
Сонымен, балалар,біздің сабағымыздың тақырыбы «Күзгі бақ». Сабақта «Күзгі бақ» қандай өзгеріске ұшырайды, сол туралы елестетіп,ассоциация толтырамыз.

4.ЖИГСО-І,әдісін қолдану,топтастыру.Балалар 3 топқа бөлініп отырады.
Сұрақ: Мынау нелер?
Жауап:Күзде пісетін жемістер:алма,алмұрт,жүзім.
5.Суретпен жұмыс :а) Әр топ отырғаннан кейін ,суретке қарап эссе жазады.
ә) Әр топтың спикері оқиды.
6. Бұл тақырыпқа басқа ақын-жазушылар қандай өлеңдер жазған?
Абай Құнанбаев ,Ыбырай Алтынсарин.
7. Жаңа тақырыпқа көшу Міне, балалар,Ы. Алтынсарин де осы тақырыпқа тоқтаған екен .
Сұрақ: Ы.Алтынсарин кім ?
Жауап: Педагог ,ағартушы ,жазушы.
8. Жаңа сөздерді оқу : мәтінмен жұмыс. Оқу, аудару. Сұрақтармен жауап.
9.Қорытынды шығару.
Сұрақ : балалар, не себепті ағаш қисық және түзу болды?
Жауап : Еңбектің арқасында. ( Бір мақалды мысал келтіру.)
10.Үй тапсырмасын беру.
11.Жұмбақтар шешу .
12.Бес жол өлең
Зат есім : Күз
Сын есім : Алтын, сары.
Етістік : Сарғайды,суытады,піседі
Көзқарасы: Мен күзді жақсы көремін.
Синоним : Мезгіл
13.Бағалау

Сабақтың тақырыбы : Көктем
Сабақтың мақсаты : 1.Жаңа тақырып негізін түсінеді, жаңа сөздер үйренеді.
2. Сабақта үйренген жаңа сөздерді әр түрлі қатынасқа түсіре алады.
3. Өзгенің пікірін тыңдай отырып ,өз ойын айтуға дағдыланады. табиғатты қорғау, аялау, құрметтеу сезімі қалыптасады.
Сабақтың әдісі : Сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі : суреттер, карточкалар, ағаштың бұтағы,гүлдер.
Сабақ барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі
а Сәлемдесу рәсімі
2.Жаңа тақырыпқа кіріспе.
1) Ой қозғау.Ассоциация.
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Көктем деген сөзді айтқанда қандай сөздеройларыңа келеді, неенің бейнесін бейнелейді?Не салайық ?Сурет салуға да болады, жазуға да болады.
-Одақтас сөздер көп екен.
-қандай қате кетті соған көңіл аударыңдар.
-«Мейрам» деген сөздің синонимін айтыңдаршы.
-Енді сөз тіркестеріне сөйлем құрастырындар.
-көктем ең тамаша қөңілді мезгіл.суретте тек қана сары,жасыл,ашық түстер байқадыңдар ма?
2)Өленмен жұмыс.(Оқушылар үш топқа бөлініп отыр)
-балалар,көктем туралы қандай тақпақ білесіңдер?
-мен сендерге өлең шумақтарын тараттым,сендер мәнерлеп оқыдыңдар,содан соң бір-біріңмен ақылдасып,сурет салыңдар.Қалай бейнелейсіндер?(Әр топқа үш түрлі өлең тараттым).
Ұя жасап тақтайдан,
Талға апарып байладым.
жыл құсының шаттанғаң
күттім қашан сайрауын.
сол ұяны талдағы
қараторғай мекендеп,
Күні бойы сайрайды,
Жайлы пәтер екен деп.
Қастек Баянбай
Көлдің мұзын күн тесті,
Әппақ тонын жер шешті.
жан-жақтан күн күркіреп,
жанбыр жауды сіркіреп.
жерді жапты көк кілем,
ондай кілем жоқ,білем!
көктем келді күлімдеп,
«Міне саған гүлім!»-деп.

Көктем күні күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп.
бейшешектер дүркіреп,
Шыға келді қыр түлеп.
Көктем күн» шуақты,
Көктем күні куатты
Мал жағалап суатты,
Сай-саламен су ақты.
-Суретті қалай атайсындар?(балар өлеңдерін оқып, сурет салуға кіріседі)
-ал енді өз суреттеріңді көрсетіп,қорғайық.Не бейнеледіңдер?Сендерге қандай атадыңдар?
-ЖЖұмыстарыңды қалай атадыңдар№
Ітоп:Көктем келді.
ІІ топ:Көктем.
ІІІ тпо:Құстың ұясы.
3)Мәтінмен жұмыс.
-Балалар ,мына мәтінді оқып шығыңдар.
Көктем
Көктем айлары:наурыз,сәуір,мамыр. Көктемде күн жылынады.Қар,мұз ериді.Күн ұзарады.Ағаштар бүршак атады.Құстар жылы жақтан ұшып келіп,ұя салады.Көктемде мал төлдейді.егіс жұмысы басталады.жас ағаштар отырғызылады.Көктемнің алғашқы гүлдерейтін гүлдедері:бәйшешек,қызғалдақ,меруертгүл,қоңыраугүл.

Жаңа сөздер:
Бәйшешек-подснежник
Қызғалдақ-тюльпан
Меруертгүл-ландыш
Қоңыраугүл-колокольчик
Гүлдейді- расцветут
а)оқушылардың өз беттерінен оқуы,аударуы.
Білмейтін сөздің астын сызу.
ә)Сөздік жұмыс.
-қандай жаңа сөздер мәтінде кездесті?
Қызғалдақ
Меруертгүл
Қоңыраугүл
б)Сұрақтар құрастыру.
(Оқушылар сұрақтар құрастырап,жауап береді)
Осы сұрақтардан қай сұрақ сендерге ұнады?(
Әр топтан сұраймын)
Мен де сұрақ дайындадым.
Мал төлдейді дедіңдер. Малдың төлдерін айтыңдаршы. Суреттерді көрсетемін .
Сиыр – бұзау , бие – құлын, түйе – бота ,ешкі – лақ , қой – қоэы.
4) Сөзжұмбақ «Көктемде»
.Көктемде не ұзарады?
2.Бақта не өседі?
3.Жаздан кейін қай жыл мезгілі?Оқу жылы қай мезгілде басталады ?
4.Құс
5.Сәуір айы тағы қалай аталады?
6.Көктем мезгілінің соңғы айы.
7.Наурызда адам не тілейді?
8.Мейрамды адамдар қалай тойлайды? Не айтады?

5)Ойын Қайсысы артық
3 топқа карточкаларды таратамын.
Күз Қараторғай Сәуір
Көктем Сарышымшық Қыркүйек
Жаз Қарлығаш Наурыз
Қыс Тырна Мамыр
III.Сабақтың қорытындысы.
Көктем көңілді мезгіл. Көктемде көп мейрамдар бар. Мейрамда адамдар ән айтады,би билейді, ойындар ойнайды, бір-бірін құттықтайды.

Сабақтың тақырыбы : Қыста
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды қыс мезгіліне байланысты өтілетін жаңа сөздермен , қысқы табиғат ерекшелігімен , адамдар өміріндегі өзгерістермен таныстыру.
2.Оқушылардың ойын ұштап, ізденімпаздық пен шығармашылық жұмыс істеуге баулу, тілін ширату, сөздік қорын молайту.
3.Қыс туралы әңгімелей отырып, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті ояту.
Сабақтың түрі :Қайталау
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, тексеру, сұрақ- жауап
Сабақтың көрнекілігі : Сызбалар, кестелер,портрет.
Сабақтың барысы : I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен психологиялық тренингті орындау.
ІI.Мақсат қою кезеңі
Оқушылардың жыл мезгілдерінедеген қызығушылықтарын арттырып, табиғатты қорғауға үйрету.
III.Жаңа сабақ
Берілген сөз бен сөз тіркестерін аударып ,сөйлем құраңдар.
Қыстыгүні, аяз, сырғанау, коньки тебу, хоккей ойнау ,қысқы ойындар, қысқы демалыс.
• INSERT cтратегиясы :

Білемін Білгім келеді Үйрендім

• сүрет бойынша эссе жазыңдар
• «Кім коп біледі?» ойыны.Қосы жоқ,сурет салады,тісі жоқ,тістіп алады.(Аяз)
Қанаты жоқ-ушады,Аяғы жоқ-жүреді,Аузы жоқ-ұлиды.(Борап)
Терезеге қонады,Әсем ою ояды.(Қырау)
Отқа жантас,суға батпас.(Мұз)
Табаныма байлайдым,қос таяқпен айдадым.(Шанғы)
• Сергету сәтті
Біз аяқпен топылдаймыз
біз қолмен шапалақтаймыз
Қол котереміз,томен түсіреміз
Сосын ақырын жүлреніз
• Абай құнанбаетың «Қыс» олені оқылады.
Ақ киімді денелі,ақ сақалды
Соқыр-мылқау толимос пирі жанды
Үсигі басы-ақ-қырау,түсі сулы
Басқан жері сыдырлап келіп қалды.
• Олен мазмұны бойынша сызбаны толтырыңдар:
• Сабақты қорытындылау
Берілген кестені толтыр:

Жыл
мезгілі Айлары Ауа-райы Адамдар не істейді
Қыс
Көктем
Жаз
Күз

Добавить комментарий