Білімділер мен тапқырлар сайысы

ТЕМІРТАУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

 

«КЕЛІСІЛДІ»                                                            БЕКІТЕМІН

_____________                                              Директордың оқу ісі

Колледж әдіскері

                                                     жөніндегі орынбасары

«___»_______20__ ж.

____________________

 

Сыныптан тыс шара

Тақырыбы: Білімділер мен тапқырлар сайысы

 

Пәндік комиссияның отырысында қаралды

комиссияның атауы

«___» _______20__ж. №___ хатама

Төрайым ______________________

Пән________математика

 

Құрастырған:
Төлеутай А.Т.

 

 

Теміртау -2013

Оқытушының аты-жөні: Төлеутай А.Т.

1. Сабақтың тақырыбы: Білімділер мен тапқырлар сайысы

2. Сабақтың түрі және типі:интерактивті  сайыс сабақ,

3. Сабақтың мақсаты: Математикалық білімге қызығушылығын, ынтасын арттыру.Қазақ математиктері жайлы мағлұматтар алу.

4. Міндеттері:

4.1. Білімдік міндет (қандай оқу біліктілілігі оқыту барысында қалыптастырылады) Оқушыларды математикаға қызықтырудың бір түрі-сайыс. Бұл сайыстарда оқушылар тез есептеуге, ойын тез жинақтауға дағдыланады. Оқушылардың сайысқа дайындалу кезінде олардың ізденімпаздығы, творчестволық қабілеті артып, практикалық дағдысы дамиды.   Оқушылар қазақ математиктері жайлы мағлұматтар алады. Математикадан білімдерін шыңдайды

4.2. Тәрбиелік  міндет (оқыту материалдарын жүргізу барысында  қандай тәрбиелік мүмкіншіліктер іске асырылады)

Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достыққа тәрбиелеу.   Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

Есте сақтау, логикалық ойлау, шапшаң қимылдау, тапқырлыққа тәрбиелеу.

4.3. Дамытушылық міндет (ойлау іс-әрекетінің жолдарын игеру, салыстыру, синтез, анализ, жалпылау және  т.т) Бір-бірімен қарым-қатынастарын бекіте отырып, бірігуі, сыйлау, көмектесу  сияқты қасиеттерді бойларыңа сіңдіру.

Жоспары:       1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

                       2 Уй тапсырмасы қазақ математиктері туралы презентация жасап                                қорғау

3. Кіріспе сұрақтар

4 Біліктілік сайысы (есептер шығару)

5. Қасиетті сандар

7. Шырпылар шытырманы

8 Қорытынды

5. Күтілетін нәтиже:

5.1. Оқушылар түсінуі тиіс Уйге берілген тапсырманы орындау, іздену. Сол слайдқа дайындалып, қорғау. Бір-бірлерімен қарым-қатынастарың шыңдау. Алған білімдерін, дағдыларын әрі қарай жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ойларын жинақтап айта білу. Орын алған группа, белсенді қатысқан оқушыны марапаттау.

5.2 Оқушылар жасай біледі: математиктер жайлы мағлұматтар іздеп слайд жасау. Есептер шығару. Қасиетті сандар туралы білу. шырпыларды құрастыру.Логикалық есептерді шығару.

Қатысушылар: 1 курс оқушыларынан 3 команда(6 оқушыдан).

Командаға қажетті құралдар:

• Қатысушылардың аты-жөні жазылған бейдж

• Командаға ат ойлап табу,капитанын сайлау.

Ойын ережесі:

Ойынға 6 оқушыдан 3 команда қатысады.Әр команданың мақсаты көбірек ұпай жинау.Ол үшін ойын сұрақтарына дұрыс жауап берумен шектелмей, өз жауаптарына көбірек ставка қою керек..Турларда әр сұрақтың өз бағасы болады, ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Егер команда дұрыс жауап берсе, онда келесі сұрақты олар таңдайды. Егер команда сұрақтың дұрыс жауабын берсе — ұпайлары қосылады, ал қате жауап берсе — шегеріледі. Аукцион — сұрақ. Сұраққа жауап беру кезегі сұраққа көп баға берген командаға беріледі,ойыншылардың еншісіндегі ұпай саны сұрақтың бағасынан аз болса, олар ең төмен ставка, яғни сұрақтың бағасын ғана бере алады.

Команда мүшелері математикаға, математика тарихына байланысты,жадыны дамытуға, ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты сұрақтарға жауап берулері керек.

— Қайырлы күн қымбатты қонақтар,әділ қазылар алқасы және ойынға қатысушылар!

— Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз.

— Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отыра,сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу.

— Бүгінгі ойынға қатысушы командалармен танысуға рұқсат етіңіздер.

Қолданылған нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К.Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.

(М.В.Ломоносов)

3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.

(Р.Бэкон)

Көңілді тапқыштар,білгіштер

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді,көп оқыған болса егер

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

бастаушы: Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де есеп

Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп

Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау

Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.

— Ойынды бастайық!!!

1  І топқа:

1. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)

2. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)

3. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)

4. 1/10 санының кері саны? (10)

5. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)

6. у=х3 функциясының графигі. (кубтық парабола)

7. Жарты түзу. (сәуле)

8. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)

9. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)

10. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)

11. 225 нешенің квадраты (15)

12. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1, 5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)

ІІ топқа:

1. Шаманың 1/100 бөлігі (процент)

2. у=х2 функциясының графигі. ( парабола)

3. Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)

4. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)

5. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек?

6. Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі (планиметрия)

7. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?

8. Көпмүшенің барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)

9. Анықтамасыз қабылданатын ұғымдар. ( негізгі ұғымдар)

10. Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш (жазыңқы)

11. 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)

12. Ең үлкен хорда. (диаметр)

ІІІ-топқа

1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

2. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)

3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)

4. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)

5. Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)

6. Дәлелденбейтін ұйғарым. (аксиома)

7. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

8. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)

9. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)  

10.Жарты алманың жартысы  неге тең? ¼

11. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)

12. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)

2.  Интергал, туынды ,логарифмдік есептерді шығару  10 20 30 балдарға сәйкес есеп қиындығына байланысты.

Слайд

5. Қасиетті сандар

Үш қуат:

1.Ақыл. 2.Жүрек.  3.Тiл.

Үш жүз:

1.Ұлы жүз. 2.Орта жүз.  3.Кіші жүз.

Үш құсыт өлтіруге болмайды:

1. Көкқарға.  2.Қарлығаш.  3. Байғыз.

Үш адамның  ниеті бұзық:

1.Өтірік айту. 2. Сөзінде тұрмау. 3. Аманатқа қиянат жасау.

Адам Атаны жаратқанда жіберген үш қасиет:

1. Ақыл. 2. Ұят. 3. Сабыр.

Үш нәрсе аз болса да, көп болады:

1. Қайыр-садақа. 2. Сауап. 3. Дұға.

Үш нәрсе үш нәрсесіз болуы:

1. Басы бар, ақылы жоқ іс. 2. Ғылымы бар, амалы жоқ іс. 3. Байлығы бар, қайырсыз іс қылушы.

Үш нәрсені ұстассыз білетіні:

1. Үйрек, қаз балапаны. 2. Денедегі баланың дүниеге келуі. 3. Қойдың құрттағаны.

ҮШ БИ

Үш жүзде болса да олар басты кiсi,

Қазыбек, Төле, Әйтеке менен кiшi.

Соларға жол көрсеткен ұстаз едiм,

Сардар деп құрметтейiн үлкен-кiшi.

Мысалы қазақ 3 санының байламдарын былай түйіндеген:

Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ

Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой — өріс, адам – қазық

Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет

Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат

Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз

Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті

Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:

Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың — сыншыл

Енді осыларды таратып айтсақ:

Қайын жұртың қолыңның ұзындығына қарайды,

Жағаңның қызылдығына қарайды.

Берсең жағасың,

Бермесең дауға қаласың

Өз жұртың – ағайын,

Бар болсаң көре алмайды

Жоқ болсаң бөліп бере алмайды.

Жақсы болсаң күндейді,

Жаман болсаң жүндейді.

Нағашы жұртың:

Жақсылығыңа сүйінеді,

Жамандығыңа күйінеді.

Әрқашан тілеуіңді тілейді,

Тілеуқорлық ниеті билейді.

Үш із: бала, байлық, бақыт – білім

Үш ғайып: қонақ несібе, ажал

Үш алыс: жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жаманның арасы

Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ

Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық

Үш қазына: Ер қазынасы – жүрген із,

Ел қазынасы – көне сөз,

Тіл қазынасы – ескі сөз

Үш мақсат: Саудагер мақсаты – ұту, жол мұраты – жету, дау мұраты – біту

Үш үміт: жазылам деп науқас үмітті, байимын деп кедей үмітті, кетем деп қыз үмітті

Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет

Үш қадірсіз: жастық, денсаулық, жақсы жар

Үш кемшілік: атың шабан болса – жалғанның азабы, алғаның жаман болса – дүниенің тозағы, балаң жаман болса – көрінгеннің мазағы

ҮШ БИ

Үш жүзде болса да олар басты кiсi,

Қазыбек, Төле, Әйтеке менен кiшi.

Соларға жол көрсеткен ұстаз едiм,

Сардар деп құрметтейiн үлкен-кiшi.

4 санының қадір-қасиеттері:

Төрт періште: Жебірейіл, Әзірейіл, Мекейіл, Исрафил

Төрт кітап: Тәрат, Зәбур, Інжіл, Құран

Төрт пір: Жарлының пірі – қалтақ ата,

Ұрының пірі – жалтақ ата

Шебердің пірі – тепшен ата

Кәрінің пірі – кекшіл ата

Төрт тұлға: от, су, жел, жер

Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік

Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс

Төрт тоқсан: қыстоқсан, жазтоқсан, шілдетоқсан, күзтоқсан

Төрт бұрыш: Шын-машын, Мысыр, Рим, Еуропа елдері

Төрт түлік: Түйе пірі – Ойсылқара

Жылқы пірі – Қамбар ата    Сиыр пірі – Зеңгі баба

Қой, ешкі пірі – Шопан, Шекшек ата

Төрт асыл:

  1. Иман. 2. Намаз. 3. Ілім. 4. Мейір-Шапағат.

Имандағы жеті парыз:

1. Алланың барлығына сену. 2. Періштелерге сену. 3. Кітаптарға сену. 4.Пайғамбарларға сену. 5. Ахиретке сену. 6. Жақсылық, жамандық Алладан деп сену. 7. Өлгеннен кейін тірілетінге  сену.

Жеті түрлі іс сәтсіздікке ұшыратады:

1. Күдік-күман. 2. Сиқыр. 3. Тойымсыз нәпсі. 4. Өсімқорлық. 5. Жетімнің ақысын жеу. 6. Жаумен шайқасқанда қашу. 7. Ерлі-зайыптыларды орынсыз сөгу.

Жеті нәрсені жүйкені тоздырады:

1.Ең жеген нан. 2. Зімәдан болған жан. 3. Боямалы тән. 4. Нашадан бұзылған қан. 5.Темекінің түтіні. 6. Арақтың жұтымы. 7. Ақшалы ойынның ұтымы. 

Жеті ғашық:

1.Ләйлі – Мәжнүн. 2.Фархад – Шырын. 3. Таһир – Зухра. 4. Арзу – Камбар. 5.Уәлик – Ғарра. 6.Уәки – Күлшаһ. 7. Жүсіп – Зылиқа.

Жегідей жеген жеті кесел:

1. Коррупция. 2. Мафия. 3. Парақорлық. 4. Бюрократтық. 5. Рэкетерлік.   

6. Маскүнемдік. 7. Жезөкшелік.

Жеті ата:1. Тек ата. 2. Түп ата. 3. Баба. 4. Арғы ата. 5. Ата. 6. Әке. 7. Бала.

Жігіттің жеті қазынасы

Жүрдек аты –жігіт қаны, қанаты

Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты.

Құмай тазы  — бастан берік сенімі,

Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі

Алмас кездік – жігіт сусы, һәм мысы

Ау жылымы – амал, айла, әдісі

Қара қақпан серті себі тірліктің

Осы жеті қазынасы жігіттің.

7. «Шырпылар шытырманы»

1.3 бірдей квадрат шығатындай етіп 4 шырпыны жылжыту керек.

Білімділер мен  тапқырлар сайысы

    2.Үй 10 шырпыдан жасалған. 2 шырпыны қозғатып үйді басқа жаққа бұру керек.

Білімділер мен  тапқырлар сайысы

4 шырпыны қозғалту арқылы 3 тіктөртбұрыш шыгар

Добавить комментарий