Дыбыстық файлдар құру

Дыбыстық файлдар құру

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Түгендеу.
2. Үй жұмысын тексеру: Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Өткен тақырыптарды қайталау:
Массивтер
Ішкі программалар
Шартты цикл
Жаңа сабақ
Дыбыстық файлдар құру

ДК дыбыстық мүмкіндіктері басқарылатын бірканалды дыбыс генераторы арқылы жүзеге асырылады. Ол дыбыс жиілігінде электромагниттік тербелістер өңдіреді. Тербелістер ДК орналасқан динамикке беріліп, оған дыбыс шығартады.
CRT модуліндегі үш процедура арқылы дыбыстық файлдар құра аламыз.

SOUND (F : WORD); — көрсетілген жиілікте динамикке дыбыс шығартады.
Мұндағы: F – герцта көрсетілген дыбыс жиілігі.
NOSOUND – динамикті өшіреді. Егер динамик өшіп тұрса процедура шақырылмайды.
DELAY (T : WORD); — көрсетілген уақытқа программа орындалуын тоқтатып тұрады.
Мұндағы: Т – милисекундта көрсетілген уақыт.
Программада жоғарыдағы үш процедура мына ретпен қолданылады:
SOUND → DELAY → NOSOUND
Мысал: Қарапайым музыкалды файл құру. F – та 1 — октавадағы “до”-дан “си”-ға дейінгі жиіліктер жазылған.
Программа
uses crt;
const
F : array [1..12] of Real =
(130.8, 138.6, 146.8, 155.6, 164.8, 174.6,
185.0, 196.0, 207.7, 220.0, 233.1, 246.9); {1 – октава жиіліктерінің массивы}
Temp = 100; {орындалу шапшаңдығы}
Var
k, n : Integer;
begin
{жоғарылайтын гамма}
For k:=0 to 3 do
For n:=1 to 12 do
Begin
Sound (Round(F[n]*(1 shl k))); {дыбыс шығару}
Delay(Temp); {программаны тоқтата тұру}
NoSound; {дыбысты өшіру}
End;
{төмндейтін гамма}
For k:=3 to 0 do
For n:=12 downto 1 do
Begin
Sound (Round(F[n]*(1 shl k))); {дыбыс шығару}
Delay(Temp); {программаны тоқтата тұру}
NoSound; {дыбысты өшіру}
End;
end.

Тапсырмалар:
1. Кез келген дыбыстық файл құру.
2. кез келген басылған пернеге байланысты әртүрлі дыбыстар шығаратын программа құр.

Оқушыларға типтік есептер беру.

Үйге: Кез келген әннің үзіндісін орындайтын программа құру.

Оқушылардың білімін бағалау.

Добавить комментарий