Екібастұз

Пән: әдебиеттік оқу
Сабақ тақырыбы: «Екібастұз»
Сабақ мақсаты:
Білімділік мақсаты: Мәтіндегі негізгі ой мен идеяны ұғындыру. Мәтін мазмұнын тарау тақырыбымен байланыстыра талдау.
Дамытушылық мақсаты: Көркем сөзді жинақтау, пайдалану, байланыстыра сөйлеу дағдыларының жетілуіне жағдай жасау. Ойлау және байқағыштық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік жасау.
Тәрбиелік мақсаты: Еліміздің қазба байлықтарын қорғап, сақтап қалудың жолдарын қарастыруда өздерін эколог маман ретінде сезінуге мүмкіндік беру.
Сабақтың типі: Пән аралық сабақ
Әдіс- тәсілдер: сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Қазақстанның картасы, жұлдызшалар.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар шаттық шеңберіне жиналады
Бақыт менде, бақыт сенде, бақыт барлық жерде,
Тыныштық менде, тыныштық сенде, тыныштық барлық жерде.
Бейбітшілік менде, бейбітшілік сенде, бейбітшілік барлық жерде.
Осындай жақсы көңіл күймен бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Бүгінгі сабақ күнделікті сабақтан ерекше, сондықтан мен сендерді топқа бөліп отырғызғым келеді.
1- Топ: Алғырлар
2- Топ: Зеректер
3- Топ: Білгірлер
Бүгінгі сабақта оқушылардың білімдерін бағалау үшін әр дұрыс жауапқа жұлдызшалар беріліп отырады, сабақтың соңында жұлдызшаларды есептеу арқылы бағалаймыз.
Үй тапсырмасын сұрау:
«Алатау» тақпағынан ұнаған шумағыңды жаттап келу.
Қызығушылығын ояту:
Бүгіні біздің сабағымыздың ұраны:
Әр бір адам туысым, досым, жұрағат,
Әр бір сабақ үйрену, ұғу, ұлағат
Әр бір ісің тірлік, тірек, адамдық
Әр бір сөзің шындық, бірлік, адалдық.
Енді сабағымызды бастамас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр
Жұмбақ
Аты оның екі, үш бастан құралады,
Ұят қой білмегенің бұл қаланы,
Ол берген көмір менен жылуменен
Сан қала өндірістер нұрланады.
/Екібастұз/
Мағынаны тану:
Біз бүгінгі сабағымызда Екібастұз қаласына саяхатқа шығамыз. Ол үшін біз дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ұлан Жанатұлынан көмек сұраймыз.
Жүріс түрлері арқылы Көкшетау- Астана Павлодар- Екібастұз қалаларына бару.
Ал енді біз Екібастұз қаласына жеттік енді қысқаша мағлұмат алу үшін география пәнінің мұғалімі Анар Назымбекқызын тыңдап көрейік
Мұғалімнің Екібастұз туралы қысқаша әңгімесі.
Енді біз білімімізді ары қарай жалғастыру үшін оқулықтың 62- бетіне назар аударайық.
Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді мәнерлеп оқып. Жеке, жұппен, топпен жұмыс жасау. Эксперт парағына жауап беру.
1. Мәтін мазмұнында айтылған қара домалақ тастар не деп ойлайсыңдар?
2. Қазақстанда тағы қандай көмір шығаратын жер туралы білесің?
3. Екібастұз жерінде көмірдің табылуына кім немесе не себеп болды?
4. Екібастұз Қазақстанның қай өңірінде орналасқан?
5. Саудагерлер бұл жерге тұз қалдырмаса не болар еді?
6. Аяқ астынан көмірдің табылуын үлкен оқиға не жаңалық деп есептеуге бола ма?
Сергіту сәті
Ой толғау:
Алған білімдерін пайдаланып Т кестесімен жұмыс жасау.
Көмірдің пайдасы немесе зияны дәлелде
Көмірдің пайдасы Дәлелі Көмірдің зияны
Оқушылар жеке . жұппен, топпен жұмыс жасайды. Ортаға салады. Тақтаға шығып қорғайды.
Ары қарай тарау бойынша қайталау үшін Алатау мен Екібастұзды салыстырып венн диаграммасын құрастыру.
Оқушылардың топпен жұмыс жасап қорғауы.
Үй тапсырмасын беру.
Бағалау.

Добавить комментарий