«Елімнің тәуелсіздігі-менің тәуелсіздігім»

Жезқазған қаласы

№13 орта мектеп

Қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі

Бейсембаева Ажар Сұлтанияқызы

Түсінік хат

 

          Беріліп отырған сыныптан тыс жұмыс Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің арналған. Жұмыстың негізгі мақсаты- ғасырларға созылған  азаттық, тәуелсіздік жолындағы күресіміздің қайта жаңғырып, дербес ел, тәуелсіз мемлекет болуымызға жол ашқан ел тарихын жырлау, оқушыларды отансүйгіштікке, оны қадір тұтып құрметтеуге, ұлтжандылыққа, барыс сияқты алғыр, жасқануды білмейтін батыл жастар болуға шақыру.Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа тәуелсіздіктің тарихы,егемен еліміздің өзіндік белестері жөнінде түсінік бере отырып, патриоттыққа, елінің адал азаматы бола білуге тәрбиелеу.

Сыныптан тыс жұмыс мазмұнына ой жүгіртсек, тәуелсіз, бейбіт елдегі ата мен немере көрінісі кезіндегі атаның ойға шомып, тарих беттеріне көз жүгіртуінен басталады. Содан кейін  «ақтабан шұбырынды алқа көл сұламадан» бастап желтоқсан оқиғасының куәгерлері Қайраттай, Сәбирадай аға- апаларымыздың аналарының бейнесі беріле отырып,Шынболат атамыздың әуеніне салынған бейбіт те, тәуелсіз, егемен еліміздің қуанышы жайлы жыры арқылы көрініс табады.

         Көрініс  3 бөлімнен тұрады.

1 бөлімде Көпті көрген көнекөз қария немересіне ел тарихы жөнінде әңгімелейді.Әңгіме барысында «ақтабан шұбырынды алқа көл сұлама» жайлы толғайды.

2 бөлімде Сталиндік репрессияның құрбаны болған бес арыс жөнінде толғау айтылып, көрініс көрсетіледі.

3 бөлімде 1986 жылғы желтоқсан құрбандары, аналар қасіреті көрініс табады.

 

 1.Жүргізуші:

                            Армысыздар, жиылған көп халайық

                            Ең алдымен амандасып алайық

                            Тәуелсіздік бүгінгі мерейлі күн

                            Осы күнді қуанып қарсы алайық.

 

                            Елім менің тәуелсіз ел мақтанам

                            Тарих көші тәуелсіздікке тоқтаған

                            Ел тәуелсіздігі-тәуелсіздігім менің де

                            Бақыттымын, қуанамын шаттанам.

 

                            Бақыттымын, барысымын елімнің

Иесімін байлық толы жерімнің

Шымылдығын ашайын тыңдаңыздар

Ел тарихын жыр қылған қойылымның.

 

I көрініс

 

Бастаушының сөзі:  Сахнада «Желтоқсан желі» әні орындалып жатады.

Ата мен немере әнді тыңдап, тоқтап тұрады (шал көзіне жас алып, орамалымен бетін, көзін сүртеді). Ән аяқталады.

 

Шал: Ой, қарағым, өркенің өссін, сай сүйегімді сырқыраттың ғой. Бұл өткен күннің елесі болып қалды.  Ол күн естен кетуші ме еді, сірә?

 

         Әнші: Ата, мен асығыс едім, бүгін тәуелсіздік күні еді ғой! Осы әнді тағ бір сахнада орындаймын. Сау болыңыз, ақсақал.

         Шал: Сау бол, балам!

 

Немере: Ата,неге жыладың? Жыламашы (Атасының көзін сүртеді). Мана маған әңгіме айтамын деп едің ғой, онан қайта сол әңгімеңді айтып берші.

Атасы: Жарайды, балам, жүр үйден домбырамды алып шығайын. Сосын соған әндетіап отырып айтып берейін, мына халық та тыңдасын!

 

 

Ата: Е-е-ей! Қазақ деген халықпыз біз біл балам,

                      Ұлан байтақ сенің жерің бай далаң

                      Осы жерді қанын төгіп қорғаған

                      Қабанбайдай, Бөгенбайдай ер бабаң.

 

Жоңғарлардың қызыққаны бұл дала

Елін ойлап елден көшті бала, ана.

Сол жылдардың оқиғасын бүгінде

Еске сақта, жадыңа тұт, ей бала.

(Сахнда елім-айлап жер ауып бара жатқан қазақтар бала-шаға, кемпір-шал).

 

 

II көрініс

 

 

Кеңес үкіметі көп жаңалық әкелді

Білім алып, ел санасын көтерді,

Ұлттық достық орнатам деп көсемдер

Мемлекеттік тілді арыстарға әперді.

 

Салт-санамыз ұмытылды сол кезде

Тіліміз де шұбарланды сол кезде

Әдет-ғұрып дәстүріміз жоғалды

Селкеу түсті алла берген дінімізге

 

Қазақ елін басқа ұлтқа билетті,

Сол арқылы рухымызды күйретті

Шындықты айтып шырылдаған боздақтар,

«Халық жауы» деп түрмелерге сүйретті.

 

Қаншама жыл естен шықты арыстар,

Өтелмеген мойнымызда қарыз бар

Оян, қазақ!- деп ұран салған халқына

Ахметтей, Міржақыптай барыстар.

 

(Осы кезде бес арыстың суретін ұстаған балалар өтеді)

 

 

III көрініс

 

Есімізде желтоқсанның ызғары

Боздақтардың ел намысына қызғаны

Алау жағып желтоқсанның мұзына

Алаңға шықты Сәбирадай қыздары.

 

Шаштан сүйреп ару қызды сабады

Ер жігітті абақтыға қамады,

Арттарынан іздеп келген аналар

Балаларын абақтыдан табады

 

(Осы жерде Қайраттың темір тордың артынан қарап тұрып сөйлегені)

 

   Қайрат:Жоқ, апа, мен кінәсізбін. Бәрібір түбінде шындық жеңеді

   Ана: Құлыным-ай, құлыным-ай, нендей күйге тап болдың, жаным-ау!

(Сүйеніп тұрып жылайды)

 

 

Мәйіттерге көздің жасы ағады,

Жоқтау зары көкіректі жарады,

Көз алдымда анаң қара балам- ай

Ару қызға жоқтау айтқан ананы

 

 

Сәбираның анасы қабірді құшақтап жылайды :

              Желкілдеген тұлымың

            Ертерек сөнген ғұмырың

            Айналайын ақ ботам

            Қандайда пәлеге ұрындың

 

Соңы: Ақын ата

Ия, осындай заман өткен қарағым

Соны бүгін толғап еске аламын

Жадыңа ұста, иесісің сен бүгін

Мынау байтақ байлық толы даламның

 

Қазақ елі көркейеді жайнады

Елбасшысын өздері қалап сайлайды

Аман болсын Нұрсұлтандай басшымыз

Елдің қамын болашағын ойлайды.

 

Елім деген  елжіреген жүрегі

Қазақ деген елімнің ол тірегі

Данышпандық, көрегендік  көрсетіп,

Бірлікті ойлап, елдікті ойлап жүреді.

 

Нұрағаңдай басшысы бар ел мықты

Қазақстан өркендеуде көп ұлтты

Тәуелсізбіз, бақыттымыз бүгінде

Бүгін қазақ бар қорлықты ұмытты.

 

 

(Барлық көрініске қатысқан адамдар сахнаға біртіндеп шығады.)

 «Елім менің» әні орындалады.

 

Добавить комментарий