\»Ер есімі — ел есінде\»

ЕР ЕСІМІ ӘРҚАШАН ЕЛ ЕСІНДЕ

Ашық тәрбие сағаты

0 « б » даярлық тобы

ЕР ЕСІМІ ӘРҚАШАН ЕЛ ЕСІНДЕ

Мақсаты: 1. Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу.  Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру;

2. Ұлы отансоғысымен, қазақстадықтардың ермек істерімен таныстырып, ой – өрісін дамыту;

3. Балаларға патриоттық тәнрбие беру. Оқушыларға үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадырлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивдық тақта, слайдтар.

Өтілу барысы:

Музыка ойнағанда, балалар турады. «Марш славянки» атты слайды.

Жүргізуші:     Бес жыл болды,

Қиын кез, қиын уақыт

Соғыс бітті деп қуанды,

Батырлар жері үшін, Отан үшін

Өмір қиды осы күнге жетсін деп.

Батыр қыздар: Әлия Молдагулова мен Мәншүк сынды,

Жас кезінен соғысқа шықты

Соғыс біткенге 66 жыл толды

Тату – тәтті өмір сүріп жүруіміз

Осы күнге жеткеніміз

Батырларға мың алғыс!!!

Ұлы Отан соғысы – адамдар жүрегіндегі қорқыныш, мәңгі жара. Бұл қайғылы оқиға 1941жылы 2 маусымда басталып 4 жылдан кейін, ауыр 4 жылдан кейін бітеді. Бұл тарихтағы ең ұлы соғыс. Көптеген адам қаза тапты. Осы соғысқа жас балалардың қатысқаны да шындық.

Осы соғыс ардагерлері отан үшін өз жандарын қиды. Бұл азаматтар нағыз ерлік көрсетті. Адамдар аязға да, суыққа да, аштыққа да төтеп берді.

Бізді қорғаған ата- бабамызға бас ию керекпіз.

Соғыс кезінде адамдар жеңіс үшін барын салды.

Қадірлі аналар мен әйелдер, өз күйеулері мен балаларын еске алып, жылап отыруға уақыт таппай, ерлермен бірге қолдарына қару алып, жауға қарсы шыққан болатын. Соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ.  

Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағулова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. Кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді. 54 – ші атқыштар бригадасының мергені Әлия молдағулова мен ұлттық атқыштар бригадасынын пулемётшісі Мәншүк Маметова Алтын жұлдыз медалімен марапатталды. Олар екеуі де талайма жауды жойып шайқас үстінде қаза тапты. «ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЕР ЖҮРЕК- БАТЫР ҚЫЗДАРЫМЫЗ»атты слайд көрсетіледі.

Ұлы Отан соғысында аты аңызға айналған қаһарманы, белгілі жазушы Бауыржан Момышұлыбылай деп жазды: «Біз – кеңес адамдарымыз, біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ертіп, күйдіріп жібере алады… . біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол Отанға сүйіспеншілік! ». Бауыржан Момышұлы аға лейтинант болып басқарған  8 панфиловшы гвардияшылар батальоны ерекше көзге түсті, Алматы қаласында осы батальонға арналып 8 – панфловшылар атты сая – бағы бар.

Мәлік Ғабдуллин, Қасым Қайсенов, Талғат Бигелдинов, Нүркен Әбдіров, Иван Васильевич Панфилов қазақ халқы арасында мәңгі есте қалды, Кеңес одағының батырлары деген атаққа ие болды. Осы ерлердің құрметіне көшелерді, қалаларды атаған.

Ерлерімізге арналып талайма өлең, тақпақтар шығарулыда. Балаларымызды тындайық:

1)     Солдаттар жаралы                          2)  Жеңіс келді далама,

Майданнан оралды.                               Жеңіс келді ән болып.

Ажал боп төнген жауына,                      Жеңіс келді қалама,

Дауылды көктің қыраны.                  Келді ауылға сән көрік.   

3) Жеңіс келдіәке боп,                     4)  Мәншүк атыс толасында                      

Жеңіс келді алақай!                      Жүр орманның арасында.

                                             «Мені ал, мені ал»-деп алуан гүл,    

                                                                Қолына оның таласуда.

5) Әлияны бұл күнде,                       6) Әпкеміз деп жүреді,

   Барлық бала біледі.                       Атын аңыз, жыр қылып

   Әлия аты – көңілде,                       Елдің батыр түлегі,

  Әпкеміз деп жүреді.                        Әр жүректе тур күліп

7)  Жаралғандай жалыннан                  8) Өр тұлғалы, келбетті

 Жайсаң батыр – Бауыржан,        Қошқарбаев Рақымжан

 Естігенде есімін                            Сын сағатта ерлепті,

 Жау есінен жаңылған.                      Ер сүйсінген батыр жан.

9)  Бауыржан, Мәлік, Талғаттар          10) Аттары әнге ұласқан

 Сүйікті болып қалды аттар.      Нүркен боп ашық тұр аспан,

 Олар аттас қаншама                       Табылар Мәншүк, Әлия

 Сәби бар, шәкірт, солдат бар.        Қарасан әр бір кластан.

11)  Алаулап гүл жарады,                   12)  Үйлер де құламайды,

 Туған жер құлпырады,                     Ешкім де жыламайды,

 Бейбітшілік болса.                            Бейбітшілік болса!

 13) Балалар болады аман,

 Аналар болады аман.

 Бейбітшілік болса!

 

«Жеңіс күні» слайды. Осында орындалған ән Отан соғысынын әнұраны.

1945 жылы 9 мамыр күні дүние жүзі халық бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті. Қазақ халқының батырларына құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. 1 минут тыныштық сақтап, еске алайық.

Жеңіс күні бар әлемге әгілі,

Көктем!

Шуақ – тоғызыншы май күні!

Айтшы кәне,

Бізідің Жеңіс шеруі,

Кездейсоқ па көктемге түс келуі?!

Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп ,

Көңілдерге шұғылысын төккен көп…

Адал ниет адамзатты қуантып,

Жеңіс күні тұрады ылғи нұр балқып.

Осы өлең жолдарымен біздің Ұлы Жеңіс күніне арналған ашық тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз.

Добавить комментарий