Фонемалар \»бағдаршамы\»

 

Фонемалар «Бағдаршамы»

 

Құрметті оқушы! Бұл қолкесте (настольная таблица) Сіз үшін құрастырылды. Қазақ тілі грамматикасының негізгі ережелері он кестеде өрнектеліп, терминдер мен түсіндірмелер екі тілде беріліп отыр. Жаттығу барысында қолдана беріңіз. Дағдыланған сайын кестеге тәуелділік біртіндеп азайып, соңында кесте қажет болмай қалады. Оған жетсеңіз – жазу емлесін толық игергеніңіз, кестенің өз қызметін атқарғаны.

«Бағдаршам» түстеріне назар салыңыз. Олар Сізге жол ережесінен таныс. Қызыл – тоқта! Сары – байқа! Жасыл – жүр! Олардың қызметі түсіндірмедетүсіндіріледі.

Әзірге кестенің оқылуын түсініп алсаңыз, болғаны.

«Бағдаршам» кестесі ішкі реттік нөмірлері бойынша оқылады. Мысалға «а» және «ә» дыбыстарын алайық.

«А»: дауысты (1); жуан (1.1) езулік (1.3) белсенді (жасыл) дыбыс. Барлық көріністе жазылады.

«Ә»: дауысты (1); жіңішке (1.1) езулік (1.3) енжар (қызыл) дыбыс. 1-буында ғана жазылады.

Түсіндірмеде кесте бойынша қажетті мағлұматтар қамтылған.

Төменде тіл дыбыстары кестесінің 1-бөлігін танысу үшін ұсынып отырмыз.

Игілігіңізге пайдаланыңыз!

 

Дыбыс түрлері

 

1 Дауысты

 

Түрлері                1.3 Езулік                 1.4 Еріндік                        1.5 Кірме
1.1 Жуан:           А        Ы         (ый)      О    Ұ      (ұу)    Я (йа)          Ё(йо) ру
                                              И                      У      

1.2 Жіңішке:    Ә   Е       І          (ій)      Ө     Ү      (үу)                       Эру 

 

 

2 Дауыссыз дыбыстар

 

Түрлері             2.4 Төл дыбыстар                 2.5  Кірме дыбыстар         2.6 Таңбалар

2.1 Үнді         Л    М    Н    Р    У    Ң    Й                                                   Ьру

2.2  Ұяң         З    Ж    Б    Ғ    Г    Д     —        Һар    Вру                              Ъру

2.3  Қатаң      С    Ш   П    Қ    К    Т     —        Хар    Фар    Цру    Чру    Щру

 

 

Түсіндірме

 

Терілім:

1 Қалыңжуан дауысты, жоғарғы қатар (1.1).

2 Курсивжіңішке дауысты, төменгі қатар (1.2)

3 Қалың курсивжуан-жіңішке дауысты (и, у, ю).

4 Жол үсті орысша аудармасы немесе кірме дыбыс төркіні.

 

 Ескерейік

1. Қазіргі қазақ әліпбиінде 42 әріп бар.

2. «Ъ» және «ь» белгілері тіл дыбыстарын білдірмейді, белгі ғана.

3. «У» (ұу/үу), «ю» (йұу/йүу), «и» (ый/ій), «я» (йа) әріптері құрама дыбыстарды білдіреді.

4. «Һ» әрпі тек «қаһарман», «гауһар», «жауһар» сөздерінде жазылады. «Аллаһ» сөзі қазақ тілінде «Алла» түрінде жазылады және айтылады.

5. Қазақтың түбір сөзінде қосарланған үнді не ұяң дыбыстар болмайды. Олар «алла», «жаннат», «қағба» «балл» сияқты кірме сөздерде кездеседі. 

 

 Сұрақ, пікір, ұсыныстарыңыз болса, \»Комментарий\» бөліміне салыңыз, хабарласамыз.

Кәкімбек.

Добавить комментарий