Кітап

               Кітап – біздің досымыз.

Мақсаты: 1) оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу;

2) оқушының білімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру;

3) оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру;

Көрнекілігі: кітаптар көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.

                                Барысы:

I-бөлім

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін,-деп Мүзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына.Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.

  Кітап білімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнегі мен тәрбие аламыз. Оқыған –тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ.Дана халқымыз «Батыр бірді  жығады, білімді мынды жығады» деп бекер айтпаса керек.

1-оқушы:

Саған білім жемісін,

Оқулығың береді.

Талай адам сол үшін

Маңдай терін төгеді.

Орманшының аялы,

Алақаны өсірген.     

Сонау ағаш саялы

Қағаз үшін кесілген.

2- оқушы:

Ағаш кесіп қанша адам,

Ормандарда жүреді.

Аға қанша шаршаған

Ағаш тиеп үнемі.

Машинист боп жасынан,

Дүбірлетіп даланы.

Сол ағашты тасыған

Білер ме екен көп адам.

3- оқушы:

Заводтарда күн- түні,

Қағаз жасап бағалы.

Қанша адам кім үшін

Мандай тері тамады.

Оқулықты баршаға,

Талай ғалым қолға алып.

Жылдар бойы қаншама,

Жазады ұзақ толғанып.

4- оқушы:

 Әдемілеп берсем деп,

Бояу жағып не түрлі.

Суретшілер көркемдеп,

Қанша уақыт отырды.

Әріп теруүшін де

Талай адам терледі.

Баспахана ішінде

Айлап тыным көрмеді.

5- оқушы:

Оқулықты мектебің,

Берер саған теп- тегін.

Білмейсің- ау еш бірақ,

Қаншама еңбек кеткенің.

Оқулығың құралың,

Жағар білім шырағын.,

Баса алмайсың ешқашан

Онсыз алға бір адым.

6- оқушы:

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.

Мұғалім: Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол енді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулық болуға шақырады.

Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында қолданады. Одан ақыл- кеңес, тәлім- тәрбие, үлгі- өнеге алады. Кітап- біздің рухани жан азығымыз.

Балалар, бүгін бізге мектебіміздің  кітапханашысы келіп отыр. Ол  кісі қазір сендерге кітапханаға келіп түскен оқулықтар мен әдеби кітаптарды таныстырып өтеді.

Кітапханашы: Балалар, қыркүйек айында әп- әдемі, сыртының жаңа мұқабасы мен әдемі суреттерімен, небір асыл маржандай сөздерімен қиын да, қызықты есептерімен күлімдеп алдарыңа келген оқулықтар мамыр айының аяғында ренішпен, мұңлы болып кітапханаға келіп жатады. Енді сол оқулықтардың реніш көрініс тамашалып көрелік. 

                           II-бөлім

« Кітаптар мұңы»

-Ей, бауырым тұрсаңшы! Біз қайда келдік өзі?

— Ой, мазамды алмашы. Өйткен тірлігі бар болсын. Оданда парақтарымның жыртылып желге ұшып кеткені дұрыс еді.

— Не болды, не болды соншама? Жалғыз сен деймісің, осындай күйге түскен.

— Ой, сен кімсің, сыртың бүп- бүтін ғой өзіңнің.

— Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін болғанымен ішім түтін. Ана тілімін. Мені басып шығаруүшін қаншама адам баласы еңбек етті. Балалар оқысын, сауат ашсын, адам болсы деген ниет қой бәрімізде. Мен де өзімнің білімімді беруге тырыстым.

— Бәріміз де сондай ниетте едік. Артықбай деген баланың қолына түстім.

— Мен Сотқарбай деген баланың кітабымен. Ол парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ұшырып ойнағанда «қой» демеді ғой үлкен ағасы, шіркін!

— Онда мұңдас  болдық қой, достым. Біздің Артықбай көзімді бақырайтып қойып, суретімде бастырып бетімді шимайлайды.

— Адам өз мүлкіне ұқыпты болса ғой. Әдепті балалар көп. Мысалы, менің бір досым бар. Ол екеуіміз парталас болдық. Соның иесін айт, оқушы деп! Бүлдірмек түгілі, шаң мен кір жуытпайды.

— Ендігі алдағы күніміз не болар екен?

Мүмкін бәрімізді жинап- жинап, отқа жағар?

Кітап шығару үшін көп қаржы керек қой.

—      Иә, достар, қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсе екен.

                   III — бөлім

«Кітап емханасы»

Мұғалім: Балалар, бүгін бізге бәрігер келіп отыр. Ол кісі бізге кітаптардың сұраулары туралы біраз мағлұмат береді.

Дәрігер апай, сізге сөз кезегі.

Дәрігер: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Адамдар мен жан- жануарлар сияқты кітаптар да ауырады.

Кітаптарда мынандай ауру түрлері болады:

  1. 1.   Туғаннан пайда болған аурулар ( баспадан дұрыс басылмаған)
  2. 2.   Қартайғаннан болатын аурулар ( көп жыл ұсталғаннан).
  3. 3.   Жұқпалы аурулар  ( жыртылып, сия төгіліп, май қолмен ұстаудан).
  4. 4.   Дұрыс жағдай болмағандықтан болатын аурулар ( терезенің алдында күнде көп тұру немесе ылғал, дымқыл жерде сақталу).
  5. 5.   Бақытсыздықтан болатын аурулар ( жығылып батпаққа бұлғану, жыртылу).

Егер осылардан сақтасаңдар кітаптарың  ешқашан ауырмайды.

             Мұғалім: Міне, балалар көрдіңдер  ме біз бүгін  көптеген  

             мағлұматтар  алдық                                                                                                                                                                                                                                                            

            Осы кітапханалардың  балаларға  білім негіздерін  сапалы    

            меңгертуде, жан- жақты  тәрбие  беруде,  әр  түрлі  әдеби

            шығармалар  мен таныстыруда  атқаратын  маңызы  зор.

           Сондықтан, ең алдымен  кітап  қазынасының  ордасы –   

           кітапханадан   бастайық.            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий