Мемлекеттік мерекелер

ШҚО 
Семей қаласы 
« №  11 ЖОББМ» КММ 
 Ахметова Гульнур Кенесбековна
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы : Мемлекеттік мерекелер.
Сабақтың мақсаты
1. Тақырып бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту.
2. Оқушылардың ауызекі тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыту, сауатты оқуға, жазуға үйрету.
3. Патриоттық тәрбие, оқушылардың өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс — тәсілі:  Сұрақ — жауап, әңгімелеу, қайталау, топтық жұмыс, кластер,бейнеролик, постер құрастыру.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
сәлемдесу;
түгендеу
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Қазақстанның өндіріс орындары тақырыбында диалог құрастыру:
— қыздар кондитер фабрика  туралы;
— ұлдар цемнт зауыты туралы;
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Психологиялық дайындық. Оқушылар дауыстап оқиды.
Алтай Жайық арасы- 
Жарты әлемдей даласы. 
Ол-біздің Қазақстан! 
Кенге толы қойнауы, 
Төлге толы жайлауы, 
Ол- біздің Қазақстан! 
Қазақ тіліне тән дыбыстарды атап, дыбыстарға сипаттама береді
м/ы: жайық-қ-дауыссыз,қатаң
Сұрақ-жауап:
1.Өлең жолдары не туралы? Отанымыз туралы.
2.Біздің Отанымыз қай мемлекет? ҚР
3.Қазақстан Республикасының рәміздері қандай? ту,елтаңба, әнұран
4.Отанымыздың Астана қаласы ҚР  қай  жерінде орналасқан?
5.Отан сөзінің  қандай синоним сөздері  бар?
6.Отан туралы қандай мақал білеміз?
Мұғалім: Тамаша! Балалар, бүгін біз сендермен ҚР жайлы әңгімемізді ары қарай жалғастырамыз.
2)Ой қозғай. Бейнеролик тамашалау (мереке туралы)
(оқушылар бейнероик арқылы тақырыпты өздері анықтайды)
3)Кластер құрастыру
Мереке сөзіне ассоциациялар келтіру:  демалу, дастарқан жаю, қонақтар, сыйлық беру,гүл
Мереке-мейрам, думан- синоним сөздер
Мұғалім: Мерекелер түрлері көп : отбасылық мерекелер, ұлттық мерекелер, кәсіптік мерекелер,діни мерекелері. Ал біз сендермен мемлекеттік мерекелер туралы  сөз қозғаймыз.Сендер қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер?
Мұғалім: Албіз сендеомен желтоқсан айында өтетін мемлеекеттік мерекелер жайлы сөйлесеміз.
4) жаңа сөздермен жұмыс:
Тұңғыш президент күні-день Первого президента
Тәуелсіздік  күні-день Независимости
Құттықтау-поздравлять
Дастарқан жаю-накрывать на стол
Тілек – пожелание
Мереке құтты болсын! -С праздником!
5) Постер құрастыру. Оны қорғау:
— Мереке қай күні  аталып өтеді.
(когда отмечается этот праздник)
— Мерекенің маңыздылығы.
( раскрыть значимость данного праздника)
 Мереке қалай тойланады?
( как отмечают данный праздник)
1-топ: Тәуелсіздік мерекесі
2-топ: Тұңғыш президент күні
6) дәптермен жұмыс:- 1 топ: «Отан» сөзін септейді, 2 топ «мереке» сөзін септейді.
6) «Хат» ойны.
Ойынның шарты: оқушылар тез арада берілген конвертті ашып, сөздерді сөйлемге жинау керек.
7) Бекіту. Күнтізбенің суретін көрсету .
1 Кластерді толықтыру
2. «Бәйге» ойыны:
Сонымен ҚР  қандай  мемлекеттік мерекелер бар?
Желтоқсан айында қандай мемлекеттік мерекелер болады?
Тұңғыш президент мерекесі аптаның қай күніне түсті?
Тәуелсіздік мерекесі қай күні аталып өтеді?
8) Флайвер тарату.
8) Бағалау. Оқушыларға үш түсті шарлар ұсынылады, өздерін бағалап шарды бағасына сәйкес таңдап алады:
«5»- көк түс
«4»- сары түс
«3»- қызыл түс
Үйге тапсырма: құттықтау,тілек жазу: 1 топ тәуелсіздік мерекесіне, 2 топ Тұңғыш президент күніне.
Мұғалім: Құрметті көрермен қауым, еліміз тыныш, жұртымыз аман, көңілдеріңіз көтеріңкі болсын деген игі тілектер жолдай отырып біз өздеріңізбен қоштасамыз. Әрқашан да Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік болсын!

Добавить комментарий