Сан есімді қайталау Қазақ тілі

Шығыс Қазақстан Облысы

 Семей қаласы

«№ 31  ЖОББМ» КММ 

                Бастауыш  сынып  мұғалімі

                Капышева Индира Адылбековна

 

Сабақтың тақырыбы: Сан есімді қайталау

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Оқушылардың сөздік қорын дамыта отырып,заттың сандық ұғымын таныту барысында білім деңгейлерін арттыру мақсатында ойын жетілдіру,алдыңғы тақырыптармен байланыстыра отырып білімін бекіту.

Тәрбиелік:Сандарға қатысты ұғымдарға мән беріп,шапшаңдыққа,ізденімпаздыққа топпен жұмыс жасай отырып,ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушыларға сандарға қатысты ұғымдарға мән бере отырып,дамыта оқудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдаланып,оқушылардың теориялық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақ түрі:аралас

Сабақтың типі: дәстүрлі

Көрнекілігі: парақшалар,үлестірмелі материалдар,жұмыс дәптері,деңгейлік тапсырмалар,ұяшық таңдағыш,сиқырлы қорапша ,үй гүлі.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,іздендіру,баяндау т.б.

Пәнаралық байланыс: математика ,әдебиет,логика

І Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен амандасу

-Сабаққа даярлығын тексеру

-Сыныптың тазалығын тексеру

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген тапсырманы орындау

Балалар өткен тақырыпты толығымен ұғыну мақсатында тақтада тұрған ұяшықтарды таңдайсыңдар.Әр ұяшықтың сұрағы деңгейлеріне байланысты болады.Қанеки кім шыққысы келеді?(Оқушылар ұяшықты алып сұрақтарға жауап тыңдалады)

Сұрақтары

20-сан есім деген не?

20- күрделі сан есім дегеніміз не?

30- дара сан есім дегеніміз не?

30- сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

40- күрделі сан есім қалай жазылады?

40- сан есімнің емлесін айтып бер

ІҮ Жаңа сабақ

Оқушылар мына сиқырлы қорапша бізге тапсырма әкеліпті.Ендеше оқып көрейік.Бұл гүл бізге не айтады екен?(гүл артында «сан есімді қайталау» жазуы болады)

Ал ендеше оқушылар бұл гүлді сан есімді қайталау гүлі деп алайық.6 топқа бөлініп әр топ әр турды бітірсе гүліміздің сабағын,жапырағын орнатамыз.

Топтың аты: Есептік сан есім

Топтың аты: Реттіке сан есім

Топтың аты:Жинақтық сан есім

Топтың аты:Болжалдық сан есім

Топтың аты: Топтау сан есім

Топтың аты:бөлшектік сан есім

Топ аттары таратылады.Ал ендеше оқушылар 1-турымызды бастаймыз.Алты топтан бір-бір оқушы келе қойсын.(Әр топтың өзіне сәйкес сұрағы бар)

1-топ: Есептік сан есім дегеніміз не?сұрағы қандай?мысал

2-топ: Реттік сан есім дегеніміз не?сұрағы қандай? мысал келтір

3-топ: Жинақтық сан есім дегеніміз не?сұрағы қандай?мысал келтір

4-топ: Бөлшектік сан есім туралы не білесің? мысал келтір

5-топ: Топтау сан есім дегеніміз не?сұрағы қандай мысал келтір

6-топ: Болжалдық сан есім дегеніміз не?сұрағы қандай мысал келтір

Жарайсыңдар:1-тур бітті.енді «Сен есімді қайталау» гүлінің сабағын орналастырамыз.

Енді өлең беремін сол өлеңге сәйкес өздеріңе аттарыңа қатысты шумақты оқып беріңдер.

2-тур

Өлең беріледі

Достық жырын ту етем!

Бір,екі,үш бойға жинап күш,

Көңілденіп ой қосып

Жиып достар біздер күш.

Достық жырын шырқаймыз.

Бірінші болам әрқашан

Екеу,алтау,төртеу боп

Бірігеміз әрқашан.

Бестерде мейлін ондарда

Болсын жасы достардың

Туды ұстап қолыма

Біріксек төмен құздар шың.

Екі-екіден,бес-бестен,

Қосылыңдар біздерге

Достық жырын айтамыз

Бірігі дос боп сіздерге

Бөлісіп әр кез барымды,

Үштің бірін берейін.

Достық жырын осылай

Сіздерге айтып келейін.

Дұрыс айтасыңдар жарайсыңдар оқушылар.Ендеше екінші турымызды бітірдік.гүліміздің жапырағын құраймыз.

3-тур

Сан есімдерді аттарына сәйкес беремін ал сендер құрылымын мағыналық түрлерін ажыратасыңдар.

1-топ :жиырма сегіз

2-топ:бірінші

3-топ: жетеу

4-топ: жүздеген

5-топ: жиырма бестен

6-топ: Екі жарым

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Екеуін қоссақ он саусақ.

Оқулықпен жұмыс

Ү. Жаңа сабақты бекіту

Мінеки оқушылар мына гүл арқылы біз бүгінгі «Сан есімді қайталау» тақырыбын түсіндік.

Үйге тапсырма

Сан есмге байланысты ребус,сөзжұмбақ

Қорытынды

Бағалау

Оқушыларды мадақтау әдісі бойынша бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий