Секен Тұрысбеков «Көңіл толқыны»

  Аудандық балалар саз мектебі

Тақырыбы: Секен Тұрысбеков «Көңіл толқыны».
Орындаған: Аудандық балалар саз мектебінің домбыра класының мұғалімі Айтмағамбетова Г.Қ.

 

Сабақтың тақырыбы: Секен Тұрысбеков «Көңіл толқыны».

 

Сабақтың максаты: Домбыра аспабы бойынша жалпы жүйелі де,
жан- жақты білім беру. Оқушының до быра аспабына деген қызығушылығын артыру.

Білімділігі: Секен Тұрысбековтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру, шығармаларды ойнауды ұғындыру.

 

Дамытушылығы: Оқушы шығарманы ойнаған кезде, дұрыс ойнауын, есте сақтау, қортындылау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Күйді орындаған кезде, аспапта дұрыс отыруын саусақтарын шатастырмай дыбысты таза алуға тәрбиелеу.  

Сабақтың түрі: жеке оқушымен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта. Аспаптар фото- сурет.

 

Сабақтың барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі: 1. Үй тапсырмасын тексеру.
                     2. Автор туралы мәлімет.
3. Күйдің шығу тарихы, күйді талдау.
4. Топтау схемасы оқушыға арналған.
5. Екі қолдың қойылымына, домбыраны
дұрыс ұстап отыруын қадағалау.
6. Теориялық талдау.
7. Домбыраның күйін тексеру.
8.Сабақты қортындылау.

 

 
          Үй тапсырмасын тексеру.

  Үйге берілген тапсырма орыс халық әні «Коробейники». Қағыстармен жұмыс жасау. Оқушы орыс халық әні «Коробейники»
әнін жатқа ойнау. Фортепианоның сүйемелдеуімен бірге қосылып ойнау. Шығарма ән болғасын жерде көңілді ойнау керек. Екеуі бір-бірін тыңдап ансамбль болуы тиіс. Шығарманы орындаған кезде қағыстарына аса маңызды төмен қағысты күреп уш жоғарғы қағысты уш саусақты тізбектеп жоғары алу керек.Динамикалық белгілерге көңіл бөлу. Сағада дыбысты күшейтіп ойнау. Репризаны бірінші орындаған кезде форте мен, екіншісін қайталағанда пианомен ойналуын қадағалау.

Жаңа сабақ.

      Секен Тұрысбеков 1961жылы қазіргі Шығыс Қазақстан Семей облысында, бұрынғы Үржар ауданында 1май ауылында дүниеге келді.
Семей қаласындағы М. Төлебаев атындағы музыка училищесінде Қ. Досымжанов класын тәмамдап, Алматы мемлекттік Құрманғазы атындағы консерваториясын М.Әубәкіровтың жетекшілігімен бітірді. Сазген фальклорлық – этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі және бөлім меңгерушісі «Ақжауын» мемлекеттік камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижеры. « Жазғы қар», «Көңіл толқыны», «Ақ жауын», «Балауса», «Толғау», «Жанымнан тәтті өмір», т.б. ән-күйлер мен романстардың авторы.
1985жылы Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің XII дүниежүзілік фестивалінің, 1988жылғы Қазақстан Комсомолы сыйлығының лауреаты. 1993 жылдан Қазақстан Республикасының әртісі.
«Көңіл толқыны» — нағыз шедевр шығарма. Секен ағаның айтуынша бұл күй тағдыр тәлкегіне түскен кезде келген. «Көңіл толқыны» 1985-87 жылдары туған. Секен аға екі жасар Жанар және Анар атты қыздарынан табан асты айырылып қалған. Бірін көлік қағып кетсе, екіншісіне көз тиіп қайтыс болған. Қос бірдей баласын жер астына тапсырған Секен аға ауыр күйге түсіп, қатт тұйықталып кеткен.
Жер бетіне сыймай, қайғы жамылған сәтте, «Көңіл толқыны»күйін өмірге әкеледі. Күй бірден көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, кеңінен таралады. Тіпті алыс – жақын шетелдегі жұртшылық күйді тыңдаған бойда оның авторын іздестіріп, күйдің шығу тарихын білгілері келеді. Жапондық тыңдармандар күй аннотациясын сұраган кезде, автор іштегі орны толмас, өкінішті сыртқа шығармас үшін «Бұл күй «Невада – Семей»қайғысына арналған еді»деп қоя берген.
«Көңіл толқыны» күйі шертпе күй болғандықтан байсалды, салмақпен орындалу қажет. Оң қолдың шертіпорындалатын қағыстары аса маңызды, төмен қағыстарды күреп, жоғарғы қағыстарды сұқ саусақпен жұмсақ орындалуына көңіл бөлу керек.
Негізгі буындасол қолдың лига дыбыстарын жұмсақ ойнап орындалуына назар аудару керек. Негізгі буында сол қолдың лига дыбыстарын жұмсақ ойнап әрі соңына дейін тыңдап орындау қажет. Орта буындағы кездесетін үстіңгі ішектегі ноталарды ерекше вибрация (саусақты пернеде сәл тербете) мен ұстап, келесі дыбысты орындаған жәй жұмсақ орындауды қадағалау.
Крещендо диминуэндо белгілері кедесетін жерлерде «толқын» сияқты орындалады. Сағада дыбыстарды бірте – бірте күшейтіп бірте бірте кемітіп ойнау керектігін, ферматаны жұмсақ келіп дыбыстың соңына дейін тыңдалуын қадағалау керек.
Репризаны бірінші рет орындағанда, форте мен, екінші қайталағанда пианомен ойналу керек. Күйдің coda – сын дыбыстарды ұстанынқырай келе pp – мен аяқталуы қажет.

  Бағалау:

Секен Тұрысбеков «Көңіл  толқыны»
Секен Тұрысбеков «Көңіл  толқыны»
Секен Тұрысбеков «Көңіл  толқыны»
Секен Тұрысбеков «Көңіл  толқыны»
Секен Тұрысбеков «Көңіл  толқыны»
Секен Тұрысбеков «Көңіл  толқыны»
Секен Тұрысбеков «Көңіл  толқыны»
Секен Тұрысбеков «Көңіл  толқыны»
Секен Тұрысбеков «Көңіл  толқыны»

Презентацияны жүктеп алу[attachment=252]

Добавить комментарий