Табиғатты қорғайық

Тақырыбы: Табиғатты қорғайық.

Мақсаты: Ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзкарасын дамыта отырып, өзін қоршаған табиғаттысүюге, Қ. Р табиғат байлығын аялап, қорғайтын экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары азамат болуға тәрбиелеу.  

Көрнекілігі: «Семей полигоны»видеофильмі, слайд «Қазақстан байлықтары», М. Шаханов «Арал қасіреті» беине-баяны, «Арал теңізі»бейне призентациясыҚазақстанның картасы.  

Өткізу әдісі:әңгімелеу, сайыс .  

Жоспары: I Ұйымдастыру.  

II Негізгі кезең.  

III Қортынды.  

I Тәрбие сағатының жүру барысы мен және мақсатымен таныстыру.  Балаларды 2 топқа бөлу.

 II Балалар адамзат баласын қоршаған ортаны қалай атаймыз? Бүгінгі сабағымыздың барысы да осы бізді қоршаған орта- табиғатымызды қорғау барысында өтпек. Табиғат жыл өткен сайын азып, құрып барады. Неге? Оны аздырып тоздыратын кім? Қазақстан Республикасы атмосфераны ластаудан дүниежүзі бойынша бірінші орынға шығып отыр.  Әрине бұл реттеҚазақстандағы жалға алушы шетел компанияларының да үлесі бар.  Адам өзін қоршаған орман-тоғайдың ағашын есепсіз кесіп ауылшаруашылығын дұрыс жүргізбеген діктен, жерді оның топырағын аздырып, тоздырды. Тыңды игеріп: « Иесіз жатқан даланы көкорай шалғынға аиналдырдық» дедік. Иесіз жатқан қу дала , дегеніміз төрт түлік малдың өрісі екендігін ұмыттық.  Біздің Республикамыздың жерінде ірілі-ұсақты 7, 5 мыңдай өзен, 40 мыңға жуық көл, мыңдаған бұлақтар бар. Ғалымдардың деректеріне сүйенсек жыл сайын көлдердің, жер асты суларының көлемі азайып барады. Оның қаншалықты зардабы болатынына Арал теңізі куә.  Тұзды тозаңнан жан-жағын күйдіріп, адамдар арасында ауру-сырқау тудырды.  «Арал теңізі» бейне-призентация көрсету. Артынша «Арал қасіреті» бейне-баянын көрсету.  Мұнай-газ кен орындарына таяу орналасқан халықтар арасында, мәселен Маңғыстауда басқа жерлермен салыстырғанда ауру-сырқау адамдар жиі кездеседі. Бұл мұнай мен газды алғанда ауаға тарайтын газдың салдары.  Қазақстан жерінде шаруашалық мақсатқа деп кішігірім жарылыстар жасалып тұрады. Ресейдің Астрахань облысының жеріндегі «Капустин Яр»әскери қалашығында дайындалған ядролық бомбалар да Батыс Қазақстан жерінде жарылып келді.  Бұлардың бәрі халық пен табиғатқа зиян. Адамзат баласының дамуымен бірге табиғат та құрып бара жатыр.  2 Қ. Р. табиғат байлықтарын слайд арқылы көрсете отырып, қазба байлықтарды өндірудегі пайдалы, зиянды жақтарын(оқушыларды екі топқа бөлу арқылы )интерактивті тақтада жазу.  3 « Семей полигоны»видеофильмінен үзінді көрсете отырып, табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланудың адам өмірінде маңаздылығын атап көрсету.  Осы өлкені мекендеген халықтың жарты милл-н, жетпіс мыңы алғашқы жарылыстан ақ жапа шекті.  Міне жабылғанына 20 жылдан асып кетсе де Семей жері, халқы әлі де полигонның зардабын тартып келе жатыр.  4 Сайыс кезеңі.  I Мультемедия кешені арқылы Қ. Р.  қорықтарын слайдтармен көрсету.  Топтар картадан қорықтарды тауып, белгі жапсырады.  II Табиғат туралы, жан-жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы мақал-мәтелдер жарысы.  III Өсімдіктер, жануарлар туралы жұмбақтар жарысы.  5 Күнделікті қоршаған ортада мынандай қарапайым ережелерді сақтай отырып, біз де табиғатты қорғауда өз үлесімізді қоса аламыз.  Суға, өзен көлдерге шөлмек , қалбырлар лақтырмай, өсімдіктерді жұлып, сындырмай, орман , тоғайға барғанда от жағылған жағдайда оны сөндіріп жүруге, көшеде қоқыс тастамауға т. б.

 III Қортынды:Топтарды марапаттау.  Мұғалімнің қортынды сөзі.  Міне балалар Қазақстан Республикасы тұрақты даму жолына түскенде экологияландырылған білімді ұрпақ бізге өте қажет.  

 Ә. Бақтығалиева ,

 Орал гуманитарлық колледжі.  

 

Добавить комментарий