Ыбырай Алтынсарин және қазақ балалар әдебиеті

Пәні: «Балалар әдебиеті»
Мамандық: «Мектепке дейінгі тәрбилеу мен оқыту»
Сабақтың тақырыбы:   «Ыбырай Алтынсарин және қазақ балалар әдебиеті»
Сабақтың мақсаттары: 

  1.  Балалар әдебиеті пәні арқылы өз мамандықтарына сай Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын талдап, оны болашақ сараманмен ұштастырып, балаларға арналған дүниелерді түрлі ақпараттық технологиялар арқылы беру;
  2. Балалар әдебиетінің атасы-Ы.Алтынсарин шығармаларының түйінін ұғындыру, сол арқылы балалардың бойында адамгершілік қасиетін дамыту;
  3. Ыбырайдың әңгімелерінің астарындағы түйіннің тәрбиелік мәнін ұғындыру;

Әдіс-тәсілдері:  шығармаларын өздері оқи отыра талдау, түсіндіру, рөлге бөліп көрсету, кітаптан оқу, салыстыру, топтастыру,  ізденушілік, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, ақпараттық технология
Сабақтың түрі:  аралас, зерттеушілік, практикалық сабақ
Көрнекіліктер:  интерактивті тақта, слайд,  түрлі аудио, видио жазылымдар
Сабақтың типі: жаңа материалды алдын- ала беру арқылы меңгерту
І. Ұйымдастыру кезеңі: Студенттерді түгендеу, үш топқа бөліп отырғызу (3 мин)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасы топты үш бөлікке бөлу арқылы сұралады. Алдыңғы тақырып XIX ғасырдағы қазақ балалар әдебиетіне жалпы шолу, бірнеше авторларға тоқталып соның ішінде Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын, қызметтерін талқылау; Үй тапсырмасын белгіленген кесте арқылы топтастырып сұрау. Үй тапсырмасын белгіленген деректер арқылы топтастырып сұрау. (8 мин)
Нақты деректерді топтастыру: (Рет-ретімен тұрған сандар арқылы Ыбырайдың өмірбаяны мен шығармашылығын айтып беріңдер)
1841 – Ыбырайдың туған жылы. Қостанай обл. Затобол ауданында туды.
1850 – Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебіне түседі.
1857- Мектепті үздік бітіріп шыққан жылы
1859- Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасқан жылы.
1860 – Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп ашу туралы шыққанда (Тройцк, Торғай, Ырғыз, Қазалы) өзі сұранып,Торғай мектебіне мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп ашу мүмкін болмай, іс көпке созылады, жиналған балаларды өз үйінде оқытқан жылы.
1864 –  Мектептің қаңтар айында ашылған жылы
14  – Сол мектепке қабылданған бала саны.
1876 – Петербург, Қазан қалаларына барған жылы
1876 – Н.Н.Ильминскийге жазған хатында «Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым,» – деп жазған жылы
1876 – «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріскен жылы
1879 – Орынборда хрестоматияның басылған жылы
1889 – қайтыс болған жылы.
ІІІ Жаңа тақырып: (8 мин)  Видио таспа арқылы «Қазақ балалар әдебиеті және Ы.Алтынсарин» Ы.Алтынсариннің тек балаларға арналған шығармалары туралы мәлімет беру және жазылған видио жазба арқылы студенттердің назарын алу; (видио 2 мин)
Ы.Алтынсарин XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, тұтастай өмірін халық ағарту ісіне арнаған ағартушы. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі қазақ балаларына арнаған шығармаларымен, тұңғыш мектеп ашумен байланысты.
Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.
«Қазақ хрестоматиясына» енген шығармалары.
Ыбырай лирикасы: табиғат бейнесін суреттеген «Өзен», «Жаз»  өлеңдері,жастарды ізгілікке, қайырымдылыққа,ата-ананы,досты сыйлауға шақыратын «Бұл кім?», «Әй,достарым!», «Әй,жігіттер!», «Ананың сүюі» өлеңдері бар. Әлеуметтік теңсіздік:«Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері». Шағын әңгімелері.
Адамгершілік тәрбиесіне арнаған «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Алтын шекілдеуік», «Қарға мен құрт», «Сауысқан мен қарға», «Әдеп», «Тәкаппарлық», «Байұлы» т.б.
Ыбырайдың жастарды,ізгілікке, бауырмалдыққа, мейірімділікке, достық, жылы жүректілік қасиеттерге баулитын «Бір уыс мақта», «Аурудан аяған күштірек», «Мейірімді бала», «Полкан деген ит», «Таза бұлақ», «Әділдік» т.б. әңгімелері бар. Жастарды еңбекті сүюге,оқуға, өнерге ұмтылуға жігерлі,төзімді болуға үндеген «Өрмекші,құмырсқа, қарлығаш», «Жан-жануарлар айтысы», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Мұңсыз адам» т.б. әңгімелері. Өнер мен білімді үлгі еткен «Лұқпан әкім», «Зеректік», «Силинші ханым», «Білгеннің пайдасы», «Талаптың  пайдасы», «Атымтай жомарт» әңгімелері.
Аудармалары:

  1. Л.Толстойдан: “Силинчи ханым”, “Мұңсыз адам”, “Данышпан қазы”, “Үш ұры”, “Жақсылыққа жамандық”,  “Жаман жолдас”
  2. К.Ушинскийден: “Түлкі мен ешкі”, “Сауысқан мен қарға”
  3.  И.Паульсоннан: “Алтын шеттеуік”, “Бір уыс мақта”,  “Тәкаппаршылық”, “Әдеп”.
  4. И.Крыловтан: “Қайырымды түлкі”

Видио жазылым арқылы балаларға көрсететін дүниелерін балалар әдебиеті бойынша қор жинақтау; (Ыбырайдың ең алғашқы ұстаздық қызметі туралы видио) (6 мин)
IV. Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар : Алдын-ала берілген материал бойынша жаңа сабақты тапсырма беру арқылы студенттердің өздері түсіндіру. (17)  Сабақ барысында студенттерді топтастыру: Ыбырай шығармашылығын оқытушы берген мәліметке сүйеніп әрі қарай өрбіту, шығармаларын өз беттерінше талдау, түсіндіру.
«Шығарманы  дауыстап оқу арқылы тақырыптық талдау»

  1. Топ «Өнер-білім бар жұрттар…» (Ы.Алтынсариннің өлеңдері) (Алдарына берілген хрестоматиялардағы Ыбырай өлеңдерін оқып, өздері түсіндіріп, талдау жасайды, түйінін шығарады )
  2. Топ «Талап, еңбек, терең ой, бес асыл іс….» (Ы.Алтынсариннің әңгімелері, ертегілері) Екі-үш әңгімесін оқып, мазмұнына талдау, рөлге бөліп көрсету
  3. Топ «Ыбырай-тамаша аудармашы» (В.Алтынсариннің аудармалары, мысал келтіріп). Мысал өлеңдерін кейіпкерлерге талдау;

«Ойлан, тап!…» Берілген мақал-мәтелдерді жалғастыру, және қандай әңгімесінен алынғанын табу…

  1. «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың…………» (азды қанағат етпесең, көптен құр қаласың) «Әке мен бала»
  2. «Біреуге жақсылық етсең,…..» (ол жақсылығыңды міндет етпе) «Таза бұлақ»
  3. «Күн түссе, күннің, шөп түссе шөптің……» (сәулесі түседі, көңілің де сол сияқты сыртқа ашық көрініп тұрсын) «Таза бұлақ»
  4. «Бағып-қағуда…..»(көп мағына бар) «Бақша ағаштары»
  5. «Не нәрсенің сыртына қызықпа….» (асылы ішінде болар, «Алтын шеттеуік»)
  6. “Дүниедегі жаратылған, жәндік-жансыздардың ешқайсысының …..” (керегі болмай қалмағы жоқ) «Бір уыс мақта»
  1. Тар жерде жолдасын тастап қашатын…. (достармен жолдас болма) «Жаман жолдас»
  2. «Еңбекпен табылған….» (нан тәтті) (Атымтай Жомарт)

Ыбырай өлеңдеріне байланысты кестелер толтыру

Ыбырай сөзі

Қандай қасиеттерді айқындайды?

1.Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар.

2. Өнер-білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Жылдам хабар алғызды.

3. Ақылсыз жанды досым деп,
Басыңды қосып, сыр айтпа.
Күндердің күні болғанда,
Ол жаман айғақ болар басыңа.

4. Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.

Әңгімелері, ертегілері

V. Сабақты бекіту: (4)

 


Ы.Алтынсарин               өлеңдері

Аудармалары

Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұрасы

                                                                                                                                      

Әңгімелеріндегі  нақыл сөздер

 



Ыбырай Алтынсарин және қазақ балалар әдебиеті

Берілген диаграммадағы тапсырмалар арқылы қысқышы өз ойларын сабақтан түйгендерін бекіту; Соңы: Ы.Алтынсариннің шығармашылық жолы туралы видио жазылым тамашалау;
VI. Үй тапсырмасы: (3 мин)
1.Ыбырай шығармаларын оқу, мазмұндау. Бір әңгімесіне қарап балаларға арналған сурет салу;
2. Ыбырай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу;
3. Ыбырайдың әңгімелерінен, аудармаларынан  балаларға арналған сценарий құру ;
VII. Бағалау: (2 мин) 
VIII. Қорытынды:

Ыбырай Алтынсарин және қазақ балалар әдебиеті
Ыбырай Алтынсарин және қазақ балалар әдебиеті
Ыбырай Алтынсарин және қазақ балалар әдебиеті
Ыбырай Алтынсарин және қазақ балалар әдебиеті
Ыбырай Алтынсарин және қазақ балалар әдебиеті
Ыбырай Алтынсарин және қазақ балалар әдебиеті
Сабақ жоспарымен презентацияны жүктеп алу [attachment=247]

Добавить комментарий