Жолда жүру ережесін сақтайсың ба?

 Матниязова Гульнар Кадиржановна

Арал көпсалалы колледжінің оқытушысы

Арал қаласы Қызылорда облысы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтайсың ба?

Мақсаты: Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. Автомобиль, трактор жүргізушісі ретінде жол ережелерін қатаң сақтап, жол-көлік оқиғаларынан сақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол ережесіне арналған кітаптар.

Барысы: Топ жетекшісінің кіріспе сөзі. Әрқайсысыңыз маман ретінде көлік жүргізушісі, жеке тұлға ретінде жаяу жүргінші ролінде бола аласыздар. Сондықтан екі рольде де жолда жүру ережесін сақтау – мідетіңіз. Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір студент колледжде оқылатын » Жолда жүру ережесі »  сабақғын мұқият тыңдап, әр сабақтан өзіне қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі, тәртіпті оқушы, студент көшеде, жолда  жүру ережесін, заңын бұзбайды.

Төмендегі жұмбақтар бізге жаңалық болмаса да, шешіп жіберейік.

1. Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,

 Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам)

2. Өзі сөйлей білмейді,

 Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»

3. Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

 Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

4. Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,

 Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

Бағдаршам  өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын  біліп, тіліп алу  баршамызға  керек. Неге?

Біздің қаламызда, сол сияқты  біздің  еліміздің  қала, ауылдарына  бәріне  ортақ көше  қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни  барлық  жүргізушілер, көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек.

— Студенттер, сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен, көрейік . Мынадай сұрақтарға  жауап беріңдерші.

—  Жиек жол деген не ? /Адамдар  жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол . /

— Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды ? /Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді./

– Бағдаршам жоқ  көшелерден  қалай  өтеміз ? /Егер өтетін  жерде  бағдаршам  болмаса  көшеден  өте бере  әуелі  сол жаққа қараймыз. Көшенің орта  тұсына жеткенде , оң жағымызға көз  саламыз. Егер ол  жақтан  машина  келе  жатса , өтіп  кеткенше , сол орында күте  тұрамыз. /

Бағдаршам :

Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын  мүдіріп , ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төрт  топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Бағдаршам :

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

«Тоқта, сақтан, жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

  Студент:

Төрт топтан құралған,

Белгілер туыстай.

Жол сілтеп тұрады.

У-шусыз ұрыспай.

Сақтандыру , ескерту белгісі:

Қып – қызыл  үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар  жолдаған.

Аман – сау жүреді  жаяу да , көлік те ,

Мен берген белгіні  сақтаған , қолдаған.

 Тыйым салу  белгісі:

Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін , қаталмын  салмақты .

Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге,

Қауіп  бар , бағдарла  көз салып  жан – жақты.

  Міндеттеу белгісі:

Белгімін  көрсетер  жылдамдық бағытты,

Міндетті  бұрылыс , әйтпесе  қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол , шартыңды міндетті  орында !

  Ңұсқау белгісі:

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

Үн – түнсіз жол  сілтеп , жол  нұсқап  тұрамын.

Күндіз де  , түнде  де от болып жанады,

Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.

Топ жетекшісі: Студенттер, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын тағы бір қайталап шықтық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.  

Ирек – ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.

            Топ жетекшісі:  Г. Матниязова

Добавить комментарий