5 сынып \»Қалаға саяхат\»

Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектепте қазақ тілінен 5 сыныпта "Қалаға саяхат" тақырыбына қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Қалаға саяхат

Сабақтың мақсаты: Диалогтік оқыту (сұрақ- жауап)әдісін қолдана отырып, оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын дамыту;

Сабақтың міндеті: Қалаға саяхат  тақырыбы бойынша жаңа сөздермен танысу, сұрақ- жауап арқылы өз ойын, пікірін  еркін жеткізе білуге үйрету, жеке, жұптық, топтық жұмыс барысында ынтымақтастыққа, өзінің оқуына деген жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу.

Қолданылатын модульдер:

Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер.

  Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау әдістері.

Оқытуда АКТ- ны пайдалану.

Сыни тұрғыдан ойлау.

Оқудағы басқару және көшбасшылық.

Стратегиялық іс- әрекеттер:  «Ой қозғау», «Кластер»әдісі (АКТ), жеке,жұптық, топтық жұмыс,сөз тіркесін, сөйлем  құру(АКТ),  «Алтын балыққа арналған аквариум», «Мюнстенберг» әдісі «Инсерт», 2** 1 тілек.

Күтілетін нәтиже:Диалогтік оқыту барысында оқушыларөз ойын, сөйлеу, сұрақ қоя білу дағдыларын қалыптастырады. Ынтымақтастық әрекеті арқылы топта өзіне-өзі, өзгені бағалауға үйренеді.Сынып оқушыларының ой-өрісі жетіледі.

Сабақты «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалайды.

Бөлімнің мазмұны

Мұғалім іс- әрекеті

Оқушы іс- әрекеті

Бағалау

(формативті, жиынтық)

Ресурстар

І. Кіріспе.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Психологиялық атмосфера құру.

3. 3 топ құру.

Амандасу.

Оқушылар тұрғызып,  «Көңілді би» сергіту сәтін өткіземін.

Оқушыларға буынға бөлінген  қима қағаздар беремін.

Оқушыларға бүгінгі күнге сәттілік тілеп, «Алтын ережені» еске түсіреміз.

Оқушылар амандасады, шеңберге тұрып, сергіту сәтін орындайды.

Әрбір оқушы буын арқылы өз жартысын тауып, шыққан сөз бойынша тиісті орнына отырады.

Оқушылар ережені өздері айтады.

—  тәртіп сақтау;

— белсенділік таныту;

— ұйымшылдық;

— Жауапкершілік;

«жақсы, өте жақсы».

«Көңілді би» сергіту сәтінің бейнеролигі.

Буын сөздер. «Алтын ереже»

ІІ Тұсаукесер.

4. Өткенді еске түсіру, бекіту.

Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Негізгі бөлім.

Өткен тақырыпты еске түсіру

Психологиялық дайындық.

-Балалар, экранда  ненің суреті шықты?

Балалар, күннің шуағын көргенде сендер не сезесіңдер?

ОСЫ КҮННІҢ ШУАҒЫ БІЗГЕ ДЕ ТҮСІП ТІЛЕК ЖОЛДАПТЫ.

Мен сендерге бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін.

Өткен сабақты еске түсіру үшін «Ауыл табиғаты» тақырыбына байланысты қорапшаға сұрақтар салынады.

Үй тапсырмасын сұрау, бағалау.

Үйге «Ауыл табиғаты» тақырыбын әңгімелеу берілген.

Оқушылардың назарын тақтаға аударамын, сұрақтар қоямын

  1. —          Не бейнелеген?
  2. —          Қала аттарын оқып шығуларын сұраймын

Жаңа тақырыпты анықтау үшін қима қағаздар беріледі.

Оқушылар қима қағаздар арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.

Сабақтың мақсаты айтылады.

— Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол — саяхат сабағы. Елордамызға саяхатқа шығамыз.

— Сабағымыз саяхат сабақ болғандықтан, біз сендермен көптеген аялдамаларға тоқтап, түрлі тапсырмалар орындаймыз. Сол себепті мен өзіме әр қатардан көмекшілер тағайындаймын. Ол көмекшілер алдарындағы бағалау парағына өз қатарларындағы оқушылардың жауаптарын бағалап отырады.

1 — аялдама. Сөздік алқабы

Жаңа сөздермен танысу. Жаңа сөздерді ең алдымен өзім  оқимын.

Оқушыларға жаңа сөздер жазылған қағаз беріледі.

  1. 1-      Тапсырма.

Әр топқа сөздер беріледі.

2-Тапсырма.

«Астана» қаласы жайлы мағлұмат тыңдайық. Мұғалім «Астана» туралы мәтінді оқиды.  Оқушыларға мәтінді таратады.

2 – аялдама

«Асатана қаласының ең көрікті орындарының бірі»

Ол орындар жөнінде білу үшін мұғалім оқушыларға тірек сөздер таратады.

Сергіту сәті.

3-Тапсырма.

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі.

Мұғалім тапсырманың ережесін түсіндіреді.

Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады.

Оқушылар ойланады, жауап береді.

-Күннің

Көңілің көтеріледі. Күнге қуанамыз. Күн бізге жылу береді. Сәулесін төгеді. Күн шыққан кезде жарық болады.

Оқушылар қораптан сұрақтар алып, жауап береді.

Осылай өткен тақырып еске түсіріледі.

Тақырып бойынша әңгімелейді, бағаланады.

Оқушылар тақтаға назар аударады, картадағы қала аттарын оқиды.

Оқушылар шыққан сөзді анықтайды.

Оқушылар бірнеше рет оқиды.

Әр топ берілген сөздермен сөз тіркесін және сөйлем құрайды.

Оқушылар тыңдайды. Мәтінді оқиды, мәтін бойынша диалог  құрастырады.

Оқушылар тірек сөздерді қолдана отырып, мәтіннің қандай тақырып жөнінде жазылғанын анықтайды, дайын болған топ шығып оқиды, құрастырған мәтін бойынша 1 сұрақ құрастырады, бұл сұраққа қай топ жауап берсе, сол топ қосымша балл алады.

оқушы шығып басына алтын балықтың маскасын киеді, орындыққа отырады. Қалған топтың оқушылары кез келген сұрақтар қояды, жауап бере алмаса, топ мүшелеріне көмектесуге болады.

Формативті бағалау.

Оқушыларға өздерін, өзгелерді бағалау парақтарын таратамын, түсіндіремін.

Әр тапсырма сайын оқушылар өздерін, өзгелерді бағалап отырады.

Жақсы. Өте жақсы.

Жиынтық бағалау.

Топта оқушылар өзара  бағалап отырады.

Бағалау парақтары

.

А3 форматы, түрлі түсті маркерлер, стикерлер.

Қима қағаздар, маркерлер, А4 формат қағазы.

флипчарт,

бағалау парақтары

жаңа сөздер

постер, макерлер, стикерлер.

флипчарт

Қорытынды бөлім.Сабақ «Астана» жайлы өлең

Добавить комментарий