Сөз өнері – біздің тарихи мұрамыз

Ермағамбетова
Мадина Қуанышбайқызы

қазақ тілі
пәнінің мұғалімі

Қостанай облысы
әкімдігі білім басқармасының

«Науырзым ауыл
шаруашылығы колледжі» КМҚК

Сабақтың тақырыбы: «Сөз өнері – біздің тарихи
мұрамыз»

Мақсаты:

  1. оқушылардың оқу, жазу, сөйлесу дағдыларын
    қалыптастыру;
  2. түрлі жаттығудың жазбаша, ауызша
    жұмыстарын өткізу;
  3. ата-баба аманат еткен тілді қадірлей
    білу, көркемдігі мен байлығын сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу;

 

І Ұйымдастыру кезені

Сәлеметсіңдер ме?
Отырыңыздар!

Бугінгі
сабағымызда «Шешендік сөздер» деп аталатын 2-ші параграфты бекітеміз.

Өткен 9 әңгімені
еске аламыз.

Сабағымызды қазақ
халқының атақты жазушы Ахмет Байтұрсынұлының сөздерімен бастағым келеді:

«Сөзі жоғалған жұрттың

өзі де жоғалады»

 

Ұлы атамыздың
айтқаның қалай түсінесіңдер? /Өз тіліңді білу және үйрену — өз ұлтынды тану/

 

ІІ Өткенді қайталау

Назар аударыңдар,
осы портреттерде кім бейнеленген? /Қазақ халқының ұлы билері:

Төле би, Қазыбек
би, Әйтеке би/

Аубакиров
Бағдатқа билер туралы қысқаша мәлімет дайындауға берілген тапсырманы тыңдайық.

1-ші тапсырма
/тақтада жұмыс/

Берілген
сұрақтарға жауап жазу және түсіндіру.

1/ Дау мұраты не? /біту/

2/ Сауда
мұраты не? /ұту/

3/ Қыз мұраты не? /кету/

4/ Жол мұраты не? /жету/

 

2-ші тапсырма
/карточка бойынша жұмыс/

Ана тілі, тіл
өнері жайындағы мақал-мәтелдердің мағынасын жалғастыру.

Карточка №1

  • Өнер алды қызыл (тіл)
  • (Сөз) тапқанға қолқа жоқ
  • Шебердің қолы ортақ шешеннің (тілі)
    ортақ
  • (Сөз) бас жарады, бас жармаса тас
    жарады

 

Карточка №2

  • Көз жетпеген жерге (сөз) жетеді
  • (Сөз) сүйектен өтеді, таяқ еттен
    өтеді
  • (Сөз анасы) – құлақ, жол анасы – тұяқ,
    су анасы — бұлақ
  • Басқа пәле (тілден)

 

Карточка №3

  • Көп сөйлеген білімді емес, дөп
    сөйлеген білімді
  • Көлді жел қозғайды, ойды (сөз)
    қозғайды
  • Аз (сөйлеп), көп тыңда
  • Білмесең – үндеме, білгенді күндеме

 

Карточка №4

  • Ашуың келсе – қолың тарт, айтпас
    жерде – (тілің) тарт
  • Шешеннің (сөзі) – мерген, шебердің
    көзі – мерген
  • Көп (сөз) – күміс, аз сөз – алтын

 

3-ші тапсырма
/кітаппен жұмыс/

30 бет. «Жерден
ауыр не?» атты мазмұнды оқу және түсіндіру.

«Бала би шешен
қартайған шағында халқын жинап:

-Жерден
ауыр не?

-Судан
терең не?

-Оттан
ыстық не? – деп 3 сұрақ берген екен. Ешкім шеше алмапты. Сонда Бала би өзі
қойған сұрақтарын өзі былай деп шешкен екен:

-Жерден
ауыр дегенім – ақыл, білім

-Судан
терең дегенім – оқу, ғылым

-Оттан
ыстықдегенім – адамның өмірі»

 

4-ші тапсырма
/ тақтада жазбаша жұмыс /

Сөйлемдерді орыс
тілінен қазақ тіліне аудару.

  1. Каждый человек должен ценить и
    уважать свой язык

/Әр адам өз тіліңді бағалау және
құрметтеу керек/

  1. Ораторское слово занимает особое
    место в устном творчестве /Шешендік сөз әдеби шығармашылықта ерекше орын
    алады/
  2. У народных ораторов язык богатый и
    сочный мысли глубокие

/Халық шешендерінің тілдері бай
және мағыналы ойлары терең/

  1. Знать и изучать свой язык – значит
    знать свою национальность

/Өз тіліңді білу және үйрену — өз
ұлтынды тану/

 

 

5-ші тапсырма
Сөздік диктант

1. мағыналы 6. дау-жанжал

2. құрметтеу 7. шебер

3. көңіл 8. өзгеріс

4. асыл мұра 9. адамның өмірі

5. терең ой 10. шешендік
сөздер

 

ІІІ Бекіту

6-ші тапсырма

Сызба негізінде
«Шешендік сөздер» деген тақырыпты бекітейік.

 

ІV Үй жұмысы

«Әбунасыр
Әл-Фараби» туралы келесі сабаққа өмірбаянын жұмыс дәптерлеріне

жазып әкелу.

 

V Баға қою

VІ Рефлексия

Сабақта не ұнады?

Сабақта не
ұнамады?

Өздеріне жаңадан
не алдыңдар?

Жаңадан не
білдіңдер?

 

Добавить комментарий