Наурыз мерекесі

Мақсаты: 8 наурыз аналар мерекесін кеңінен насихаттау, ақ жаулықты аналарға, асыл жарларға, әдемі қыздарға деген құрметті, сүйіспеншілікті оқушылар санасына тереңірек сіңдіру.

Көрнекілігі: түрлі түсті шарлар, слайд, аналар туралы нақыл сөздер, бейнеклип.

Өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
(күй ойналады, ортаға екі жүргізуші шығады) (№1 музыка, выход)

1 Жүргізуші Рамазан:

  • Армысыздар ардақты аналар, аяулы қыздар!

2 Жүргізуші Ғибадат:

  • Аман-есенсіздер ме құрбы-құрдастар?!

1 Жүргізуші Рамазан:
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.

2 Жүргізуші Ғибадат:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!

1 Жүргізуші Рамазан:
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!

2 Жүргізуші Ғибадат:
Аналар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Осы мерекеге орай 9-3 РЭС-13 тобының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Аналар асыл жандар, шуақ боп шашылғандар» атты ашық тәрбие сағатымызға  қош келдіңіздер!

1 Жүргізуші Рамазан:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-дей отыра Айгиров Дарханның орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

1 Жүргізуші Рамазан: (осы жерде слайд және  (№2 музыка))
Ана. Дүниедегі ең аяулы сөз. Бұл сөзге бар әлемнің мейірімі мен махаббаты сыйып тұр. «Алып та анадан туады». Ана — өмірдің, тіршіліктің тұнық бастауы. Тұнықтық та, мөлдірлік те, тазалық, махаббат та Ана сөзінің астары, мағынасы. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі,
Ару – өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда болмасын құрметке лайық. Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым, бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.
2 Жүргізуші Ғибадат:
Қазақтың аналары — тұнып тұрған ұлттық тәрбиенің, салт-сананың, дәстүр мен ғұрыптың, күрескерліктің тұмасы. Әр Алаш баласы арғы-бергі тарихта және бүгін қазаққа қызмет етсе, ол — қасиетті қазақ анасының еңбегі. Егер біздің бойымызды ұлттық намыстың, қайсарлықтың, өжеттілік пен ерліктің қаны ойнап тұрса, ол — Аналарымыздан. Ал, Ананың арғы тегі — қыз. Қазақ қай заманда да қызының басынан құс ұшырмаған халық. Қыз -намыс. Қыз — ар-ұят. Қыз — ұлттың қызғалдағы. Алаштың аспанын бұлт торлаған кезеңдер де алдаспандай жарқылдаған қазақтың асыл текті арулары. Алаштың ары — арулары. Ұлттың ұрпағын сол халықтың рухында өсіріп, әрбір кішкентай мемлекет — отбасының тыныштығын, береке мен бірлігін сақтап, жылылық пен жан шуағына бөлеп сол арқылы елдің, мемлекеттік діңін ұстап отырған Аналарға мың тағзым!

Наурыз мерекесі
1 Жүргізуші Рамазан:
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Қазақ биін».
— деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне қазақ биімен Амандық Айсұлу қыздарыңызды қарсы алыңыздар! (№3 музыка)

2 Жүргізуші Ғибадат:
Қыз жібектей, үлбірейді сәнмен
Қыз дегеде жігітте барма пәрмен,
Ортада Серік, Дархан, Дамир
«Айналайын қыздар — ай» деген әнмен. (№4 музыка)

1 Жүргізуші Рамазан:
Қыз деген ана,
Ана деп қана
Бағала оны бағала- дей келе болашақ ана, қырмызы қыздарымызға арналған Елубай Серік, Зияда Ерлік, Айгиров Дарханның орындауында «Бағала оны бағала» әнін қабыл алыңыздар! (№5 музыка)

Наурыз мерекесі

2 Жүргізуші Ғибадат:
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Өзбек биін».
— деп абзал аналарымыз бен аяулы қыздарымыздың құрметіне өзбек биімен Амандық Айсұлуды қарсы алыңыздар! (№6 музыка)

Наурыз мерекесі

 1 Жүргізуші Рамазан:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Жанары жаны жаздай жайрандаған
Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,- дей келе сахнаға өзінің «Қазақ қыздарына» арнап шығарған жыр шумақтарымен Балтабек Ғибадатты ортаға шақырамыз! (№7 музыка)

2 Жүргізуші Ғибадат:
Дүниедегі ең кемеңгер дананы
 Ана табады, аялайды, бағады.
 Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
 Құрметтейік қасиетті ананы

1 Жүргізуші Рамазан:
Құрметті құрбы-құрдастар, қонақтар осы жерден сіздермен өмірде аналарымызды құрметтеп, сыйлап, сүйіп, әлпештеп өтейік деген тілекпен  «Соқыр ана» атты бейнеклипті тамашауға ұсынғалы отырмыз. Тамашалайық!

Наурыз мерекесі

1 Жүргізуші Рамазан:
 Әркімнің де өмірден аласы бар,
 Аласы бар адамның анасы бар.
 Мерекесін құттықтап аналардың,
 Ән жолдайтын апалардың баласы бар-дей келе ортаға «Алтын ана» әнімен Елубай Серікті шақырамыз, қабыл алыңыздар! (№8 музыка)

2 Жүргізуші Ғибадат:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

1 Жүргізуші Рамазан:
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа
Осыменен тәрбие сағатын аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі аналар күніне арналған «Аналар асыл жандар, шуақ боп шашылғандар» атты тәрбие сағатымызды аяқталды. (екеуі бірге) Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!

1 Жүргізуші Рамазан:
Енді ортаға өз лебізін білдіруге өзіміздің  бөлім меңгерушісіміз Тусупова Зауреш Алимжановнаны шақырамыз.

Наурыз мерекесі
Сабақты көшіріп алу[attachment=221]

Добавить комментарий