«Теміртау
қаласы әкімдігі Теміртау қаласының білім
беру бөлімінің « №6 «Ұяша» балабақшасы» МКҚК
№10 «Сұңқар» тобының тәрбиешісі: Мустаева Нурзипа Турабековна
Тақырыбы: «Мейірімділік жүрегімде»
Сабақтың
мақсаты: Игі жұмыстар жайлы түсіндіру;
Білімділік: адамгершілік
қасиеттер,рақымдылық,қайырымдылық,мейірімділік,қамқорлық туралы түсініктерді
қорытындылау;
Дамытушылық: игі істер жасауға ұмтылысын дамыту;
Тәрбиелік: айналасындағы адамдарға кішіпейіл болуға тәрбиелеу;
Әдістер: сұхбат,рөлдік ойын,әңгіме,түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: тақырыпқа байланысты суреттер,су құйғыш,сүрткіштер.
Сабақтың барысы:
Шаттық
шеңбері:
Әдеп сақтап әманда
Әрбір адал адамға
Жасасаң бір қамқорлық
Қайтарады саған да.
Тәрбиеші балаларға себеттен бір-бір гүлден алып,достарына жақсы сөздер
айтып,құмыраға салуды ұсынады.Тәрбиеші барлық жақсы істер мен сөздерөнімін
береді деп айтып тұрады.
Тыңдайық
ойланайық
«Кішкентай қыз туралы әңгіме»
Бір кішкентай қыз тезірек үлкен болғысы келеді.Бірініші
оның ойына келгені-үлкен әйелдердің киімін кисем үлкен болам деп ойлады.Ол
анасының көйлегін,аяқ киімін алып киеді де,айнаға қарады.Шашын
әдемілеп,кірпігін бояу керек деген ойға келеді.Ойлағанын істеді де,айнаға тағы
қарап қалса……….
-Айнадан кімді көрді деп
ойлайсыңдар?
«Жоқ, деп ойлады кішкентай
қыз,үлкен болу үшін көйлек пен шашты қалыпқа келтіру жетпйді екен.Үлкендер тағы
не істеуші еді?
Мысалы менің анам түскі ас дайындайды.Мен де асханаға барайын» деп шешті.
Бірақ – қызық жәттар
болды.Сәбізді жуу,картопты аршу,қырыққабатты турау оңай болмады.Су қайнағанмен
дәмі асына мүлдем ұқсамады.
«Жоқ- деп шешті кішкентай
қыз,менің әкеме мұндай ас ұнамас!»
Одан да көшеге шығып қыдырып
келейін деп ойлады да,баспалдақпен түсіп келе жатса,алдынан ауыр жүк көтерген
әже кездесті.Бір қызығы-өзінен өзі тоқтап: «Әже! Мен сізге көмектесейін!» деді
Кішкентай қыз.Шаршаған әже оның көмегін қабыл алып,пәтеріне жеткен кезде:
«Рақмет! Сенің ата-анаң осындай үлкен қызы бар екеніне қуанатын шығар!» — деді.
Сол кезде кішкентай қыз өзін
нағыз үлкен адамдай сезінді.Оның үстінде анасының көйлегі де,биік өкше де
болған жоқ.
«Қызық,- деп ойлады ол,- мен
үлкендердің ісінен ештеңе істей алмасам да,мені үлкенсің деп айтады!».
Сөйтіп,бұл
туралы сол әжеден сұрап еді, «сен үлкен адамның ісін жасадың»,- деп жауап
қайырды.
Сұрақ-жауап арқылы әңгіменің
мазмұнын ашу
-Балалар! Әже неге қыздың ісін үлкен
адамдардың ісі деп айтты?
— Сендер осындай жақсы істер жасап
көрдіңдер ме?
— Игі істің рақметін күту керек деп
ойлайсыңдар ма?
Сергіту сәті
Атамның алып күрегін
Ауланың қарын күредім.
Әжеме мен құдықтан,
Су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын,
Шаң тозаңды қуамын.
Рөлдік ойын «Мен көмекшімін»
Балалар,ендеше
біз де бүгін өз тобызда игі жұмыстарды жасап көрейік.Айару,сен бөлме
гүлдеріне су құйғышпен су құй.Нұрила сен шкаф сөрелерінің шаңын сүрт. Инабат
аквариумдағы балықтарға қамқорлық көрсет.Ал басқа балалар болса,топтағы
ойыншықтарды орындарына реттеп қояйық.Ендеше жұмысқа кірісейік.
— Айару,сен не үшін бөлме гүлдеріне
су құйдың
— Егер де гүлдерге, су құйсақ,ол әдемі болып өседі
-Нұрила, сен не үшін шкаф сөрелерінің шаңын сүрттің?
— Шкафтың сөрелері таза болсын және үлкендерге өз көмегімді тигізу үшін.
-Инабат,сен неге аквариумдағы балықтарға қамқорлық
көрсеттің?
— Себебі аквариумдағы балықтарға әрқашан қамқорлық көрсету керек,оларға
қарағанда көңіл-күйің көтеріңкі болады.
— Жарайсыңдар балалар,сендердің барлығың бүгін өз тобымызда игі жұмыстар
жасадыңдар!
Қорытынды
-Шынымен де,біреуге жасаған жақсылық біздің өзімізге қайтып келеді.Біз
кішкентай дән ексек те,ол үлкен болып гүлдеп өзімізді де,айналадағыларды да
қуантады.Тек жақсы іс жасауға ұмтылыңдар!
«Жүректен
жүрекке» шеңбері
Тәрбиеші балалардың қолынан ұстап,шеңберге тұрып,мынадай сөздерді барлығы
бірге айтуды ұсынады:
Баршаға сыйла махаббат,
Қуансын бар адамзат.
Көбейсе егер мейірің,
Тиеді саған шапағат!