Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қысқа мерзімді жоспарлаудың тиімділігі

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қысқа мерзімді
жоспарлаудың тиімділігі

Қазіргі таңда сабқтың өзгеше өтуі, яғни дәстүрлі емес сабақтың өтуі мұғалімнің жоспарды құруынан басталады. Жаңаша білім беру бағдарламасы  маңызды  үш  құжаттан  тұрады:  бағдарламаның  өзі,  ұзақ мерзімді жоспар, орта және қысқа мерзімді жоспар.  Осы күнге дейінгі біздің жасап келе жатқан «Күнтізбелік  — тақырыптық» жоспарымыз – ұзақ мерзімді жоспар негізгі оқу мазмұнын қамтиды. Ұзақ мерзімді жоспар білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды. Яғни, ұзақ мерзімді  жоспар – бұл  оқу  бағдарламасының  жалғасы,  онда  пәннің негізгі   мазмұны  нақтыланады.
Ал осы оқу бағдарламасын сыныпқа тән жеті модульді ықпалдастыра тізбектелген сабақтар топтамасына айналдырса, ол – «орта мерзімді жоспар» болып табылады. Орта мерзімді жоспар – ол белгілі тақырыпқа сай тізбектелген сабақтар жоспары, яғни, сол тақырыпқа тән бөлінген сағаттардың жұмыс сызбасы. Бұл жоспарды мұғалім жеке сынып үшін пайдаланады.
Орта мерзімді жоспарды жоспарлауда:

  • Жұмыс кезеңдері дәйекті болады;
  • Жеті модуль ықпалдаса алады;
  • Әр сабақ үшін оқу мен оқыту мақсаты анықталады;
  • Оқыту және оқу нәтижесі айқындалады;
  • Сабақтың әр кезеңінде алға ілгерлеу жоспарланады;
  • Барлық оқушыларды қамту жүзеге асады.

Оқудың  әрбір  кезеңінің  басынан  бастап  соңына  дейін  алға  ілгерілеуді қамтамасыз ету – қысқа мерзімді жоспарда жоспарланады. Қысқа мерзімді  жоспар орта  мерзімді  жоспардың  құрамындағы  бір тақырыпқа байланысты, оқушыға арнап  құрылған сабақ жоспарының формасы немесе үлгісі. Яғни, Қысқа мерзіміді жоспар – жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады.
Қысқамерзімді жоспарлауға барлық педагогтарды қамтуға болады. Мақсат қоя  білу,  міндеттерді  белгілеу,  күтілетін  нәтиже,  модульдерді қолдану, сабақтың  барысы,  мұғалімнің  іс-әрекеті,  оқушының  іс-әрекеті,  бағалау  және рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын бағалау ұсынылады. 
Жоспарды құрып отырғанда мұғалімнің алдында төменгі сұрақтарға жауап болу керек:

  • Оқушылар нені білу керек?
  • Қандай түйінді идеяларды түсінуі керек?
  • Қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?

Ал, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттеріне келсек:

  • сабақтың тақырыбын анықтау;
  • әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;
  • оқушылардың  қызығушылығын  арттыру  үшін  түрлі  әдіс-тәсілдер қолдану;
  • тыңдалым,  оқылым,  айтылым,  жазылым  дағдылары  бойынша түрлі жұмыс түрлерін дайындау;
  • төрт дағдыны қалыптастыру үшін ұсынылатын оқу материалдарымен ресурстардыоқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу;
  • уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру;
  • жаңа  тақырыпты  қаншалықты  меңгергенін  анықтау  үшін  рефлексия ұйымдастыру.
  • сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;
  • оқушыларға  өзін-өзі  тексеруге  және  бағалауға  арналған  сұрақтар  мен тапсырмалар дайындау;
  • тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу.

Міне,сабақтың жоспарын  осы сұрақтарға жауап беретіндей етіп және сабақ құрудың жоғарыдағы міндеттерін ескере отырып жоспарласақ, нәтижеге жетеміз.
Ал. нәтиже:

  • оқушыға бағытталуы керек;
  • белгілі бір бағытты сипаттайтын етістіктер арқылы кұрылуы керек;
  • оқушының жас ерекшелігі мен оқу үлгеріміне сай болуы қажет.

Сонымен, қысқа мерзімді жоспар мұғалімге емес оқушының нақты әрекетіне бағытталады. Жеті модульді ықпалдастыра отырып, мұғалім мен оқушының әрекетін алдын – ала көпіршелер арқылы жоспарлау өте тиімді болмақ. Сол кезде ғана белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге болады. Жоспарда оқушы мен мұғалім әрекетімен қатар нәтиже мен қолданылатын ресурстарды да енгізуге болады.
Қысқа мерзімді жоспардың нақты қатып қалған қағидасы жоқ. Ол мұғалімнің шығармашылығының жемісі десе де болады. Жоспардың әр бөліміне мұғалім кері байланыс орната білу тиіс. Осы жағдайда сабақ барысында «Өздігенен реттелген оқу» жүзеге асады. Өздігінен реттелген оқу негізгі үш элементтен тұрады:
1.тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы;
2.оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігенен анықтауы:
3.проблеманы шешу мен мақсатқа жету үшін әдіс – тәсілдерді өздігінен таңдауы.

Ал, сабақ барысында қолданылатын педагогикалық әдіс –тәсілдерге келсек:

  • оқушының  қатесін табу  үшін есес, қайта қателерін  түзету үшін оқыту;
  • оқушының  жеке,  өзіндік мүмкіндіктерін ескеру;
  • оқушыларға  дебат  тақырыбын  таңдауға,  зерттеуге  және  «жақтаушы, даттаушы» топтарын құруға мүмкіндік беру;
  • дәлелдер мен айғақтарды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
  • өз ойын жеткізуге, таңдауға және келісімге келуге, өнім жасауға мүмкіндік беру;
  • тапсырмалар  (белсенді  іс-әрекеттер)  арқылы оқу  материалын  өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру.

Жаңаша оқытудағы оқу  үдерісінде  мұғалім  емес  оқушы  неғұрлым  белсенді болады, мұғалім  оқу  материалын  дайын  күйінде  бермейді, ашық  сұрақ қою, назарын шоғырландырып оқу, шолу жасау, тәжірибе және зерттеу жасауға бағыттап отырса, сабақ жемісті болады.
Осындай жемісті сабақтың әр кезеңде белгілі бір оқыту мақсатын қоя отырып, мұғалім оқушыларға мақсатқа жетуге, мәселені анықтауға,  жауаптарды  іздеуге,  мәселені  талқылауға,  қорытынды  жасай отырып, өз ойын білдіруге үйрете отырып, ашық қоғамның бәсекеге қабілетті азаматы етіп тәрбиелейді.
Мысалға әр түрлі оқытудағы әдістердің мүкіндіктеріне  тоқталып кетсек:

  • Оқылым және жазылымға негізделген сабақтарды құрылымды етіп құру сын  тұрғысынан  ойлауға  мүмкіндік  береді,  яғни  ол  қызығушылығын  ояту, мағынаны ажырату және рефлексия кезеңдерінен тұрады.
  • Интерактивті оқыту әдіс -тәсілі арқылы оқушы интелектісіне әсер ету, яғни  ақпарат  мұғалімнен  оқушыға,  оқушыдан  мұғалімге  өтіп  отыруына мүмкіндік  береді. 
  • Белсенді  оқытуда  оқушылар  өз  пікірін  айта  білуді  және өзгенің пікіріне құрметпен қарауды үйренеді.
  • Ұжымдық оқыту  технологиясы  жаңа  идеяларды ұсынуға және  жаңа мүмкіндіктерді қолданып көруге бағыттап отырады. Ұжымдық оқыту  технологиясының мақсаты –қиын істерді  атқаруда, топтық  жұмыстарда,  келісімге  келуде,  өзін-өзі  басқару  және  ұйымдастыра білуде қажет болатын оқушы дағдыларын қалыптастыру.

Қандай әдіс – тәсілді қолданып өткізсек те әрбір сабақтың  соңында сабаққа талдау  жасап,  жақсы  жақтары  мен кемшік тұстарын анықтап отырудың маңызы зор. Ол мұғалім әр сабақтан кейін мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс:

  • Сабақ мақсаты орындалды ма?
  • Бүгін оқушылар нені үйренді?
  • Сабақ  қалай  өтті,  қандай  деңгейде  өтті?
  • Тапсырмалар, жаттығулар  сабақтың  мақсатына сәйкес  болды  ма?
  • Уақытты  қалай пайдаландым?
  • Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

Егер мұғалім осы сұрақтарға жауап бересе, ол алдағы сабақтарда нені ескеруі керек, қандай мәселелерге ерекше көңіл бөлуі керек,т.с.с. екенін біледі, осы жағдайда әр мұғалімнің  сабақтарында жоғары нәтижелерге қол жеткізетіні сөзсіз.

 

 

Қысқа мерзімді жоспарды төмендегі кесте бойынша құрастыруға болады:

Сабақ кезеңдері
(уақыты)

Мазмұны

Дерек көздері

Пән

қазақ тілі

Күні

 

Сынып :…………………..

Оқушы саны……..

Қатыспағаны ………….

Сабақтың
тақырыбы:

 

Белгілі бір оқудың мақсаты

(мағлұмат ортамерзімді жоспардан алынады)
Рөлдік ойын арқылы тақырыпты меңгереді
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады
Әр түрлі жанрда мәтіндер құрастырады
…………………………………..

Нәтиже

40 минут сабақ барысында қол жеткізуге болатын нақты, шынайы әрі оқыту көлемі туралы

Сабақтың жоспары (уақытты да жоспарлау)

 40 -45 мин

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Дерек көздері

Қызығушылықты ояту 3-5 мин
(Білу. Түсіну)
Сұрақ қою (миға шабуыл,білгендерін жаңғырту,
ой шақыру, қозғау)

  • Оқушының назарын аудара алады
  • Сабақтың, оқытудың контекстін ұйымдастыра алады
  • Сабақтың мақсатын, міндетін айқындайды
  • Міндеттерді бөледі
  • Күтілетін нәтижені белгілейді
  • Топқа бөледі т.б
  • Ынтымақтасады
  • Білгендерімен бөліседі
  • Диалог  орнатады
  • Сабақтың мақсатын, міндетін анықтайды
  • Нәтижені белгілейді

Мұғалім жасаған дерек көздері
Топ аттары жазылған парақтар

Мағынаны ажырату
20–25 мин
(Қолдану. Талдау)
Жауаптар іздеу, мәселені зерттеу; тәжірибеде қолдану, топпен жұмыс.

  • Белгілі тапсырмалар береді
  • Оқытудың түрлі әдіс – тәсілдерін қолданады
  • 7модульді         ықпалдастырады
  • Деңгейлік тапсырмалар жасайды
  • Бағыттайды

 

  • Сабақ мақсатына сай дағдылар мен білімдерін дамыта алады
  • Әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолданып үйренеді
  • Бар білімдері мен дағдыларын пайдаланады
  • Ұғымдармен танысады
  • Түйінді мәселелерді шешеді

АКТ
Плакат
Видеороликтер
Мәтін
Жаттығулар
Каточкалар
Деңгейлік тапсырмалар

Ой толғаныс – 10 мин
(Жинақтау. Бағалау)
Ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау; бағалау; кеңейту (үй тапсырм. беру)

  • Кері байланыс орнатып отырады
  • «3 Б», «2 жұлдыз, 1 тілек»,

«5 саусақ» т.б.

  • Әр оқушының жұмысын қорытындылайды
  • Оқыту мақсатына баға береді
  • Өз түйгендеріне көз жүгіртеді
  • Келесі сабақтың міндеттерін анықтайды
  • Өздерінің және құрбыларының жұмыстарын бағалайды

Дескрипторлар

Рефлекция

Бүгін не қызықты болды?
Сабақтың қай кезеңдері қиындық туғызды?
Топта жұмыс жасау қалай болды? Қиын? Оңай? Не себепті?

Стикерлер

 

Мұғалімнің  өз сабағына беретін рефлекциялық есебі

  • Сабақ, оқыту  мақсаты шынайы болды ма?
  • Оқыту ортасы қандай болды?
  • Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
  • Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? т.б.

 

Сұрақтарға жауап беру үшін қолданады

Оқытуға және үйренуге қатысты ең жақсы екі дүниені атап көрсету

1

2

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді?

1

2

Осы сабақ барысында барлық сынып не жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет ақпарат білдім?

 

Мұғалім:

аты – жөні

Добавить комментарий

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қысқа мерзімді жоспарлаудың тиімділігі

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қысқа мерзімді
жоспарлаудың тиімділігі

Қазіргі таңда сабқтың өзгеше өтуі, яғни дәстүрлі емес сабақтың өтуі мұғалімнің жоспарды құруынан басталады. Жаңаша білім беру бағдарламасы  маңызды үш  құжаттан  тұрады: бағдарламаның  өзі,  ұзақ мерзімді жоспар, орта және қысқа мерзімді жоспар.  Осы күнге дейінгі біздің жасап келе жатқан «Күнтізбелік  — тақырыптық» жоспарымыз – ұзақ мерзімді жоспар негізгі оқу мазмұнын қамтиды. Ұзақ мерзімді жоспар білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды. Яғни, ұзақ мерзімді  жоспар – бұл  оқу бағдарламасының  жалғасы,  онда пәннің негізгі   мазмұны  нақтыланады.
Ал осы оқу бағдарламасын сыныпқа тән жеті модульді ықпалдастыра тізбектелген сабақтар топтамасына айналдырса, ол – «орта мерзімді жоспар» болып табылады. Орта мерзімді жоспар – ол белгілі тақырыпқа сай тізбектелген сабақтар жоспары, яғни, сол тақырыпқа тән бөлінген сағаттардың жұмыс сызбасы. Бұл жоспарды мұғалім жеке сынып үшін пайдаланады.
Орта мерзімді жоспарды жоспарлауда:
Жұмыс кезеңдері дәйекті болады;
< Жеті модуль ықпалдаса алады;
<Әр сабақ үшін оқу мен оқыту мақсаты анықталады;
       Оқыту және оқу нәтижесі айқындалады;
Сабақтың әр кезеңінде алға ілгерлеу жоспарланады;
<Барлық оқушыларды қамту жүзеге асады.
Оқудың  әрбір кезеңінің  басынан  бастап соңына  дейін  алға ілгерілеуді қамтамасыз ету – қысқа мерзімді жоспарда жоспарланады. Қысқа мерзімді  жоспар орта  мерзімді жоспардың  құрамындағы  бір тақырыпқа байланысты, оқушыға арнап  құрылған сабақ жоспарының формасы немесе үлгісі. Яғни, Қысқа мерзіміді жоспар – жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады.
Қысқамерзімді жоспарлауға барлық педагогтарды қамтуға болады. Мақсат қоя  білу, міндеттерді  белгілеу,  күтілетін нәтиже,  модульдерді қолдану, сабақтың  барысы,  мұғалімнің іс-әрекеті,  оқушының  іс-әрекеті, бағалау  және рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын бағалау ұсынылады. 
Жоспарды құрып отырғанда мұғалімнің алдында төменгі сұрақтарға жауап болу керек:
Оқушылар нені білу керек?
Қандай түйінді идеяларды түсінуі керек?
Қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?
Ал, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттеріне келсек:
<! сабақтың тақырыбын анықтау;
<!әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;
<оқушылардың  қызығушылығын арттыру  үшін  түрлі әдіс-тәсілдер қолдану;
тыңдалым,  оқылым, айтылым,  жазылым  дағдылары бойынша түрлі жұмыс түрлерін дайындау;
төрт дағдыны қалыптастыру үшін ұсынылатын оқу материалдарымен ресурстардыоқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу;
< уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру;
<! жаңа  тақырыпты қаншалықты  меңгергенін  анықтау үшін  рефлексия ұйымдастыру.
сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;
<!оқушыларға  өзін-өзі тексеруге  және  бағалауға арналған  сұрақтар  мен тапсырмалар дайындау;
< тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу.
Міне,сабақтың жоспарын  осы сұрақтарға жауап беретіндей етіп және сабақ құрудың жоғарыдағы міндеттерін ескере отырып жоспарласақ, нәтижеге жетеміз.
Ал. нәтиже:
оқушыға бағытталуы керек;
белгілі бір бағытты сипаттайтын етістіктер арқылы кұрылуы керек;
< оқушының жас ерекшелігі мен оқу үлгеріміне сай болуы қажет.
Сонымен, қысқа мерзімді жоспар мұғалімге емес оқушының нақты әрекетіне бағытталады. Жеті модульді ықпалдастыра отырып, мұғалім мен оқушының әрекетін алдын – ала көпіршелер арқылы жоспарлау өте тиімді болмақ. Сол кезде ғана белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге болады. Жоспарда оқушы мен мұғалім әрекетімен қатар нәтиже мен қолданылатын ресурстарды да енгізуге болады.
Қысқа мерзімді жоспардың нақты қатып қалған қағидасы жоқ. Ол мұғалімнің шығармашылығының жемісі десе де болады. Жоспардың әр бөліміне мұғалім кері байланыс орната білу тиіс. Осы жағдайда сабақ барысында «Өздігенен реттелген оқу» жүзеге асады. Өздігінен реттелген оқу негізгі үш элементтен тұрады:
1.тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы;
2.оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігенен анықтауы:
3.проблеманы шешу мен мақсатқа жету үшін әдіс – тәсілдерді өздігінен таңдауы.

Ал, сабақ барысында қолданылатын педагогикалық әдіс –тәсілдерге келсек:
оқушының  қатесін табу үшін есес, қайта қателерін  түзету үшін оқыту;
оқушының  жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру;
оқушыларға  дебат тақырыбын  таңдауға,  зерттеуге және  «жақтаушы, даттаушы» топтарын құруға мүмкіндік беру;
дәлелдер мен айғақтарды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
өз ойын жеткізуге, таңдауға және келісімге келуге, өнім жасауға мүмкіндік беру;
тапсырмалар  (белсенді іс-әрекеттер)  арқылы оқу  материалын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру.
Жаңаша оқытудағы оқу үдерісінде  мұғалім  емес оқушы  неғұрлым  белсенді болады, мұғалім  оқу материалын  дайын  күйінде бермейді, ашық  сұрақ қою, назарын шоғырландырып оқу, шолу жасау, тәжірибе және зерттеу жасауға бағыттап отырса, сабақ жемісті болады.
Осындай жемісті сабақтың әр кезеңде белгілі бір оқыту мақсатын қоя отырып, мұғалім оқушыларға мақсатқа жетуге, мәселені анықтауға,  жауаптарды іздеуге,  мәселені  талқылауға, қорытынды  жасай отырып, өз ойын білдіруге үйрете отырып, ашық қоғамның бәсекеге қабілетті азаматы етіп тәрбиелейді.
Мысалға әр түрлі оқытудағы әдістердің мүкіндіктеріне  тоқталып кетсек:
< Оқылым және жазылымға негізделген сабақтарды құрылымды етіп құру сын  тұрғысынан ойлауға  мүмкіндік  береді, яғни  ол  қызығушылығын ояту, мағынаны ажырату және рефлексия кезеңдерінен тұрады.
Интерактивті оқыту әдіс -тәсілі арқылы оқушы интелектісіне әсер ету, яғни  ақпарат мұғалімнен  оқушыға,  оқушыдан мұғалімге  өтіп  отыруына мүмкіндік  береді. 
<!Белсенді  оқытуда оқушылар  өз  пікірін айта  білуді  және өзгенің пікіріне құрметпен қарауды үйренеді.
< Ұжымдық оқыту  технологиясы  жаңа идеяларды ұсынуға және  жаңа мүмкіндіктерді қолданып көруге бағыттап отырады. Ұжымдық оқыту  технологиясының мақсаты –қиын істерді  атқаруда, топтық  жұмыстарда, келісімге  келуде,  өзін-өзі басқару  және  ұйымдастыра білуде қажет болатын оқушы дағдыларын қалыптастыру.

Қандай әдіс – тәсілді қолданып өткізсек те әрбір сабақтың  соңында сабаққа талдау  жасап, жақсы  жақтары  мен кемшік тұстарын анықтап отырудың маңызы зор. Ол мұғалім әр сабақтан кейін мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс:
Сабақ мақсаты орындалды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Сабақ  қалай өтті,  қандай  деңгейде өтті?
Тапсырмалар, жаттығулар  сабақтың  мақсатына сәйкес  болды ма?
Уақытты  қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?
Егер мұғалім осы сұрақтарға жауап бересе, ол алдағы сабақтарда нені ескеруі керек, қандай мәселелерге ерекше көңіл бөлуі керек,т.с.с. екенін біледі, осы жағдайда әр мұғалімнің  сабақтарында жоғары нәтижелерге қол жеткізетіні сөзсіз.
Қысқа мерзімді жоспарды төмендегі кесте бойынша құрастыруға болады:

Сабақ кезеңдері
(уақыты)

Мазмұны 

Дерек көздері                      

Пән

қазақ тілі

Күні

 

Сынып :…………………….

Оқушы саны……..

Қатыспағаны ………….

Сабақтың
тақырыбы:

 

Белгілі бір оқудың мақсаты

(мағлұмат ортамерзімді жоспардан алынады)
Рөлдік ойын арқылы тақырыпты меңгереді
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады
Әр түрлі жанрда мәтіндер құрастырады

…………………………………..

Нәтиже

40 минут сабақ барысында қол жеткізуге болатын нақты, шынайы әрі оқыту көлемі туралы

Сабақтың жоспары (уақытты да жоспарлау)

 40 -45 мин

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Дерек көздері

Қызығушылықты ояту 3-5 мин
(Білу. Түсіну)
Сұрақ қою (миға шабуыл,білгендерін жаңғырту,
ой шақыру, қозғау)

Оқушының назарын аудара алады
Сабақтың, оқытудың контекстін ұйымдастыра алады
Сабақтың мақсатын, міндетін айқындайды
Міндеттерді бөледі
Күтілетін нәтижені белгілейді Топқа бөледі т.б

Добавить комментарий