Сенімділік күш береді

Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп
Сенімділік күш береді
дайындық тренинг-сабағы

Орындаған: А.А.Каримова

Екібастұз қаласы

 

Сенімділік күш береді

Тренинг-сабақ

         Мақсаты: оқушылардың мемлекеттік аттестатауға дайындық кезіндегі сенімділігн, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу-танымдық қабілеттерін арттыру.

         Жаттығу «Жағымды сөздер»

Мақсаты: өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың қасиеттерін дамыту.

Қатысушылар шеңбер бойымен отырады, жүргізуші жағымды сөздер айта отырып кез-келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтып допты лақтырады. Доп қатысушылардың бәрінде болып шыққанға дейін ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа, ең жақсысы бір сөзден тұрса болады.

Талдау: Мақтау сөзді айту жеңіл болды ма? Мақтау сөзді естігенде өзіңізді қалай сезіндіңіз? Алған әсеріңіз қандай?

         Жаттығу «Жылдамдық»

         Мақсаты: оқушылардың жылдамдық реакциясын дамыту.

Нұсқау: мен сіздерге жылдам сөздер тобын оқимын, сіздер мұқият тыңдап әр сөздің 2-ші әріпін жазасыздар.

Ес, сезім, анықтау, білек, емен, адамгершілік, кітап, үлкен, білім, екі.

Жаттығу «Ақ парақтың екі бөлігі»

         Мақсаты: жағымды және жағымсыз жақтарды анықтау, жағымды қасиетті дамыту.

Нұсқау: алдарыңыздағы қағазды екі бөлікке бөліп, оң жақ бұрышына «+» белгісін, сол жақ бұрышына «-» белгісін белгілеңіздер. Енді «+» белгісі бар бөлікке өздеріңңіздің мемлекеттік аттестатауға байланысты жағымды, жылы, сенімді ойларыңызды жазыңыздар. Ал «-» белгісі бар бөлікке жағымсыз, сенімсіз ойларыңызды жазыңыздар.

  • Енді осы теріс жағдайлардан арылғымыз келеді ме? Не үшін? Не себепті?
  • Енді «-» жақтағы жағымсыз ойды қырқып, қағазды умаждап қоқыс шелекке тастаймыз.

Жаттығу «Сілкіп таста»

Мақсаты: жағымсыз, қажет емес, кедергі жақтардан құтылу, сенімділікті орнату.

Нұсқау: мен сіздерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз. Мысалы: Ойымызға! Тағы да жолым болмай қалды. «мемлекеттік аттестатауға жақсы дайындала алмаймын», «Жақсы тапсыра алмаймын» деген  сияқты.

Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақаныңызды сілкіңіздер, білегіңізді сілкіңіздер, иығыңызды сілкіңіздер. Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңыз да болады, беттеріңізді сілкіңіздер. Сеніңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз жүктің түскенін. Сіз біртіндеп сергек, көңілді болудасыз немесе көңілді күй жағдайдасыз. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыз: мен ақылдымын, менің жаным тыныш, мен қиындықтан қорықпаймын, мен жаспын, әдемімін, менің қолымнан көптеген жақсылық келеді, маған сенімділік күш береді, мен дайынмын.

Рефлексия. Көңіл-күйіңіз қандай?

Жаттығу «Мен саған сенімдімін»

Мақсаты: өзгелерге сенім білдіру, өзара сенімділікті дамыту.

Ойыншылар жұп болып бірігіп, бір-біріне қарама-қарсы отырып, жай көздеріне қарап, үнсіз уақыттан кейін кезекпен мынандай фразалы сөзді аяқтау:

  • «Мен саған сенімдімін, сен…»
  • Талдау: сөйлемді аяқтау оңай болды ма, әлде қиын болды ма?
  • Сенімді сөзді естігенде өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Жаттығу «Күн шуақты алаңқай»

Мақсаты: қатаюдан арылу, жылы достық қарым-қатынасты қалыптастыру.

Нұсқау: елестетіңіз, күн шуақты шалғын алаңқайда дем алып отырмыз. Күн шуағы сіздің көздеріңңізге қарайды. Көздеріңізден беттеріңізге қарай жылжиды. Алақандарыңызбен сипалаңыздар. Ол ары қарай маңдайыңызға, мұрныңызға, аузыңызға, бетіңіздің ұшына, иегіңізге түсті. Одан кейін мойыныңыздан, қолыңыздан, денеңізден, арқадан сипап өтті. Күн шуағы сізді жылытты. «Күн шуақты алаңқай» қызыл-сары, хош иісті, әсем гүлдерге толы. Сіз өзіңіздің ұнатқан гүліңізді жүрегіңізге түйіп, жылы лебізіңізді, тілегіңізді білдіріңіз.

Талдау: Көңіл-күйіңіз қалай?

Бүгінгі тренинг-сабақ ұнады ма?

Қандай әсер алдыңыз?

Мақсаттарға жеттік пе?

Оқушылар бір-бірінің арқасына стикер жабыстырып, тілек жазады және алдарындағы жатқан эмоция бейнесін таңдап, тренингтен алған әсерлері жайлы әңгімелейді.

Добавить комментарий