Пән: Математика
Сабақтың тақырыбы: Фигуралардың қиылысуы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға фигуралардың қиылысуы туралы мағлұмат беру. Өз бетінше жұмыс жасау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру. Зейін қоя тыңдауға, ұшқыр ойлап, тез жауап беруге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: фигуралар, фигуралардың суреттері, №1, №2 үлестірмелі қима қағаздар, кесте, суреттер, плакаттар.
Сабақтың барысы:
І Бағдарлы-мотивациялық кезең
А. Психологиялық дайындық
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық.
Ә. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Б.Өткенді қайталау
*Үлестірмелі қима қағазбен жұмыс №1
*Ойын: «Үндемес»
В. Жаңа сабақ
*Фигуралардың қиылысуы туралы мағлұмат беру
-Фигуралардың жасалған үлгісін көрсету арқылы түсіндіру, неше қиылысу нүктелерін кқрсету.
-Суретпен жұмыс
Суреттерден фигуралардың қиылысуын көрсету
ІІ Операционалдық – орындаушылық кезең
А. Оқулықпен жұмыс
№2 / Екі кесінді қиылысатындай сыз. Екі кесінді қиылыспайтындай етіп сыз./
Ә. Суретпен жұмыс
№3 /Берілген фигуралар бір- бірімен қиылысуы мүмкін бе?/
Б. Сергіту сәті
В.Тақтамен жұмыс
1-тапсырма
№3 / Жемістерді сөрелерге әртүрлі тәсілиен орналастыр. /
-Алма, алмұрт, өрік
№4 / Салыстыруды орында. /
№5 / Қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастыр. Есептің шығарылу өрнегін жаз. /
ІІІ Рефлексиялық – бағалау кезеңі
А. Бекіту
Ойын: «Мен қандай сан ойладым?»
Ә. Өздік жұмысы / Үлестірмелі қима қағаз №2 /
«Сиқырлы фигуралар» / қиылысу нүктелерін көрсету
Б. Қорытындылау
В. Бағалау