Рационал сандарға амалдар қолдануды қайталау

І.Сабақтың тақырыбы: Рационал  сандарға амалдар қолдануды қайталау.

ІІ.Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың рационал сандарға амалдар қолданутарауынан алған білімдерін тұжырымдап, білім деңгейлерін байқау, жүйелеу; Білімдерін практикада қолдана білудің дағдыларын қалыптастыру; ә) Есте сақтау, ойлау, сөйлеу, ауызша жазбаша қабілеттерін дамыту. Әрбір жеке тұлғаның ақыл ойының дамуына, шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау. Логикалық ойлау, таным белсенділігін арттыру;

б) Оқушылардың  математикалық мәдениеттілігін, сауаттылығын есеп шығару барысындақалыптастыру. Еңбекке баулу, жауапкершілікке, мақсатына жете білуге дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, әдемілікті сезінуге тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақтың түрі: Қайталау сабағы, білімдерін бір жүйеге келтіру сабағы.

ІV. Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелесу, салыстыру,кестемен жүмыс істеу. Сын тұрғысынан ойлау әдісі.

V.Сабақтың көрнекілігі: Таратпа материалдар, интерактивті тақта, сызба – кестелер, слайдтар.

Біле бер, қанша білсең – тағы тіле,

                                    Жетерсің мақсатыңа біле, біле.

                                                                                    Ж.Баласағұн.

 

VI. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

А) Оқушылардың психологиялық дайындығы.

Ә) Оқушылардың түгендеу, құрал – жабдықтарын тексеру.

Өтілген тақырыптарды пысықтау. «Ой қозғау» стратегиясы.

2. а) Үй тапсырмасын тексеру.

№316,315 тақтаға қабдеш Мадина, Кенжебек Әдемі жазып көрсетті. Бұл кезде оқушылардың өткен тақырыптарды пысықтау сұрақтары қойылып, жауаптары тыңдалады.

  1. Рационал сандар жиынына қандай сандар тиісті?
  2. Теріс сандарды қосу ережесін тұжырымда.
  3. Таңбалары әр түрлі сандарды қосу ережесін тұжырымда.
  4. Бірнеше теріс санның қосындысы теріс сан ба, оң сан ба?
  5. Рационал сандар қалай азайтылады?
  6. Таңбалары бірдей екі санды көбейту ережесін айт?
  7. Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу ережесін айт?

 

  ә) Ойын: « Эстафеталық сұрақ –жауап»

б) Әрбір оқушы 1 мысалдан жазады.

Мысалдар келтіру: «Мағынаны таныту»

3. Оқулықпен жұмыс. №319 (1,3)                

4. «Сиқырлы шаршы» ойыны:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 -1;+2;-3;+4;-5;+6;-7;+8;-9; сандарын

тігінен де, көлденеңінен де, диагональ

 бойында да көбейтінділері теріс сан

 болатындай шаршының торкөздеріне

 орналастыр.

5.Деңгейлік тапсырмалар . «Қайсысын қалайсын?»,  «Ой толғаныс» стратегиясы

І деңгей                      жасыл түс,   №321 (2,3)

2. а) -26+(-8)                             3.а)-3/5+(-1/5)

    ә)-43+(-21)                            ә)-1/4+(-3/4)

    б)-96+(101)                           б)-3/7+4/7        

      Мұхтар Руфина, Тайболды Әділет орындады.

Математика тарихына көз жіберсек, Жәутіков О.А – қазақ математигі.

Математика ғылымының дамуына көп үлес қосқан. Физика – математика ғылымының докторы, профессор. Негізгі ғылыми еңбектерінің бірі осы теңдеулер тақырыбы.

ІІ деңгей                     сары түс, №328 (1) Таңбалы ережесін пайдаланып,

                              жақшаны ашып жазыңдар.

1)    х= +(-1,9)    2) х=-(+0,75)               3)х=+(+3/8) – Бақтыбек Мадина

     4) х=(-2)            5)х=-(+2/3)                    4)х=+(-1) – Жайдар Нәзия

ІІІ деңгей                           қызыл түс, №322 теңдеуді шешіңдер.

  1. –х+4,5=7                 2.-m+1,2=4             

     3. 8-5x+x=16                4. 4,8-5,5-x=-19

6. Кесте бойынша ауызша есептеу.

«Қоян қайда секіреді?» ойынын ойнату.

 

 

4

 

6

 

 

 

-6

 

-2/3×6

 

 

15

 

7

 

 

 

-7

 

 

-4

 

-15

 

VII.Сабақты бекіту: « Кім жүйрік?» ( тест)

  1. Есепте: (3,7-8,6)×(-3,1)-5,09

А) 20,28; В) -10,1; С) 10,1;

  1. Өрнектің мәнін тап: а32, егер а=-1; в=-3

А) -8 В)10 С)-10

  1. Өрнекті ықшамда: 5×(-1,6)×х

А)-8 В)-8х С) 9х

Математиканы өмірмен байланыстыру. «Болжау»  стратегиясы

Білемін

Білдім

Білгім келеді

 

 

 

 VIII. Үйге тапсырма беру: №319,  №320, №38

    IX. Сабақты қорытындылау: бағалау , марапаттау.

Добавить комментарий