Жезқазған қаласы №13 орта мектебі
Информатика пән мұғалімі
Абикенова Салтанат Утегеновна
Тақырыбы: Word текстік редакторының негізі. Тексті енгізу.
Бөліп алу, редакторлеу. Word текстік редакторында кұжаттарды жазу, сақтау, ашу, жабу.
Сабақтың мақсаты: мәтіндік құжаттарды кластарға бөлу, оларды компьютерде өндеу технологиясын меңгеру.
Оқушы білуі тиіс:
- Ø Құрама құжаттар жасау үшін дерек алмасу технологиясын;
- Ø Мәтіндік редакторды, оның міндетін, типін, негізгі функцияларын
- Ø Мәтіндік құжат түрлерін:
Оқушы менгеруі тиіс:
- Ø Мәтіндік құжатты жасауды, сақтауды, ашуды, жабуды;
- Ø Мәтін терудегі пернелер қызметін;
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақ типі: практикум элементтері бар түсіндірмелі
Программалық дидактикалық қамтылуы: есептеуіш техника кешені, мәтіндік процессор, оқулық, жұмыс дәптері,
Сабақтын барысы:
Ұйымдастыру кезені:
Сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа әзірлігін қадағалау, үйге неберілгендігін сұрай отырып, оқушы зейінін сабаққа бағыттау
Үй жумысы тексеру:
Microsoft office бағдарлау пакеті, онда объектілермен жұмыс жасау, алмасу буфері, объектілерді көшіру, жылжыту, қою туралы тапсырмалармен жұмыс істеу,
Жаңа сабаққа бағыттау:
Тақырыпты жазғызу, жаңа сабақ мақсатымен таныстыру, текстік редактор бойынша сұрақтар қоя отырып, оқушы ойын жинақтау.
Жаңа сабақ
Мәтін дегеніміз символдардың кез келген тізбегі. Компьютерлік алфавит 256 символдан тұрады, Мәтін табиғи тілдердін (орыс, қазақ және т.б.) бірінің символдарынан, сондай ақ математикалық, физикалық формулардан, сандық кестелерден жасалған және т.с.с. құрылуы мүмкін.
Мәтіндік редактордың көмегімен жасалған файл мәтіндік құжат деп аталады. Ол алфавиттік цифрлық символдарды, графикалық объектілерді және мәтінді пішімдеу туралы басқарушы ақпаратты қамтуы мүмкін.
Мәтіндік құжаттарды магниттік дискіде құрұға, өңдеуге, құжат пішімін өзгертуге мүмкіндік беретін қолданбалы программа мәтіндік редактор деп аталады.
Мәтін түрлері:
Гипермәтін – бұл басқа мәтіндермен, графикалық, бейне немесе дыбыстық ақпаратпен мағыналық байланыста болатын мәтін. Ауысу асты сызылған түсті мәтін немесе графика түрінде болатын гиперсілтеме бойынша жүзеге асырылады.
Кітап, мақала, техникалык құжаттама, хат, бұйрык, есеп, және т.с.с. |
Мәтіндік құжаттарды кластарға бөлу схемасы мынадай:
Кәдімгі мәтін |
Мәтінің аса маңызды объектілері символ (әріп, цифр,тыныс белгісі,арнайы белгі) сөз, жол, абзац, бет болып табылады.
Жаңа сабақты тиянақтау:
Word текстік редакторы қалай іске қосылады?
Онда құжаттарды қалай сақтаймыз?
Бұрын сақталған құжаттарды қалай ашамыз?
Практикалық жұмыс:
- Текстік редакторды қалай іске қосылады?
- Қаріптің өлшемін 14-ке тең деп ал.
- Оң жағынан тегісте.
- Төмендегі мәтінді тер!
Адам баласының жүріп өткен жолдарына назар салсақ, көз алдымызға қоғамды басқаратын халық елестейді. Сол халықтың басты мақсаты ақылды да саналы, тәртіпті де еңбек сүйгіш ұрпақ тірбиелеу. Әрбір халық өз ұрпағының қайырымды да адал, әділ де ержүрек, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор, ар-ұятты мол, кішіпейіл болып өскенін қалайды. Сонын ішінде ұзақ жылдар басқа елдердің қарамағында болған қазақ халқы да өз ұрпағын тірбиелеуде талай ғасырлар бойы жасап келе жатқан әдет – ғурпына, салт – дәстүріне арқа сүйеді. |
- Терілген мәтінді 8 «ғ» деген файлға сақтап, терезені жап.
- Сол файлды қайта аш, жазған мәтінге атау бер.
- Сол файлда қайта сақта.
- Терезені жап, орнынды жинастыр.
Сабақты бекіту:
- Мәтін дегеніміз не?
- Мәтіннің маңызды объектілері не екен?
- Абзац дегеніміз не?
- Мәтіннің қандай класстары бар екен?
- Символ әлпетінің параметрлері қандай болады?
Үйге тапсырма:
Мәтін дайындау, конспектіні оқу.
Бағалау:
Сабаққа қатысу, ДК – мен жұмыс істеу икемділігіне қарай бағалау.