Қарағанды қаласы, Жезқазған қаласы, №13 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі
Аринова Тазагүл Қалиоллақызы
Сабақтыңтақырыбы: Ж.Жабаев «Кәдірбайдың төбеті»
Сабақтың мақсаты: Ж.Жабаевтың сатиралық шығармалары туралы кеңірек түсінік беру
Міндеттері:
Білімділік.Оқушыларға «Кәдірбайдың төбеті»шығармасының тақырыптық,мазмұндық,көркемдік ерекшеліктері ,ондағы көркемдегіш тәсілдер ,әдеби-теориялық ұғым-сатира туралы білімдік мағлұматтар беру.
Дамытушылық:Оқушылардың сөйлеу тілін,қабылдау,қабылдағанды түйсіну,есте ұзақ сақтау қабілеттерінің жетілуіне ықпал ету, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Оқушыларға сатиралық шығарманы оқыта отырып,рухани-адамгершілік бағытта тәрбие беру,шығарма астарында жатқан түрлі жағымсыз мінездерді әшкерелеп,сол мінездерден аулақ болуға үндеу.
Сабақ түрі-аралас сабақ
Сабақ формасы-топпен жұмыс
Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндірмелі,сұрақ-жауап,ізденіс,талдау-жинақтау,мәнерлеп оқу,
СТО технологиясынан: «Кластер», «РАФТ», «Бес жолдыөлең», «Автор орындығы», «Еркін жазу»
Сабақтың көрнекілігі: тірек – сызба, түсіндірме кестелер, слайдтар,шығарма мәтіні,плакат,маркерлер,интерактивті
тақта
Пәнаралық байланыс :тарих:ҰОС,
әдебиет теориясы:сатира,композиция,көркемдегіш тәсілдер.
Сабақтыңбарысы:
- Ұйымдастырукезеңі: сәлемдесу, оқушылардытүгендеу, сабаққадаярлықтарынтексеру.
- Сыныпты екі топқа бөлу,әр топпен таныстыру,топтық жұмыстарға сараптама жасайтын сарапшы топ мүшелері және тайм-бақылаушымен таныстыру.
- Үйтапсырмасынтексерукезеңі.
І-кезең. «Қызығушылықты ояту» сатысы.
- «Ақ басты Алатаудың Жамбылымын…»
(Ақынның өмір жолынан тың деректер ,ізденіс жұмысы)
- «Өлеңі не күлдірмесе,не жылатпаса өлең емес…»
(Ж.Жабаевтың шығармашылықжолы,ізденіс жұмысы)
Әр топқа 7 мин.беріледі.
— Сарапшы топтың ізденіс жұмыстарын қорытындылауы.
3. Білімдіжан-жақтытексерукезеңі.
«Кластер»арқылытоптастыру:Жамбыл шығармаларында көтерілген тақырыптар.
4. Жаңабілімдіқабылдауғасапалыбелсенділіккедаярлаукезеңі.Сабақмақсатыайтылып,тақырыбыжазылады.
5. Жаңасабақтытүсіндірукезеңі.
ІІ-саты. «Мағынаны тану»
Жамбыл шығармаларының бір саласын құрайтын оның түрлі тақырыптарға жазған сатиралық шығармалары.Сатира әжуа,күлкі ету деген мағынаны білдіреді.Жамбылдың сатиралық өлеңдері адам мінезіндегі ,қоғамдағы ұнамсыздықты,жағымсыз әрекеттерді мінеген ащы сын,өткір мысқылға толы.Ақынның бізге жеткен алғашқы «Шағым»өлеңінен бастап,өмірінің соңына дейінгі «Әке әзілі» өлеңдерінде сатиралық күш бәсеңсіп көрген емес.Жамбылдың сатирик ақын екені оның «Кәдірбайдың төбеті», «Кәкімге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Есенәлі мешкейге»сияқты өлеңдерінен айқын танылады.
«Кәдірбайдың төбеті»- сюжетке құрылған,композициялық құрылымы бар өлең. Аталмыш шығарма –ақынның да,қазақ сатирасының да дәрежесін көтерген үздік туынды.
6.Алған білімді тиянақтау кезеңі.
Мәтінді толық мәнерлеп оқу.
7.Білімді бекітукезеңі.
1.Өлеңге кешенді-лирикалық талдау жасау
Тақырыбы |
|
Идеясы |
|
Жанрлық түрі |
|
Бөлімдер саны |
|
Тармақ саны |
|
Буын саны |
|
Ұйқас түрі |
|
2.Өлеңді сюжет элементтеріне талдау (дәптермен жұмыс)
3.Мәтіннен көркемдегіш тәсілдерді табу:теңеу,антитеза,т.с.с
4.Шығармағатілдікталдау
Қаратпа сөздер Антонимдер Қос сөздер Сұраулы сөйлемдер |
|
- «Еркін жазу» 1-топ, «Күлкі –қазақ халқы ұғымындағы ең үлкен жаза»
2-топ, «Күлкі –жан азығы», «Автор орындығында »оқу.
-Сарапшы топтың пікірі.
ІІІ-кезең. «Ой-толғаныс кезеңі»
1-топ, «Бес жолды өлең» әдісі арқылы сатиралық шығарманы қорытындылау,плпкатқа жазу,қорғау.
2-топ, «РАФТ» әдісімен шығарма бойынша әңгіме жаз,ақ параққа жазып,қорғау.
-Сарапшы топ пікірі,жеңімпаз топты анықтау,марапаттау.
8.Бағалау кезеңі.