Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшесінің құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Ас қорыту мүшелерінің құрылысын ажырата отырып,ас қорытудың адам үшін маңызы зор екендігін оқушылар санасына қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
а/ Білімділік: Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа технология әдістерін енгізе отырып оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттырып,оқушылардың шығармашылық деңгейін көтеру.
ә/Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау,есту,көру сезімдерін жетілдіру,сөздік қорларын байыту.Сұрақ-жауап,тест жұмыстары арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту.
б/Тәрбиелік: Ас қорыту мүшелерінің маңызын түсіндіру арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп,еңбек дағдысын қалыптастырып,денсаулықтарын қорғауға,оны қалпында сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойша жасалған саяхат
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөздік,сұрақ-жауап,интерактивті әдіс.
Оқыту формасы: Ұжымдық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,үлестірмелі кестелер,түрлі тапсырмалар.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру 2 мин
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру 12 мин
ІІІ.Актуальдау 2 мин
ІҮ.Жаңа сабақ түсіндіру 20 мин
Ү.Дамытушылығы 4 мин
ҮІ.Бекіту 3 мин
ҮІІ.Қорытындылау 2 мин
Үй тапсырмасы
Бағалау
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру
— Саламатсыздар ма?
— Бүгін сыныпта кезекші кім?Жоқ оқушыларды белгілеп алып,жинақталып сыныпты сабаққа дайындаймын.Бүгінгі сабағымыз «Саяхат» сабағы ретінде өтеді.Бүгін біз сиқырлы орман әлеміне саяхат жасаймыз.Біздің мақсатымыз, «сиқырлы бағаларды» табу.Міне сондықтан алда көптеген сындар күтіп тұр.Бұл әлемді саяхаттамастан бұрын,осы әлемге жету үшін Денсаулық поезына, «Ас қорыту мүшелерінің құрылысы» вагонына билет алуларыңыз сұралады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар сіздерге билет оңай берілмейді.Үйге берілген «Ас қорыту маңызы» тақырыбы бойынша осы сұрақтарға жауап беру арқылы билетті аласыздар.Мінекей,сонда саяхат жасау үшін де көп еңбектенуіміз керек солай маоқушылар?Қане оқушылар,онда сұрақтарымызға көшейік.Әлі алдымызда түрлі сиқырлы әлемдер және осы сиқырлы әлемді тамашалау үшін түрлі тапсырмаларды орындауымыз қажет.
Тапсырма 1. Билет:
1. Қоректік заттарға не жатады? (нәруыздар,көмірсулар,майлар,минералды тұздар,су мен витаминдер)
2. Тамақ өнімдерінің едәуір қарапайым ,организмге сіңірілетін заттарға ұсақталу және ыдырау процесі қалай аталады? (ас қорыту)
3. Нәруыз текті асқорыту жолында заттарды ыдыратып,химиялық реакцияларды тездетеді,сонымен қатар ерітінді түрінде қанға,лимфаға өтіп,организмге сіңеді.Бұл қандай заттар? Ферменттер
4. Адам организмінде орташа есеппен алғанда қанша пайыз нәруыз болуы тиіс?
15-20% нәруыз
5. Адам организмінде орташа есеппен алғанда қанша пайыз көмірсу болуы тиіс? 0,6% көмірсу
6. Адам организмінде орташа есеппен алғанда қанша пайыз майлар болуы тиіс? 19% майлар?
7. Адам организмінде орташа есеппен алғанда қанша пайыз минералды тұздар болуы тиіс? 5,8% минералды тұздар
8. Адам организмінде орташа есеппен алғанда қанша пайыз су болуы тиіс? 60-65% су
9. Нәруыз қандай тағамдардың құрамында кездеседі? (ет,балық,жұмыртқа,сүзбе,бұршақ)
10. Организмдегі негізгі энергия көзі,бұлар өсімдіктекті өнімдерде көп мөлшерде крахмал күйінде болады,егер организмде артық мөлшерде болса гликоген түрінде қорға жиналып,ал бір бөлігі майға айналады,бұл заттың атауы? (көмірсу)
11. Майлардың тәуліктік мөлшері? 80-90 грамм
12. Витаминдер жеткіліксіз болса,адамда қандай ауру пайда болады? (авитаминоз)
13. Минералды тұздардың қызыметі (сүйек пен тіс құрамына кіреді,зат алмасуға қатысады,тіршілік үшін маңызы зор)
14. Тәулігіне адамға қанша литр су қажет? (1,5-2,5 литр)
15. Авитаминоз қандай ауру? Витаминдер жеткіліксіз болған жағдайдағы.
16. Нәруызға тәуліктік қажеттілік қанша г құрайды? 100
17. Кейбір майлар құрамында қандай витаминдер кездеседі? А,Д,Е,К
18. Нәруыздар қысқаша тоқтал
19. Майлар қысқаша тоқтал
20. Ферменттер қысқаша тоқтал
21. Витаминдер қысқаша тоқтал
22. Көмірсулар қысқаша тоқтал
23. Минералды тұздар қысқаша тоқтал
24. Су адам организмінде дене массасының шамамен,қанша %-ын құрайды? 60-65
25. Құрылыс материалы ретінде жасуша мембранасының құрамына кіреді,бірақ негізінен,энергия көзі ретінде пайдаланылады?Қандай зат? Майлар
26. Күрделі органикалық қосылыстарға жатады?нәруыздар,көмірсулар мен майлар
27. Тамақ…………… адам роционының (белгілі бір мерзімдік,тәуліктік азық) құрамына кіретін өсімдіктекті және жануартекті өнім.
28. Жануартекті тағамдар: …………………. ет,сүт және сүт өнімдері,жұмыртқа,балық, т.б.жатады.
29. Өсімдіктекті тамақ өнімдері: нан,ұннан жасалатын тағамдар,жеміс,көкөніс,жидектер.
30. Ет,балық,жұмыртқа,сүзбе,бұршақ құрамында кездеседі?Нәруыз.
Тапсырма 2
Алдымызда «Сиқырлы жартас» күтіп тұр екен. «Сиқырлы жартас» қандай тапсырма бермек? Шешіп көрейік.
«Сиқырлы жартас» астында организмге қажетті,кенеулі заттары бар әр түрлі тағам суреттері беріледі,міне соларды ажыратып жазу.
ІІІ.Актуальдау
Өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру үшін сұрақтар арқылы жаңа сабаққа көштім,яғни оқушыларға аялдамамыздың келесі бөлімі ретінде жаңа сабақты алдым.
ІҮ. Жаңа сабақ
Ac қорыту мүшелерінің жүйесі ас қорыту жолынан және ас қорыту бездерінен тұрады. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ұлтабар ас қорыту жолы болып табылады.
Ауыз қуысының құрылысы және астың қорытылуы
Ауыз қуысының төменгі жағынан бұлшық етпен, алдыңғы жағы тіспен, иекпен көмкеріліп, ұрт құрайды, үстіңгі жағы қатты және Жұмсақ таңдаймен қапталған. Жұмсақ таңдайдың артқы бөлімі томпайып, кішкене тілшікке (бөбешік) айналады. Жұмсақ таңдай ауыздың артында және екі жағында қалтарыстарға айналады. Таңдай доғасы, олардың арасында көмей бездері бар. Бұл бездердің қатпарында тамақпен бірге ауызға түскен микробтар залалсызданады. Ол көлденең жолақты бұлшық еттен тұрады. Оның үсті сілемейлі қабықшамен қапталады. Қабықшаның үстінде дәм сезу клеткалары бар. Тілдің ұшындағы клеткалар, екі жағындағы клеткалар және түбіндегі клеткалар қандай дәмдерді сезетінін естеріңе түсіріндер.
Ауыз қуысының қызметі: қоректі механикалық ұсақтау; қорек жентегі пайда болуы; көмірсулардың ыдырауы; қоректін, сапасы мен температурасын анықтау.
Жұтыну. Ac жентегі ауыздан жұтқыншаққа, одан тік орналасқан жіңішке түтікше өңешке жетеді. Жұтынған кезде көмейді кіре беріс бөбешік жауып қалады. Өңештің бүйірі толқынды жиырыла отырып, асты қарынға жылжытады. Өңештің кілегейлі қабықшасы жасап шығаратын кілегейлі зат астың жылжуын жеңілдетеді.
Өңеш — ішектің алдыңғы бөлігі, ұзындығы 5 см. Ол 3 бөлімнен тұрады: мұрын немесе кеңсірік, ауыз куысы және жұтқыншақ. Бұған ас қорыту жолы, жұтқыншақ және есту (евстахиев) түтікшесі ортаңғы құлақ жарғақшасына жеке ашылады. Өңештін, ауыз жағы есінеу арқылы ауыз қуысына ашылады. Жұтқыншақ бөлігінен жұтқыншаққа және ас қорыту жолында ас қорыту мен тыныс алу жолдары айқасады. Сілекейлі қабықшада лимфоидтық ұлпалардың жиынтығы болады.
Ac қорыту жолы. Ұзындығы 25 см, бұлшық еттік түтікше өңеш пен қарынды (асқазан) жалғастырады. Сақиналы бұлшық еттердің толқынды жиырылуынан ас жентегі жылжиды. Ac қорыту жолының жоғарғы қабырғасы көлденең жолақты бұлшық еттен, ал ортаңғы және төменгі жағы тегіс бұлшық еттен тұрады.
Қарынның құрылысы және астың қорытылуы
Қарын — көлемі 2-3 метр болатын қап тәрізді ұлғайған ас қорыту мүшесі. Қарынның (асқазан) пішіні мен мөлшері тұрақты емес, ең бірінші адам конституциясына байланысты болады. Қарынның қабырғасы үш қабаттан (сілемейлі, бұлшықетті және сероздық қабықшадан) тұрады. Ішкі қабатта (сілекейлі) қарын сөлі бөлетін көп мөлшердегі бездер бар. Адам күніне 1,5-2л қарын сөлін бөледі. Қарында ас 3-10 сағат аралығында қарын сөлінің әсерінен қорытылады. Онда ең алдымен белок қорытылып, ыдырауға түседі. Қарын сөлінде белокты ісіндіріп, оны қорытатын ферментті белсендіретін тұз қышқылы бар. Белокты ыдырататын пепсин ферменті үшін қышқылдан басқа қарындағы қызу 38-39°С-қа тең болуы қажет. Сондықтан тамақтану гигиенасын сақтамаса, астың қорытылуы өзгеріп, қарында қыжылдау сезіледі. Қарында ас қорытудың өзгеруі өне бойы ыстық немесе өте салқын және кұрғақ тағамдарды жиі ішуден болады. Қарын сөлі бөлінуінің реттелуі жүйке жүйесі және гуморальды жолмен іске асады.
Аш ішектің құрылысы және астың қорытылуы. Қоймалжың ас ботқасы қарыннан оқтын-оқтын ас қорыту жолының келесі бөлігі — ішекке өтеді. Қоректік заттар аш ішекте одан әрі едәуір жай заттарға ыдырап, қан мен лимфаға сіңеді.
Аш ішектің астары кедір-бұдырлы бүртіктермен қапталған. Бүртіктердің астында қылтамырлар мен лимфа орналасады. Бүртіктердщ аш ішектегі асты сіщріп (сорып) алатын көлемі 4-5 м2-ден 400-500 м2-ге дейін болады. Аш ішектің ұзындығы 3-3,5 м. Оның бастапқы бөлімі-ұлтабар ұшы. Ұлтабар ұшының орташа ұзындығы 12 еліге тең. Ұлтабар ұшына бауыр мен ұйқы безінің шығару өзектері ашылады. Ұйқы безі сөлінің ферменттері сілтілі ортада ғана әсер етеді және оның қызметін өт күшейтіп отырады. Ac қорыту сөлі ферменттерінің әсерінен белок, май, көмірсулар ұлтабар ұшында ыдырайды.
Ұйқы безі — ішкі және сыртқы бездердің ең ірісі. Бұл бас, дене және құйрық бөлімдерден тұрады. Басы ұлтабармен жанасады. Без екі типті клеткалардан тұрады: біреуі гормондарды (инсулин, глюкагон), басқалары ішекке ұйқы сөлін бөледі. Оның құрамына маңызды ас қорыту ферменттері, оның ішінде трипсин, липаза, амилаза және т.б. трипсин белоктар мен пептидтерді аминқышқылдарға дейін ыдыратады, липаза майларды глицеринге және май қышқылына, ал амилаза қалған полисахаридтерді глюкозаға дейін ыдыратады.
Ұйқы безінің жүйкелік және гуморальдық реттелу қызметінің механизмі бар.
Тоқ ішектін құрылысы және астын қорытылуы. Қорытылмай қалған ас қалдықтары тоқ ішектен 12 сағатта жүріп өтеді. Осы уақытта ондағы судың көбі қанға сіңеді. Тоқ ішектің кілегейлі қабықшасында бүр болмайды. Оның бездері құрамында ферменттері аз, ал кілегейлі заты көп сөл түзеді, осындай кілегейлі зат арқасында қорытылмаған ас қалдықтары ілгері жылжып, организмнен оңай шығарылады. Тоқ ішекте бактериялар көп болады. Олар астың қорытылуына жәрдемдеседі, бактериялардың қатысуымен кейбір витаминдер түзіледі. Бір мезгілде К витамині және В тобы синтезі іске асады. Тік ішектің дефекациясы — күрделі рефлекторлық акт, яғни бұл кезде диафрагма (көкет) мен қарын бұлшық етінің қабырғасы жиырылады. Бұл рефлекстің орталығы жұлынның құйымшақ бөлімінде орналасып, оның әрекетін бас миы реттейді.
Ү.Дамытушылығы
Сіздерге бүгінгі мәлімет түсінікті болса,саяхатымызды бастайық!Алғашқы аялдамамыз «Сиқырлы өзен »екен.Оо,сиқырлы өзендесиқырлы балықтар жүзіп жүр екен.Тегін жүзбесе керек,бізге келесі аялдамаға бағыт-бағдар беретін осы балықтар болса керек.Жолаушылар,келесі сиқырлы сиқырлы әлемге жету үшін сиқырлы балықтарымыздың тапсырмаларын орындауымызға тура келеді.Балықтар астында жасырын тұрған түрлі тапсырмаларға жауап беру.
Тапсырма 3
Бірінші балық: Ең үлкен асқорыту безі-бауыр.Жауап дұрыспа қалай ойлайсыз?Әрине дұрыс.
Екінші балық: Жұмбақтың шешімін тап?
Дәу үңгірдің қақпасы жабылып,ашылып тұрады,
Жоқ болса да топсасы Ауыз
Үшінші балық: Ас қорыту мүшесінің қандай да болмасын бөліктеріне мақал-мәтел тап!
Жауап: Апыл-ғұпыл ішкен ас,Асқазанға түскен ас.
«Ауру ауыздан кіреді»
Төртінші балық: Ұйқы безінің қызметі?
Жауап: Ас қорыту,ішкі секрециялық қызметті атқарады.
Жолаушылар,балықтар сіздерге келесі әлемге баратын жолды көрсетеді,қане бәріміз келесі әлемімізге саяхат жасайық!Алдымызда не күтіп тұр екен?
Тапсырма 4
Міне аялдамалардан жолымыз болып еш кедергісіз өтіп жатырмыз.Қызықты сиқырлы әлем аясында жүргендейміз!Алда қандай қызықты оқиғалар болады екен?Тағы қандай сиқырлы әлемге тап боламыз екен?Міне осыған көз жеткізейік!
«Сиқырлы құстар» әлеміне келдік!Осы сәтте құстардың шиқылдаған дыбысы естіледі.Біздің сиқырлы құстарымыз қандай тапсырма дайындап қойды екен?Шешіп көрсек қалай?
Термин сөздер жасырады,жауабын айту.
Сілемейлі эпителий,дәнекер ұлпасы,ауыз,өңеш,асқазан,ұлтабар,ұйқыбез,бауыр.
Ерекше құстың тапсырмасы: мылқау сурет.
ҮІ.Бекіту
1. Ас қорыту мүшесінің бұл бөлімінде нәжіс қалыптасады: тоқ ішекте
2. Онда су қайтадан денегесіңіріледі және кейбір витаминдер синтезделеді:тоқ ішекте
3. Ас қорыту жолының кеңейген мүшесі: асқазан
4. ……..сілекей бездерінің өзегі ашылады:ауыз қуысында
5. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері: соқыр ішек
6. Адамда ас қорыту жолының ұзындығы: 8-10 метр
7. Тіл бөлігін ата?Түбірі,дене,ұшы
8. Адамдағы жұтқыншақ ұзындығы:11-13 см
ҮІІ.Қорытындылау
Мінекей,жолаушылар!Бүгінгі саяхатымыз сіздерге ұнады ма?Мақсатарыңызға жеттіңіздер ме?Жалпыц осы саяхатымызда көрген білгеніміз көп болды,міне енді біздің сиқырлы бағаларға жеттік.
ҮІІІ.Үй тапсырмасы
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы,кітап соңындағы кестені толтыру.
ІХ.Бағалау
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша,жаңа сабақ барысында орындалған тапсырмаларды орындауы бойынша бағаланады.