Аңсау

Актөбе облысы, Мұғалжар ауданы,

Ембі қаласы №2 орта мектебі

 

 

 

 

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ.

Тақырыбы: «Аңсау».

                                                         

 

 

 

 

                                                             Пән мұғалімі: Э.М. Құрантаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2012-2013 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Аңсау».

Мақсаты:

Ø Оқушыларды мәтінмен жұмыс жасауға бейімдеу

Ø Қойылған сұраққа толық жауап беру дағдысын дамыту

Ø Білім талап етуге ұмтылуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Әдіс тәсілдер: кітаппен жұмыс, сұрақ-жауап, ой-толғау,  жазбаша жұмыс.

Көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, тақта, бор.

Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі (ұран, оқушыларды түгендеу, оқушылардың оқу-құралдарын тексеру).

2.     Үй тапсырмасын тексеру – 96бет, 5-тапсырма.

3.     Жаңа сабақ.

4.     Кітаппен жұмыс.

5.     Сергіту сәті.

6.     Жазбаша жұмыс.

7.     Қорытындылау.

  Сабақ ұранмен басталады. Сабақ барысында оқушылар «Аңсау» мәтінінің аясында жұмыс жасайды. Мұғалім оқушыларға мәтінді оқып береді (35-бет, 1-т).

 

Аңсау.

 

  Қыркүйекке тақағанда мамасы Ермекті балабақшадан алып, мектепке әзірлей бастайды.

         Енді мектепте оқисың, — деп қызықтырды.

Біраз уақыттан соң, мектепке әкелді. Мектеп екі қабатты, үлкен, кең, жарық, таза екен.

  Сыныпта отырғаны болмаса, ойы – балалар бақшасында. Бірге ойнайтын достарын сағынды.

  Үйне қайтар жолда Ермек балабақшаға баратын амал іздейді. Келе жатқанда бір ой орала кетті. Үйге жайрандай кірді. Мамасы:

         Қалай, балам, мектеп жақсы ма екен? – деді.

         Жаман, енді бармаймын.

         Неге?

         Мектепте не нан, не шай бермейді. Енді өзімнің балабақшама барамын.

         Балам-ау, балабақшада достарыңның біреуі де жоқ, — деді ойын сезген мамасы.

         Олар қайда?

         Олар да сен сияқты мектепте, — деді мамасы түсіндіріп. Ермек ойланып қалды.

 

  Интерактивті тақтада мәтіннің мазмұнына сәйкес слайдтар көрсетіледі. Оқушылар мәтінді рөлге бөліп оқиды. Интерактивті тақтада мәтінге сұрақтар әзірленген. Оқушылар сұрақтарға жазбаша жауап береді.

  Сергіту сәті. Кластан бір оқушы ортаға шығып, сергіту сәтін орындайды, қалғандары оған ереді.

 

Сергіту сәті:

 

Бір екі үш – біз жинаймыз күш.

Терезені ашамыз – таза ауа жұтамыз.

Бір екі үш – отырамыз тып-тыныш.

 

  «Ережені еске түсірейік». Оқушыларға синоним, антоним, омоним сөздерінің  анықтауы беріледі. Олар ережені еске түсіре отырып 35беттегі 2-тапсырманы орындайды.

  2-тапсырма.

  Ара, қал, жақсылық, жамандық, ұстаз, мұғалім, оқытушы, оқушы, шәкірт, қара, ақ.

  Бұл тапсырмадағы берілген сөздерге сәйкес слайдта суреттер көрсетіледі.

 

Келесі сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар:

 

  Жақсылық, шәкірт, мұғалім, оқытушы.

 

Жақ-сы-лық (3 буын – бітеу, ашық, бітеу).

 

Ж-[ж]— дауыссыз, ұяң.

А-[а]— дауысты, жуан, ашық, езулік.

Қ-[қ]- дауыссыз, қатаң.

С-[с]- дауыссыз, қатаң.

Ы-[ы]- дауысты, қысаң, ашық, езулік.

Л-[л]- дауыссыз, үнді.

Ы-[ы]- дауысты, қысаң, ашық, езулік.

Қ- [қ]- дауыссыз, қатаң.

__________________________________

 

8 ә, 8 д.

 

 

Шә-кірт (2 буын – ашық, бітеу).

 

Ш-[ш]- дауыссыз, қатаң.

Ә-[ә]- дауысты, жіңішке, ашық, езулік.

К-[к]- дауыссыз, қатаң.

І-[і]- дауысты, жіңішке, ашық, езулік.

Р-[р]- дауыссыз, үнді.

Т-[т]- дауыссыз, қатаң.

______________________________________

6 ә, 6 д.

 

 

Үйге: 35-бет, 1-тапсырма – мәтіннің мазмұнын айту.

 

Қорытындылау сұрақтары:

1.     Синоним дегеніміз не?

2.     Антоним дегеніміз не?

3.     Омоним дегеніміз не?

 

Бағалау.

 

 

{PAGEBREAK}{PAGEBREAK}

Добавить комментарий