Ашық сабақ жоспары Тақырыбы: «Туынды арқылы функцияны зерттеу».

     Қарағанды облысының білім басқармасы

Теміртау жоғары политехникалық колледжі

БЕКІТЕМІН: жаратылыстану пәндерінің ЦӘК төрайымы ___________ А.Т.Абылгазина «__»_______2019 ж.

Ашық сабақ жоспары

Тақырыбы: «Туынды арқылы функцияны зерттеу».

                         Оқытушы:

  А.Т.Төлеутай

Теміртау 2019 ж.

№62 Ашық сабақ жоспары

Курс      І                                    Топ:  ТДМ-2018                              Пән:   Математика                                       күні: 18.02.19

Оқытушы: Төлеутай А.Т.

1. Сабақтың тақырыбы: Туынды арқылы функцияны зерттеу.

2. Сабақтың түрі және тұрпаты: ҚС

3. Сабақтың мақсаты: туындыны қолдана отырып функцияны зерттеу және оның графигін салу.

4. Сабақтың міндеттері:

4.1. Білімдік функцияны зерттеу және оның графигін салу алгоритмін пайдалана отырып, мысал арқылы түсіндіру,  біліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

4.2. Дамытушылық тақырып бойынша алған білімдерін практикада пайдалана білу дағдысын қалыптастыру, есептерді шығарта отырып есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамуға жағдай тудыру.

4.3. Тәрбиелік   формулалар мен алгоритмді дұрыс қолдана білу , топпен жұмыс жасауда жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа үйретуге ықпал ету.

5. Күтілетін нәтижелері:

5.1. Студенттер түсінуі тиіс: функциялардың туындыларын формулаларды пайдалана отырып табу, алгоритм этаптарын білу , асимтоталарды табу.

5.2.Студенттердің құндылық бағдары: туынды арқылы  функцияларды зерттеуге байланысты қолдана алатын салалары бар, олар: физикада жылдамдық пен үдеуді табуда, ал  химияда реакцияларды есептеуде пайдалану.

5.3.Студенттер жасай біледі:Функция, оның анықталу облысын табу, функцияның экстремумдарын табу, кемімелі функция, өспелі функция,  дөңес, ойыстығын анықтау, функция асимптоталарын табу. 

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс  арқылы жаңа тақырыпты бекіту.

Пәнаралық байланыс: физика, ағылшын тілі, химия.

Сабақтың көрнекілігі: проектор, тақта, презентация, топтық жұмыс жасауға арналған материалдар.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері   Сабақ уақыты Оқытушының басқарушылық іс-әрекеті Әрбір кезеңдегі студенттердің іс-әрекеті Сабақтың әр кезеңінің құралдары
І. Ұйымдастыру кезеңі     4-5 мин 1.1.Студенттермен амандасу, 1.2. Түгендеу; 1.3 Топтарды таныстыру 1.1. Оқытушымен амандасу, 1.2. Сабаққа дайындықтарын қалыптастыру 1.3. Әр топ өзін таныстырады Сабаққа қатысуын есепке алу парағы,  топ журналы
ІІ. Алдынала берілген тапсырма 9-10 мин 1 топ «cosx» Функцияның экстремум нүктелерін табу 2 топ  «sinx» Функцияның нүктедегі жүргізілген жанамасының теңдеуін құру 3топ «tgx» Физикалық есептің жылдамдығы мен үдеуін табу     Әр топ студенттері тапсырмаларын көрсетеді,  бір студент өз есебін түсіндіреді Шығарған есебін А4 қағазға жазып, түсіндіру
Білімді тексеру және есепке алу 4-5 мин Әр топтан туындының формуласын пайдаланып ағылшынша фронтальды сұрақ-жауап алу тест тапсыру Сұраққа ағылшын тілінде дұрыс жауап қайтару, мобильді телефондары арқылы тест тапсыру бағасын алу Ауызша шапшаң, дұрыс жауап қайтару, ұялы телефон
ІІІ. Жаңа білімді баяндау     15-20 мин   2.1. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау: 2.2. Жаңа материалды баяндау: Жалпы есептің алгоритмін жазғызу (қосымша1). 2.3. Нақты мысал келтіру, әр 7 пункт бойынша түсіндіру (қосымша2)   2.1.Сабақтың мақсатын түсіну 2.2. Жаңа сабақтың алгоритмін жазу  2.3. Мысалды түсініп, берілген тапсырмада қолдана білу    2.4 Тапсырмаларды бірігіп, алгоритм  бойынша бөліп алып шығару 2.5 Капитан бәрін біріктіріп, графигін сызып, қорғау Студенттердің дәптерлері, А4,А3 кағаздар, фломастерлер, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, оқулық,  сабақ жоспары
ІV. Білімді бекіту      25-30 мин 3.1. Әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беріп, орындату. 3.2 Тапсырмаларын қорғау(капитандар) 3.1. Жаңа сабақты түсінгендіктерін аңғарту үшін оқытушының қойған сұрақтарына жауап беру, бір-бірінің жауабын толықтыру Тапсырмалар жазылған парақтар, дәптер, фломастерлер, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, оқулық,  сабақ жоспары
V. Сабақты қорытынды лау                         VІ. Рефлексия 8-10 мин 4.1. Білімді жүйелендіріп, қорытындылау:  Бекіту сұрақтары: Жаңа сабақ бойынша: Анықталу облысы деген не? Экстремумдар деп нені айтамыз? Екінші ретті туынды  арқылы нені табамыз? Қиылысу нүктелерін қалай табамыз? Күдікті нүкте деген не? Асимтоталардың кандай түрлері бар?   4.2. Студенттерді бағалау,  баға қою критериін түсіндіру 4.3. Үйге тапсырма: {7}№7.24  360 бет 4.1. Сабақта алған бағаларын білу; 4.2.Үйге берілген тапсырмаларды дәптерге жазу Топ журналы Дәптер

Добавить комментарий