«Барельеф»

Сабақтың тақырыбы: «Барельеф»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мүсін жайлы жалпы түсінік беру. Мүсіншілердің көркем шығармаларын талдау. Мүсін сомдау материалдарының технологиялық тәсілдерімен таныстыру.
Білімділігі: Оқушыларды негізгі ұғымдармен таныстыру, мүсіндердің жасалу жолдарын, оның заңдылықтарын есте сақтай отырып түсіндіру.
Тәрбиелігі: Мүсін өнерінің айырықша туындыларын көрсете отырып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.Сабақ үстінде таза, ұқыпты еңбек етуге баулу. Оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың көру, есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сурет салудағы еңбек белсенділігін арттыру. Оқушының ой — өрісін, қиялын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, практикалық жұмыс.
Пән аралық байланысы: Мүсін өнері, тарих, математика, технология .
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Ә) Оқушыларға сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2.Теориялық бөлім
3.Практикалық бөлім
4.Қорытынды
Сәлеметсіздерме , оқушылар!
Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Барельеф»

Теориялық бөлім
Мүсіндеу – көркем өнердің бір түрі.
Мүсін – кеңістікте жан-жақты бейнеленген, сомдалатын көркем шығарма. Мүсінді «скульптура» деп атайды. Ол сөзді ең алғаш ежелгі римдіктер ойластырған. «Скульпо» деген латын тілінде «кесу, қашау» деген мағынаны білдіреді.
Мүсіннің графика мен кескіндемеден айырмашылығы, пішіннің барлық көлемін анық көрсетеді. Ең алғаш адамның, аңның мүсіндерін алғашқы қауымдық қоғамда шеберлер балшықтан илеп, ағаштан жонып, тастан қашап немесе аңның сүйектерінен жасаған. Ол кездегі мүсіндер өзіндік ерекшеліктері бар заттың бейнесіне ұқсас болады. Өйткені ол кездегі адамдардың тәжірибелері, құрал- саймандары, қажет заттар – мәрмәр тас, гипс, балауыз, темір қорытындылары т.б. заттар болған жоқ.
Мүсін өнері – ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер. Итальян мүсіншісі Микеланджело Буонаротти мүсін өнерінің шебері болып табылады. Оның «Давид» атты жұмысы бүкіл әлемге танылған.
Алғашқы қазақ мүсіншісі Хакімжан Наурызбаев 1951 жылы Харьков көркем сурет институтын бітіргеннен бері портрет және монументальді сәндік мүсін төңірегінде жұмыс жасайды. Мысалы: А. Құнанбаев, Ж. Жабаев, Ш. Уәлехановтың монументальды бюстері
Рельеф — мүсіндеу өнерінің кең тараған түрі.Рельеф дегеніміз – тек бір жағынан қарағанда жазықтық бетінен жақсы көрінетін мүсінді айтады.
Жартылай сомдалған нәрсе жазықтық бетінен аз ғана шығып тұрса –«баральеф» болып табылады. Барельеф (французша bas-relіef — сөзбе-сөз аудармасы — аласа бедер) — бедерлі мүсіннің бір түрі. Барельеф ауқымды кескін әрі техникалық негіз әрі фон болып табылатын тегіс бетке салынады. Кескін композициясы негіздің тұтастығын сақтай отырып, оның жарты қалыңдығындай мөлшерде шығыңқы тұрады. Барельефтің кескіндік және өрнектік түрлері болады. Ол сәулет құрылыстарында, безендіру туындыларында, ескерткіштердің тұғырында, ұстын, мемориалдық тақталарда, медальдер мен теңгелерде, глиптикада, яғни тастан қашалған бұйымдарда қолданылады. Сондай-ақ, өз алдына жеке өнер туындысы ретінде де кездеседі.
Практикалық жұмыс
Балалар бүгінгі «Барельеф» тақырыбындағы өтетін сабағымыздың мақсаты , оқушыларға мүсін жайлы жалпы түсінік беру. Мүсіншілердің көркем шығармаларын талдау. Мүсін сомдау материалдарының технологиялық тәсілдерімен таныстыру. «Барельеф» техникасымен жұмыстануға мүмкіндік беру.
Біздер бүгін мүсін түрі «барельеф техникасымен жұмыстанатын боламыз.Ол үшін қажетті құралдар.
-болашақ картинамыздың эскизы;
-ДВП тақтайшасы;
-қарындаш, өшіргіш;
-гипс;
— майлы бояу, қылқаламдар , мастихин;
-ПВА желімі;
Алдымен дайын эскизімізді ДВП тақташасына қарындашпен түсіреміз.(сурет 1)
Сурет салып болғаннан кейін гипсті бір ыдысқа сумен бірге езіп аламыз. Қоспамыз тез қатып қалатындықтан , гипстің мөлшерін аздап салып еземіз.Қоспамызды алдын ала 50*70 өлшемімен кесіп алынған ДВП бетіндегі эскиз бойынша, бір бөлігінен бастап жаға бастаймыз. Гипстің біркелкі жағылуы немесе суретімізге көлем беру үшін мастихин құралын пайдаланамыз. Салынған суретіміздің көлемді болып, алға қарай шығып тұруы үшін гипсті бірнеше қабаттап жағамыз.(сурет2) Эскиз бойынша жұмысымызға толық гипс қоспасын жаққаннан кейін, гипс толық сіңіп, кебуі үшін 1 күнге алып қоямыз. Кепкеннен кейін, қоспаның үстіне бояу түсу үшін ПВА желімін жағамыз.Енді дайын суретімізді бояуга кірісуге болады. Бояу үшін акрил немесе майлы бояу қолдануға болады.(сурет 3) Ең соңында жұмысымызды көрмеге қою үшін багетпен рамкілейміз.(сурет4)

Сурет 2

Сурет 3

Сурет 4

Қорытынды
Бүгінгі жаңа тақырыбымызды қорытындылау үшін оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады
1.Мүсін дегеніміз не?( Кеңістікте сомдалған көркем шығарма)
2. Мүсіндеуде пайдаланатын материалдарды ата.( Ағаш, темір, мәрмәр, қола, мыс, сүйек, гипс, тас, ермексаз, сазбалшық.)
3. Адамның тұлғалық мүсіні қалай аталады?( Статуя)
4. Қазақтың тұңғыш профессионал мүсіншісін ата?( Хакімжан Наурызбаев)
5. Рельеф нешеге бөлінеді?( 2түрге бөлінеді: барельеф, горельеф)
Дайындаған: Мектептен тыс тәрбие орталығы педагогы- Меңдрасимова Айымгүл Қайырханқызы

Добавить комментарий