Арыстанова Жұмакүл Қызыкенқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
№13 жалпы білім беретін орта мектеп
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
В данной статье расматривается
Нравственное воспитание учащихся начальной школы.
Moral education of pupils from the primary school.
Адамгершілік адам бойындағы ең асыл қасиеттің бірі. Ол қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз-өзін сыйламайды.
Қазақта мақал бар:«Әдепті бала ата-анасын мақтатар,әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.»
бұл мақалдың мән мағанасы үлкенді құрметтеуге, сыйлауға әдепті болуға үйретеді.
Өзіңді және өзгені сыйлау білу адамгершілікке жатады. Әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді сақтай отырып, Отанын, жерін сүйетін, бауырмал, жолдастыққа адал, ата-анасын құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу өзектілігі туып отыр.
«Жаста білген, басқа сіңген тәлімің, өзің өлмей сүйегінен қала алмас», деп классик жазушы І. Жансүгіров айқандай балалық шақтан бойына орныққан, ана сүтімен даритын ұлттық сезім нышандары, сөз өнері оның болашақ шамшырағына айналып, рухани байлығын кеңейтеді. Оны туған елге, жерге, халқына сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге баулап, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеп өсіру – бүгінгі таңдағы аса жауапты міндеттердің бірі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар – мектепке дейінгі мекемелер мен отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім-тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары өзсіз. Бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының балабақшаның, барша халықтың міндеті. [2]
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері білім беру саласында ғылымның дамуында, саясатта, мәдениетте, жалпы қоғамда көптеген өзгерістер болды.
Педагогтардың міндеті – оқытудағы жаңа көзқарасқа басты назар аудару: бала тұлғасының даралығын мойындау. Тағы бір міндеттерінің бірі – адамды үйлесімді дамыту. Білім беруге жаңа ықпал – адамгершілік – рухани білім беру. Баланың қабілетін ашу қажет, себебі ол өзіне жол таба білетін, өз күшіне өз тағдырына сенетін болу қажет!
Тəрбие əдістері –бұл тəрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары, тəсілдері. Мектеп тəжірибесіне орай əдістердің жəне бір анықтамасы – қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатымен тəрбиеленушілердің санасына, еркіне, сезіміне жəне қылық-əрекетіне ықпал жасау тəсілдері.
Əдістер түрі сан-алуан да шексіз көп. Ал оның нақты көрінуі өз шəкірттерінің білімдік күш-қуаты мен жалпы мүмкіндіктерін жете танып, оларды өтілетін материал сипатына байланыстырып жəне басқа да көп оқу жағдаяттарын зерделі саралай білген педагог əрекетіне тəуелді. Қай тұлға, қанша тұлға араласса, əдіс формасы да сондай əрі сонша – бұл заңдылық.
Тəрбие əдісі- көп өлшемді құбылыс, оның жүйелесуіне негіз болар белгілер сан-алуан. Солар арасында аса танымал болғандарын атап өтейік. Сипаты бойынша əдістер – сендіру, жаттықтыру, мадақтау жəне жазалау.
Тəрбие процесінің жалпы құрылымынан байқағанымыздай, дұрыс ұйымдастырылған тəрбиенің бірінші сатысы — оқушылардың өздерінде қалыптасуы қажет əрекет-қылық нормалары мен ережелерін білу (түсіну).
Əдептілік əңгіме тиімділігі келесі шарттарға байланысты:
— əңгіме оқушылардың əлеуметтік тəжірибесіне сəйкес болу қажет. Ол – қысқа, түсінікті, балалар толғаныстарына орай;
— əңгіме көрнекілік əдісін бірге қолдану арқылы жүргізіледі (көркемөнер туындылары, көркем фотосуреттер, халық қолөнер бұйымдары), əңгіме мазмұнын қабылдауға əн-күй үлкен жəрдем береді.
Үгіттеу арқылы кейде оқушыны өз қылығынан ұялу, өкіну сезіміне келтіруге болады. Педагог баланың мұндай сезімдерін оятып қана қоймастан, келеңсіз əрекеттерін түзетудің жолдарын да көрсетеді. [1]
Үлгі-өнеге — өте əсерлі тəрбие əдісі. Бұл əдіс негізінде жатқан заңдылық: көрумен қабылданған санада тез əрі жеңіл бекиді, себебі оны ойланып сөзбен таңбалап не таңбасын ауыстырып жатудың қажеті жоқ. Үлгі- бірінші, ал сөз – екінші сигналдық жүйе деңгейінде əсер етеді. Үлгі еліктеу үшін нақты өрнек беріп, сана, сезім, сенімді белсенді қалыптастырып, іс-əрекетке қозғау салады. «Уағыз жолы ұзақ, үлгі жолы қысқа» — деген байырғы Рим ғұламасы Сенека.
Тəрбие тəрбиешінің жеке басы үлгі-өнегесіне, оның қылық-əрекетіне, қамқорлығындағы балаларға қатынасына, дүниетанымына, іскерлігі мен абыройына тəуелді. Ұстаз үлгісінің оңды ықпалы оның сөзі мен ісінің жарасымдылығына, балалардың бəріне бірдей ақ пейілді қатынасына орай арта түседі. Бұл тəрбиешінің беделіне, ол бастаған істің жүйелілігі мен бірізділігіне де байланысты.
Үйретіп көндіру – көзделген сапаны жылдам əрі жоғары деңгейде қалыптастыру үшін қолданылады.
Үйретіп көндіру тəрбие процесінің барша кезеңдерінде де тиімді, бірақ бала дамуының алғашқы сатысында əбден қажет.
Тəрбиеленушіні белгілі іс-əрекетті орындатуға талаптандыру ниетімен қолданылатын əдістер тобында ынталандырудың орны өз алдына. Бұл əдістің ежелден-ақ мадақтау мен жазалау түрі белгілі. XX ғасыр педагогикасы жəне бір өте əсерлі ынталандыру əдісі – жарыстыру əдісін алға тартып отыр.
Қарапайымды бола тұра, мадақтау өте жауапкерлі де іс. Мадақ шектен тыс əсіреге айналып кетпей, орынсыз кем де болмауы керек. Санамен сарапталмаған əсіре мадақ баланы бұзады. Осыдан мадақтаудың психологиялық қырлары мен оның салдарын ескерген жөн:
1. Мадақ-марапат сырттай көзге түсіп, əйгілену ниетімен емес, мақтаушы мұғалім мен марапатталушы оқушының, яғни екі тараптың бірдей жан дүниелік қалауы мен қабылдауынан болуы шарт.
2. Мадақтау арқылы тəрбиеленушіні басқа балаларға қарсы қойып алмауды да ойластырған жөн. Сондықтан тек табысқа жеткен оқушыны ғана мақтап шектелместен, шын ықыласымен еңбектенген, өз ісіне адалдық танытатындардың бəріне де жылы лебіз, мадақ сөзді аянбаған жөн.
Жарыс, бəсеке. Көп бала топтала қалса, сол бойда өзара бедел таластыра бастайды. Балалар табиғатына аса тəн құбылыс – бəсекелестік. Төңірегіндегілер арасында өз беделін танытып, оны бекіту – əр адамның тума қажеті.
Жазалау –келеңсіз қылықтарды шектеп, тежеу үшін, басқалар алдында, өз тұрғысынан айыбын мойындау сезімін ояту мақсатында қолданылатын педагогикалық ықпал əдісі. Мектеп тəжірибесінде жазалаудың келесідей түрлері қолданылуда; 1) қосымша міндеттер таңу; 2) кей құқықтардан айыру не шектеу; 3) моральдық сөгіс, не айып тағу. Тəрбие барысында жазалаудың келесі формалары қабылданған: жақтырмау, ескерту, сөгіс жариялау, алдын ала сақтандыру, айыпқа сай талап қою. [1]
Жазалау əдісінің тиімділігін анықтаушы шарттар төмендегідей:
1. Оқушы «пір» тұтқан абыройлы адам тарапынан болған жаза əсерлі келеді. Келеңсіз қылығы тек тəрбиеші емес, дос, жолдастарының да жақтырмауына, ескертуіне ұшыраса, айып сезімі күштілеу болады. Сондықтан тəрбиеші ұжымдық пікірге көбірек жүгінгені жөн.
2. Бүкіл сыныпқа жаза қолдануға болмайды.
3. Жаза шешімі қабылданса, ол орындалуы шарт.
4. Жаза тиімділігі оның оқушыға түсінімді болып, оны əділ деп қабылдауынан. Өтелген жаза қайтып еске алынбайды, оқушымен қалыпты қатынас жалғасын табады.
5. Жазала, бірақ оқушының намысына тиюші болма. Тəрбиеші жазаны өз жек көргендігінен емес, педагогикалық қажеттіктен қолданады. «Келеңсіз қылық — жаза» формуласы мүлтіксіз орындалуы шарт.
6. Жазаның жеке балаға,оны даралығына сай қолдануы – əділдіктен ауытқу емес. Бұл өте маңызды проблема. Егер педагог оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктеріне мəн беретін болса, жаза да, мадақтау да жікке келеді, ал, егер ол тек келеңсіз қылықтың өзіне мəн беріп, қай тəрбиеленуші тарапынан болғанына назар аудармаса, жаза түрлері жіктелінбей қолданылып, тұлғалық бағыт заңдылығына қайшы келеді. Мұғалім өз педагогикалық позициясын балаларға түсіндіруі шарт, сонда ғана шəкірттер жаза əділдігін мойындайды.
Тəрбие əдістерін таңдау – күрделі проблемалардың бірі.
Тəрбиешінің кəсіби қызметтерін орындау барысындағы тəрбие əдістерін таңдауы əрі оларды пайдалануы көптеген қалыптасқан шарттар мен мүмкіндіктерге тəуелді. Мұндай шарттар түрі: ниеттелген тəрбие мақсаттары мен міндеттері; тəрбиеленушілердің жас жəне даралық ерекшеліктері; тəрбие мезеті; шəкірттердің қызығулары мен қажеттері; оларды қоршаған əлеуметтік жағдайлар; тəрбиеленуші қатысқан топтың қалыптасу деңгейі; күтілген нəтижелер; тəрбиешінің өз басы мүмкіндіктері.
Қорытынды
Қорыта келгенде уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер үзіліссіз тәрбие негізі саналатын мектепке дейінгі мекемелерге отбасы тәрбиесіне де қозғау салып, баланы тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Тәрбие мен оқу егіз деген сөз бар. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім саналы ұрпақ болады» деген дана халқымыздың мақал сөзіне сүйенеміз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Жұмабаев М. Педагогика –Алматы, 1992 ж.
2. Төлеубекова Р.К. «Адамгершілік тәрбиесінің негіздері» — Алматы 1998.