Бояумен сурет салу кезеңдері. Құмыра мен жемістерден құралған натюрмортты бейнелеу

Н.Мустафин

Бөкей ордасы аудандық Мектептен тыс тәрбие

орталығының қосымша білім беру педагогі.

Сабақтың тақырыбы: Бояумен сурет салу кезеңдері. Құмыра мен жемістерден құралған натюрмортты бейнелеу.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: Кескіндеме (живопись) түрлері жайлы мәлімет беру.

ә) дамытушылығы: Кескіндеме өнері жанрлары туралы білімдерін дамыту.

б)тәрбиелігі: Кескіндеме жанрларын ерекшеліктеріне қарай бөле білуге және өнер туындыларын бағалай білу мәдениетіне баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа материалды қабылдау сабағы.

Сабақтың әдісі: Ауызша түсіндіру, көрнекіліктер, машықтық әдіс.

Оқыту құралдары: Оқып үйрену кестесі, натюрморт суреті,натюрморт құруға қажетті заттар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Амандасу, оқушыларды тексеру, сабаққа әзірлігін қадағалау. Сабақ жоспарымен таныстыру. Кіріспе сұрақтар қою.

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру.

Натюрморт – француз тілінде «қозғалыссыз табиғат» деген сөз. Адамды қоршаған заттарды бейнелейтін сурет-ті натюрморт дейді. Ондай заттар қожасының өмірі мен талғамы, үйреншікті әдеттері жайлы көп сыр айтады. Түрлі түсті маталар, ыдыс-аяқ, гүлдер, же-міс-жидектер, теңіз байлығы мен түз құстары сияқ-ты әр қилы көрініс үйлесімі қоршаған ортаның бай-лығы мен сұлулығын дәріптеп қана қоймай, біздің көңілімізді не мұңға, не шаттыққа бөлейді. Қай за-манның суретшілері де грфика, мүсін, бейнелеу өнерінде талай-талай натюрморттарды қалдырған. Солардың ішінде XVII ғасырдағы фламанд, гол-ланд суретшілері Ф.Снейдерс, В.Хедтлердің натюр-морттары айрықша орын алады.Өз шығармаларын-да олар табиғаттың адамға сыйлайтын мол ризығын адам қолынан шыққан бұйымдардың сұлулығын жырға қосады. Кеңес суретшілері И.Э.Грабар,

М.С.Сарьян, П.П.Кондальский, И.И.Машков т.б. натюрморт жанрының тамаша шеберлері болды. Қазақ ұлттық тағамдарының кейбір түрлерін белгілі суретші А.Ғалымбаева өзінің «Дастархан» атты на-тюрмортындаәсерлі берген. Мұндағы күрең бауыр-сақ пен ақ құрт, ағаш тегенедегі сары қымыз, шақ-пақ қант пен үгіліп кеткелі тұрған кеудірлік нан, дастарқан шетіндегі торғын сүлгі, бұлардың тұсын-дағы аяққап осындай бір-бірімен жараса астасып, ел байлығының, қазақ дастарханының бір көрінісін бейнелей түскен.

Күн сайын көріп жүрген қарапайым бұйымдардан натюрморт құрап көрсек, біздің көз алдымызда ер-екше жарастық тауып тоғысқанын көреміз.

Алдымызға қойылған натюрморт толық жан-жақты көріну үшін одан қашығырақ отырған жөн.

Ара қашықтық бір жарым, екі метрден кем бол-мауы керек. Отырғанда кез келген жерге отыра салмай натюрморттың композициясы қызықты кө-рінетіндей жерді таңдау керек. Орынды белгілеп алған соң натюрморттың жан-жағынан қарап, онда-ғы заттардың жалпы пішінін, тұтас көлемін зерттеп көру қажет.

Қандай суретті салмайық, оның барлығына ортақ белгілі бір жолы, кезеңі болады. Сондықтан сурет төмендегі кезеңдермен біртіндеп салынып, өрбіп отырады.

1. Зат бейнесінің орналасуын анықтау (компоновка)

2. Құрылымын табу.

3. Пішінін айқындау.

4. Суреттің аяқталуы.

Енді осы кезеңдер арқылы берілген натюрмортты салу жолдарын қарастырайық.

1-кезең. Зат бейнесінің орналасуын анықтау дегені-міз – бейнелейтін затымыздың жалпы нұсқасын қағаз бетіне дұрыс, белгілі бір мөлшерде ықшамдап түсіру болып табылады.

2-кезең. Зат бейнелерінің құрылымын табу. Енді заттың контрукциялық құрылымын саламыз.

Натюрморттағы заттардың бір-бірінің арақатына-сын тексеріп-өлшеп олардың әрқайсысының сызық-тық қаңқасын сызамыз. Мұндағы заттардың арақа-тынысын өлшеу қарындаш арқылы жүргізіледі.

3-кезең. Пішімді сомдау. Бұл кезеңде штрихтарды пайдалана отырып көлеңке мен жарықтың арақаты-насын шешіп, табиғи пішінін бейнелеуге көшеміз, қысқаша айтқанда әр заттың пішінін сомдаймыз. Заттардың пішінін сомдауда бояудың рөлі өте үлкен. Солардың көмегімен жартылай жарық, кө-леңке, денеден құлай түскен көлеңкенің айырмашылығын реттеуіміз қажет.

 4-кезең. Бұл кезеңде суретті мұқият тексеріп, көзге  ұрып тұрған елеулі көлеңке мен жарық болса, солар ды басып жалпы натюрморттың рең қоюлығына ба-ғындырамыз. Натюрморттың фонға жабысып қал-мауын тексереміз.

ІІІ. Машықтық кезең.

Құмыра мен жемістерден құралған натюрмортты бейнелеу.Оқушылар тындап болып, сурет салуға кіріседі. Өзіне қарап натюрморттың суретін салады. Конструциялық, түстік, шешімдерін табады. Оқушылар өзіне қарап суретті  қағаз бетіне түсіруге және түстік шешімдерін табу жолдарын меңгеруге бағыттаймын.

IV. Қорытынды:

Бүгінгі сабағымызды сұрақ-жауап қорытындылаймыз.

                           Сұрақтар:

  1. Натюрморт жанырында бейнелеген қазақтың қыздары арасынан шыққан суретшіні ата?

(А.Ғалымбаева)

2. Натюрмортты бейнелеу неше кезеңнен тұрады? 

(4 кезеңнен)

3. Қосымша түстер дегеніміз не?

(Бояуларды бір бірімен араластыру арқылы алынған түстер)

V.  Үйге тапсырма:

Акварель бояуымен алманың суретін сал.

 

Батыс қазақстан облысы,

Бөкей ородасы ауданы,

Сайқын ауылы.

Добавить комментарий