1. Ұлыға бәрінен адамдық жақын тұр.
2. В. Гюго
3. Кітарты бір оқып қана қоймай, сонымен бірге оны қайталап та оқып отыр.
a. В. А. Сухомлинский
4. Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры оқушыға деген дермет сезімінде жатыр. Р. Емерсон
5. Денсаулық – байлықтан қымбат Д. Рей
6. Еңбекпенен, өнекпенен, өнер ойға тоқылса — қайнар өмір, жайнар көңіл, ар ілімі оқылса. Шәкәрім
7. Көп айтса — көнді, жұрт айтса — болды, әдеті жаман адамның. Абай
8. Баланың балалығын тыйдым дегенше, ер жеткендегі даналығын тыйдым деңіз. Ж. Руссо
9. Балалық шағын балалық шағында көктетіңдер. Ж. Руссо
10. Уақыт – ой еңбегі адамының қазынасы.
a. О. Бальзак
11. Уақытты босқа өткізу – ең ауыр шығын.
a. Ж. Боффон
12. Дүниеде үш нәрсе ғана: атқан оқ, айтылған сөз, өткен күн – қайтып оралмайды. Даумер
13. Әділдікпен күш біріксе, бұл одақтан ұуатты еш нәрсе болмас. Эсхил
14. Кекшілдік дегеніміз ұсақ та пасық жанның сүйіншісі. Ювенал
15. Өнер алды – қызыл тіл. Абай
16. Тіл қаруы сөз, өз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті.
17. Ғ. Мұстафин
18. Сөз – халықтығ қымбаттан қымбат кені.
a. С. Мұқанов
19. Тіл – ұлттың жан дүниесі. Тіл – идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі. Л. Н. Толстой
20. Ең басты дәрі – дәрмек – таза ауа, суық су, ара мен балта. В. Д. Полепов
21. Ақжарқындық – денсаулықтың ғана белгісі емес, сонымен қоса ауру – сырқаудан құтқаратын ең әсерлі құрал да. С. Смаилс
22. Барлық дәрі- дәрмектің ішіндегі ең тәуірлері – демалыс пен қанағат қылу. Б. Франклин
23. Ұят – адам өміріндегі сенімді жолбасшы.
a. Л. Н. Толстой
24. Ең ұлы дарындарды да қам – қарекетсіздік (жалқаулық) құртады. М. Монтюны
25. Өзімшілдік – тірі пенденің орасан зор кемістігі.
a. У. Шекспир
26. Адал адам ешкімді күндемейді. М. Горький
27. Адам қолынан келмейтін ешнәрсе жоқ. Гораций
28. Қоғамның бар байлығы түп – түгел оның еңбегінен тұрады. Д. И. Писарев
29. Адам баласын заман өсіреді, кімде – кім жаман болса, оның өзінің замандастарының бәрі кінәлі. Абай
30. Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан. Абай
31. Азат басың болсын құл, қолдан келмес іске ұмтыл. Абай
32. Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Абай
33. Адамның адамшылығы істі басталғанынан білінеді, қалайша бітіргенінен емес. Абай
34. Күллі адамбаласын қор қылатын үш нәрсе бар: надандық, еріншектік, зұлымдық. Абай
35. Досыңа достық – қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол. Абай
36. Талапьың мініп тұлпарын, тас қияға өрлеңдер. Абай
37. Пайда ойлама ар ойла, талап қыл артық білуге. Абай
38. Достық достық шақырады. Абай
39. Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар. Абай
40. Махаббат – өмір көркі. Абай
41. Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, көзбен көрде, ішпен біл. Абай
42. Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған. Абай
43. Тірі адамның ардан аяулы жері бар ма? Абай
44. Өзің үшн еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Абай
45. Ер артық сұранса да азға разы болады, ез аз сұрар, артылып берсең де разы болмас. Абай
46. Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзетуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім. Абай
47. Қайратсыз ашу – тұл, тұрлаусыз ғашық – тұл, шәкіртсіз ғалым – тұл. Абай
48. Берекені көптен тілеме, еткен еңбектен тіле. Абай
49. Еңбек етпей тапқан мал дәулет болмас, қардың суы сеілді тез суалар. Абай
50. Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық – аздырар адам баласын. Абай
51. Досыңа өтірік айтпа сенімің кетер, дұшпаныңа сырыңды айтпа түбіңе жетер. Төле би
52. Әйел алсаң, көріктіге қызықпа, тектіні ал.
a. Төле би
53. Мақтаншақ жігіт жисаң, ұятқа қалтырар.
a. Төле би
54. Алғаның бақыт болмаса, басыңа бақыт қонбайды. Төле би
55. Екі досты айырған, түбінде өзі оңбайды.
a. Төле би
56. Өзіңнен туған ұл мен қыз сыйламаса, сол қайғы. Төле би
57. Бір бала- атаға жете туады, бір бала – атадан өте туады, бір бала бар – кері кете туады. Қазыбек би
58. Атаң қазақ атты түсіне қарап таниды, ерді ісіне қарап таниды. Әйтеке
59. Атасы бас имеген жерге тізе бүккен ерді ер емес, ез деп біледі. Әйтеке
60. Ел ағасы ақымақ болса, елін жау түгіл жолаушы тонар. Әйтеке
61. Ақыл мен мінез – бірге туған егіз. Ақыл – тамыр, мінез – жапырақ. Әйтеке
62. Жақсы адамның серігі – ақыл, сабыр, қанағат, әдеп, төзім, үміт, татулық, бірлік. Әйтеке
63. Дұрыс сөзге тоқтай білген, өзгені өз сөзіне тоқтата білген жігіт жақсы. Әйтеке
64. Сәлем – сөздің анасы. Б. Момышұлы
65. Сәлемін түзей алмаған, елін де басқара алмайды. Б. Момышұлы
66. Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.
a. Б. Момышұлы
67. Ерлік – елдің қасиеті, жүретілік – жігіттің қасиеті. Бауыржан
68. Әдіссіздік – әлсіздік, ептілік те ерлік.Бауыржан
69. Өмір үшін өлгенше күрес. Бауыржан
70. Ашуыңа ақылыңды жеңдірме. Бауыржан
71. Сабарлық алдында дұшпан сасады, сабарсыздық алдында береке қашады.
a. Бауыржан
72. Қырағының өзі де, сөзі де батыр. Бауыржан
73. Ғылыми жұмыс өмірдің мазмұны мен мақсатына айналғанда ғана жемісті болмақ.
a. А. Ф. Иоффе
74. Ғылым өзін – өзі түзете отырып, үздіксіз жылжи береді. В. Гюго
75. Білім мен даналық – адам көркі. Ә. Науаи
76. Өнер – адам бойындағы қабілеттің ең биік көрінісі. Л.Толстой
77. Музыка – күллі өнердің әшәндегі ең құдіреттісі, еі әсерлісі. Г. Берлиоз
78. Ән – халық үні, оның шындығы, ойы мен сезімі. Жамбыл
79. Музыканы сүю үшін, оны ең алдымен тыңдай білу керек. Д. Шестакович
80. Өнер дегеніміз – адамдармен сырласудың құралы.
a. М. П. Мусоргский
81. Бармағыңнан бал тамған шебер болғың келсе, бармақтайыңнан машықтан. А. Чехов
82. Әзілде кек жоқ өсектк шек жоқ. М. Әуезов
83. Төзім – тамаша қасиет, бірақ көп күтуге уақыт жоқ. М. Әуезов
84. Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас.
a. М. Әуезов
85. Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. М. Әуезов
86. Әділет тілесе, атаңның болсын айыбын айт.
a. М. Әуезов
87. Тумай жатып тудым деме, толмай жатып болдым деме. М. Әуезов
88. Алтын анам, Отаным, сенер аяр жаным жоқ, сене іркер күшім жоқ, — деп ер қайратыңа мін – дағы, өрге бас. М. Әуезов
89. Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам – қарекеттің дертімен былғаудан сақтау керек. М. Әуезов
90. Оқығанның байлығы күннен – күнге көп болар. Ыбырай
91. Гүлдер солып, жұлдыздар сөніп, адамдар өліп жатады. Бірақ адамзаттың бір ерекшелігі сол – одан із қалады, іс қалады, сөз қалады.
a. Ы. Жақаев
92. Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, шолушысы – ой, сынаушысы – халық, қорғаушысы – сабыр, қорғанышы – мінез, ең қымбаттысы – ар. Саққұлақ шешен
93. Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді. Жиренше
94. Дүниедегі тәтті – ананың сүті, жұмсағы – ананың қолы, қаттысы – атаның жүрегі. Жиренше шешен
95. Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын.
96. Ұлылықтың бастауы — ұстазда.
97. Бір ғылымнан басқаның, бәрі кесел асқанға. Абай
98. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім. М. Әуезов
99. Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі. М. Әуезов
100. Білім – ақылдың көркі. Бабырнама
101. Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз. Әл – Фараби
102. Білмеген масқара емес, білгісі келмеген ұяттырақ. Сократ
103. Кітапсыз үй жансыз дене тәрізді. Цицерон
104. Білімді біреуден біреуге ыдыстан ыдысқа құйғандай құюға болмайды. Платон
105. Көп білген кісі кемеңгер емес, білгені елге пайда әкелген кісі – кемеңгер. Эсхил
106. Кітапсыз үй – терезесіз бөлме. Вильсон
107. Кітап маған тақтан да қымбат. У. Шекспир
108. Дарқандықты қазаққа дала берген.
109. Білім – мақсат емес, қару. Л. Толстой
110. Білім – біздің шамшырағымыз, кітап – біздің ұстазымыз. В. Маяковский
111. Оқудың үш түрі бар: біріншісі – оқыса да түсінбеу, екіншісі – оқу әрі түсіну, үшіншісі – оқу және тіпті жазылмағанның өзің түсіну.
a. Я. Б. Княжнин
112. Жақсы кітап оқу ақылды адаммен сырласқандай. Л. Толстой
113. Тіл адамды көкке көтереді. Баласағұни
114. Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік.
a. К. Паустовский
115. Егер ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын. Р. Ғамзатов
116. Дүниеде ана махаббатына қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адмды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді. В. Белинский
117. Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны. Сондықтан, ол балаға ең жылы ұя.
a. В. Гюго
118. Әлемде өзгекрмейтін үш – ақ зат бар: ол – ананың сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі.
a. М. Горький
119. Ана мен баланың арасын көзге көрінбеітін жіп жалғап тұрады. О. Бальзак
120. Әйел жерден шыққан жоқ, ол да еркектің баласы. Ерлер көктен түскен жоқ, әйел – оның анасы. І. Тұрманжанов
121. Өміріңді келешекте қандай көргің келсе, сол өміріңді бүгін баста. Марк Аврелий
122. Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға. Абай
123. Ақылды адам байыса, рахатын көріп еңбектің, өмірін көркем гүл етер – дүние байлықты құл етер! Ақымақ – қарау байыса, туысын теуіп кеудеден, көңілін қара құл етер – дүниесі оны құл етер!
124. Ақымақ адам айқайлай келеді, жан – жағын жайпай келеді. Ақылды адам жай – жай келеді, маңайын байқай келеді.
125. Шынайы махабат күшінің құдіреттілігі сондай – мылқауға тіл бітіріп, соқырға жанар береді, ауруды жазып, өліні тірілтеді.
126. Махаббат – асыл арман мен өртену, жану, сағыныш. Махаббат – қуға жат мекен, құдірет оның аты да, махаббат – ғажап ақбөкен, айрылып қалсаң қапыда.
127. Оқуда еңбек қуанышын сезбеген, қиындықтарды жеңген кездерін мақтан етпеген бала — бақытсыз бала. К.Д.Ушинский
128. Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі- жаңадан жаңаны табатын өнер.
129. Тәрбиеден мақсұт — баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару…әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. Ж. Аймауытов
130. Өткенді жақсы білмейінше, келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп аласумен пара-пар. Л.Н. Толстой
131. Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрсені ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады. А.Кұнанбаев.
132. Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін
133. Ата-анаңды, үлкендерді тыңдап, дана қариялардың ақылын алсаң, жақсы азамат болып өсесің, олардың ақыл-кеңесі әр уақытта алдында шырақтай жарқырап жанып, жол көрсетіп тұрады, қисық-қыңыр мінезді бойыңа дарытпауға, теріс жолға түспеуге жағдай жсайды. Дулат ақын
134. Меккені іздеп нетесің, Меккеге қашан жетесің ? Әзір Мекке алдында, Пейіліңмен сыйласаң. Атаң менен анаңды! Ақтамберді
135. Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін, әкемнен — өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым. Македонский
136. Асықпаңдар айыптыны асуға, Көк түймедей миың болса басыңда. Қыл мойынды қию оңай болады, Бірақ қайта жалғау қиын соғады. Мүслихәддин Сағди
137. Аз нәрсеге жоқтықта қанағат қыла білгенің, өз еркіне ие боп, патша боп өмірге сүргенің. Хорезми
138. Ұланым ! Даналардың ұқ ақылын, Мектебің ғой сол ақыл, сара ғылым. Білім ғана шын досың, сүйенішің. Қиындықты шешушің, сүйер күшің, Ақылым сол: «Сергек бол, жатпа, ұлым, мен кетемін бақиға, сақтан ұлым !» Низами
139. Бір күн жанжал шыққан үйден қырық күн береке кетеді.
140. Отбасы — тәрбие көзі, алтын бесік, Болар біздің болашаққа құнды есік. Тәрбиесі ұрпақтың ұлы іс қой, Әрбір ата, әрбір ана есіңе нық сақтап қой. Болсын десең балаң үлкен Азамат, Тәрбие тізгінін қолыңа ал, Адамзат! От басы, ошақ қасы- балаға болар үлгі, Басқа ұлтқа болмайық мазақ-күлкі!
141. Еліміздің ертеңі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында. Н.Ә.Назарбаев
142. Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналадағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз- ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. В.А.Сухомлинский
143. Жақсы ойын- жақсы жұмысқа тең. А.С.Макаренко
144. Ақыл әрекеті ойдың дамуына негіз болады. Ақыл әрекетінің дамуына ойын негіз болады П.Блонский
1. В этом и есть наивысшая суть жизни, не знающей плена, чтобы в глаза мог бы смело взглянуть людям, пришедшим на смену.
2. Родить детей – дело природы, но воспитать их дело ума и чести. Св. Иоанн Златоуст
3. Мастером нельзя родиться, мастерству надо учиться.
4. Во всех учебных заведениях мы слишком долго давали только знания, а теперь должны воспитывать – иначе конец человечеству.
a. Д. С. Лихачев
5. Ата мұраң – асыл қазынаң.
6. Халық тәлімі – тәрбте бастауы.
7. Балапан қыран болу үшін, оны самғатып ұшыратын ата да қыран болу керек.
8. Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын.
9. Қлылықтың бастауы қстазда.
10. Табиғат – туып – өскен тал бесігім,
i. Мен үшін қымбат сенің нұрлы есімің.
11. Дарқандықты қазаққа дала берген.
12. Ақмола облысы
13. Аққкөл қаласы
14.
15. Құрастырған: М. Хасенова
16. 2009ж.