Сәрсенбі. Сан есім

Ақмола облысы
Ақкөл ауданы
Хасенова М. Б.
Сабақтың тақырыбы: Сәрсенбі. Сан есім.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, өз ойларын қазақ тілінде еркін айта білу қабілеттерін дамыту, мәнерлеп оқу дағдыларын арту, жұмыстың бір түрінен басқа түріне жылдам ауыса білу, топтық, жұптық жұмыс түрлеріне белсенді қатысу әрекетін дамыту; мәтіннен сан есімдерді еркін таба білу, оларды қатесіз жазу және айта білу, оқушыларды түрлі нұсқаларда жылдам санап үйрету, уақытты үнемдеп пайдалану туралы керектігін айтып өту, қазақ халқындағы сәрсенбі күнінің қасиеті туралы айтып өту, сабақта зейін қойып тыңдап, белседі жұмыс істеуге талпындыру;
Сабақтың түрі: жаңа тақырыппен таныстыру сабағы, тіл дамыту сабағы, ойын сабағы, пәнаралық сабақ, оұушылардың білімдерін қадаңалап, әрі қарай дамыту сабағы;
Сабақтың көрнекілігі: сәрсенбі күні туралы мақал – мәтелдер, нақыл сөздер, жалаушалар, жаңа сөздер жазылған плакат, сергіту сәті жазылған плакат, есеп кестелері, сандар жазылған карточкалар, «Домино» ойыны, үйде жасап әкелген сағаттар;
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а. Амандасу
б. кезекшілік қызметін атқару (кезекші оқушы орнынан тұрып, бүгінгі күнді, апта күнін, ауа – райын, сыныпта кім жоқ екенін, үй жұмысына не берілгенін айтады)
в. Үй жұмысын тексеру: картон қағаздан сағат жасап әкеліп бір – біріне жұмбақ — сұрақтар қояды. Мысалы: Лиза, мен бүгін сағат нешеде ояндым? (сұрақ қойған оқушы сағаттың тілін 8. 10. – ға қояды), жауап: Лиза, сен бүгін сағат сегізден он минут кеткенде ояндың. т.б. сұрақтар
2. Жаңа тақырып: Сәрсенбі. Сан есім. 118 бет;
А) Тақтаның бұрышында орналасқан жаңа сөздерді дауыстап оқып, есте сақтау мақсатымен жұмыс істеу: бір – бірден сөздерді жауып отырып оқу;
жаңа сөздер: сәт – удача,
той – праздник,
іс баста – начни дело,
жолға шық – выходи в путь
Ә) — Балалар, енді тақтадағы мақал – мітелдермен, нақыл сөздермен танысып өтейік.

«Сәрсенбі – сәтті күн»,
«Сәрсенбіде той жаса»,
«Сәрсенбінің сәтіне іс баста»,
«Сәрсенбіде жолға шық»
Бір дауыспен және жеке оқу.
Қазақ халқында сәрсенбі күні сәтті күн, қасиетті күн екеннін айтып өту. Осы күнге келтіріп үлкен тойлар жасаған, алыс сапарға аттанған. Осы күні басталған іс жақсы бітеді деген сенім болған. Қазіргі кезде де осындай сенім сақталып қалған.
Б) Бүгінгі сабақта біз сан есімдермен жұмыс істейміз: санаймыз, есеп шығарамыз, математикалық ойын ойнаймыз. Алдымен ондықтармен санап өтейік: 10 – 100; 100 – 10 дейін – бір дауыспен және жеке санату;
В) Санау кестелерімен жұмыс істеу: үш деңгейлік кестелер беріледі. Әр бала өз деңгейіне қарай таңдап алып, санайды.

«5» тік бағаға
10 15 20
69 45 87
34 19 58
«4» бағаға
9 5 3
1 8 4
6 2 7
Ойынның ережелері: кестеде берілген сандарды өсу \\ азайу ретімен жылдам айту керек. Г)Оқулықпен жұмыс: 118 бет, 1 тапсырма. Мәтінді оқып, уақытты белгілейтін сөздерді айту.
Сәрсенбі.
Бүгін – сәрсенбі. Сәрсенбі – сәтті күн, сондықтан көп жұмыс жоспарладым. Таңертең ерте тұрып, сабаққа барамын. Содан соң кітапханадан кітап аламын. Түстен кейін қазақ тілінің үйірмесіне барамын. Осы жұмыстардың бәрін бүгін істеуім керек. Бейсенбіде басқа жұмыстарым бар. Әр жұмысты өз уақытында істеу керек. Сонда уақыт үнемделеді.
Уақытты белгілейтін сөздер: бүгін, сәрсенбі, таңертең, содан соң, түстен кейін, бейсенбіде. Тапсырма: осы сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрау;
Ғ) сергіту сәтін өткізу.
1, 2, 3 құсқа ұқсап ұш,
4, 5, 6 күн жадырай салады.
7, 8, 9, 10 өз орныңа қон.
Д) мұғалім көрсеткен сандарды атау үшін жалаушаны көтеру керек. Кім бірінші көтерсе, сол жауап береді: 33, 45, 7, 12, 900, 805, 789, 2005, 3030, 10 000;
33 санын септеу. Тақтада бір оқушы септейді, сынып дәптерге жазады.
А.с. не? Отыз үш
І.с. ненің? Отыз үштің
Б.с. неге? Отыз үшке
Т. с. нені? Отыз үшті
Ж. с. неде? Отыз үште
Ш. с. неден? Отыз үштен
К. с. немен? Отыз үшпен
Е) «Домино» ойынын өткізу. Оқушыларға есеп жазылған карточалар беріледі. Олардың мақсаты: алдыңғы есепке жауап беріп, есепті дұрыс оқу.
12+4 16 40-2 38 97+5 102 25\\5

5 20*2

т. б. есептер. Осы үлгі бойынша домино жолын жалғастыру, есепті дауыстап оқу.
Ж) «Көңілді санау» ойыны. Ойынның ережесі: қазақша – орысша кезектесіп санау. Мысалы. Бір, два, үш, четыре, бес, шесть, жеті, восемь, тоғыз, десять т. б.
3. Қорытынды, бағалау. Сұрақ – жауап жұмысын өткізу.
Сабақтың тақырыбы қандай болды?
Сәрсенбі қандай күн?
Сабақта қандай сөз табымен жұмыс істедік?
Сабақта біз не істедік?
Сабақта кімдер 5 – тік бағаға жұмыс істеді?
Сабақта кімдер 4 – тік бағаға жұмыс істеді?
Сабақ сендерге ұнады ма?

— Сау болыңдар, балалар!

Добавить комментарий

Сәрсенбі. Сан есім.

Ақмола облысы
Ақкөл ауданы
Хасенова М. Б.
Сабақтың тақырыбы:  Сәрсенбі. Сан есім.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, өз ойларын қазақ тілінде еркін айта білу қабілеттерін дамыту, мәнерлеп оқу дағдыларын арту, жұмыстың бір түрінен басқа түріне жылдам ауыса білу, топтық, жұптық жұмыс түрлеріне белсенді қатысу әрекетін дамыту; мәтіннен сан есімдерді еркін таба білу, оларды қатесіз жазу және айта білу, оқушыларды түрлі нұсқаларда жылдам санап үйрету, уақытты үнемдеп пайдалану туралы керектігін айтып өту, қазақ халқындағы сәрсенбі күнінің қасиеті туралы айтып өту, сабақта зейін қойып тыңдап, белседі жұмыс істеуге талпындыру;
Сабақтың түрі: жаңа тақырыппен таныстыру сабағы, тіл дамыту сабағы, ойын сабағы, пәнаралық сабақ, оұушылардың білімдерін қадаңалап, әрі қарай дамыту сабағы;
Сабақтың көрнекілігі: сәрсенбі күні туралы мақал – мәтелдер, нақыл сөздер, жалаушалар, жаңа сөздер жазылған плакат, сергіту сәті жазылған плакат, есеп кестелері, сандар жазылған карточкалар, «Домино» ойыны, үйде жасап әкелген сағаттар;
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а. Амандасу
б. кезекшілік қызметін атқару (кезекші оқушы орнынан тұрып, бүгінгі күнді, апта күнін, ауа – райын, сыныпта кім жоқ екенін, үй жұмысына не берілгенін айтады)
в. Үй жұмысын тексеру: картон қағаздан сағат жасап әкеліп бір – біріне жұмбақ — сұрақтар қояды. Мысалы: Лиза, мен бүгін сағат нешеде ояндым? (сұрақ қойған оқушы сағаттың тілін 8. 10. – ға  қояды), жауап: Лиза, сен бүгін сағат сегізден он минут кеткенде ояндың. т.б. сұрақтар
2. Жаңа тақырып: Сәрсенбі. Сан есім. 118 бет;             
А) Тақтаның бұрышында орналасқан жаңа сөздерді дауыстап оқып, есте сақтау мақсатымен жұмыс істеу: бір – бірден сөздерді жауып отырып оқу;
жаңа сөздер:                                              сәт – удача,
той – праздник,
іс баста – начни дело,
жолға шық – выходи в путь
Ә) — Балалар, енді тақтадағы мақал – мітелдермен, нақыл сөздермен  танысып өтейік.


«Сәрсенбі – сәтті күн»,
«Сәрсенбіде той жаса»,
«Сәрсенбінің сәтіне іс баста»,
«Сәрсенбіде жолға шық»
Бір дауыспен және  жеке оқу.
Қазақ халқында сәрсенбі күні сәтті күн, қасиетті күн екеннін  айтып өту. Осы күнге келтіріп үлкен тойлар жасаған, алыс сапарға аттанған. Осы күні басталған іс жақсы бітеді деген сенім болған. Қазіргі кезде де осындай сенім сақталып қалған.
Б) Бүгінгі сабақта біз сан есімдермен жұмыс істейміз: санаймыз, есеп шығарамыз, математикалық ойын ойнаймыз.  Алдымен ондықтармен санап өтейік: 10 – 100; 100 – 10 дейін – бір дауыспен және жеке санату;
В) Санау кестелерімен жұмыс істеу: үш деңгейлік кестелер беріледі. Әр бала өз деңгейіне қарай таңдап алып, санайды.


                                       «5» тік бағаға         

10

15

20

69

45

87

34

19

58

«4» бағаға                                 

9

5

3

1

8

4

6

2

7

Ойынның ережелері: кестеде берілген сандарды өсу \\ азайу ретімен жылдам айту керек. Г)Оқулықпен жұмыс: 118 бет, 1 тапсырма. Мәтінді оқып, уақытты белгілейтін сөздерді айту.
Сәрсенбі.
Бүгін – сәрсенбі. Сәрсенбі – сәтті күн, сондықтан көп жұмыс жоспарладым. Таңертең ерте тұрып, сабаққа барамын. Содан соң кітапханадан кітап аламын. Түстен кейін қазақ тілінің үйірмесіне барамын. Осы жұмыстардың бәрін бүгін істеуім керек.  Бейсенбіде басқа жұмыстарым бар. Әр жұмысты өз уақытында істеу керек. Сонда уақыт үнемделеді
Уақытты белгілейтін сөздер: бүгін, сәрсенбі, таңертең, содан соң, түстен кейін, бейсенбіде.   Тапсырма: осы сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрау;
Ғ) сергіту сәтін өткізу.
1, 2, 3 құсқа ұқсап ұш,
4, 5, 6 күн жадырай салады.
7, 8, 9, 10 өз орныңа қон.
Д) мұғалім көрсеткен сандарды атау үшін жалаушаны көтеру керек. Кім бірінші көтерсе, сол жауап береді:  33, 45, 7, 12, 900, 805, 789, 2005, 3030, 10 000;
33 санын септеу. Тақтада бір оқушы  септейді, сынып дәптерге жазады.
А.с. не? Отыз үш
І.с.  ненің? Отыз үштің
Б.с. неге? Отыз үшке
Т. с. нені? Отыз үшті
Ж. с. неде? Отыз үште
Ш. с. неден? Отыз үштен
К. с. немен? Отыз үшпен
Е) «Домино» ойынын өткізу. Оқушыларға есеп жазылған карточалар беріледі. Олардың мақсаты: алдыңғы есепке жауап беріп, есепті дұрыс оқу.

 

12+4

 

16

40-2

 

38

97+5

 

102

25\\5

5

20*2

т. б. есептер. Осы үлгі бойынша домино жолын жалғастыру, есепті дауыстап оқу.
Ж) «Көңілді санау» ойыны. Ойынның ережесі: қазақша – орысша кезектесіп санау. Мысалы. Бір, два, үш, четыре, бес, шесть, жеті, восемь, тоғыз, десять т. б.
3. Қорытынды, бағалау.  Сұрақ – жауап жұмысын өткізу.

  • Сабақтың тақырыбы қандай болды?
  • Сәрсенбі қандай күн?
  • Сабақта қандай сөз табымен жұмыс істедік?
  • Сабақта біз не істедік?
  • Сабақта кімдер 5 – тік бағаға жұмыс істеді?
  • Сабақта кімдер 4 – тік бағаға жұмыс істеді?
  •  Сабақ сендерге ұнады ма?
  • Сау болыңдар, балалар!

Добавить комментарий