Егер де, мен президент болсам…

«ЕГЕР ДЕ, МЕН ПРЕЗИДЕНТ БОЛСАМ…» 

7-11 қазақ, орыс сынптар аралығындағы интеллектуалды сайысы

Сабақтың тақырыбы: 1 желтоқсан Қазақстан Республикасы Президенті күніне арналған «ЕГЕР ДЕ , МЕН ПРЕЗИДЕНТ БОЛСАМ..»  атты интеллектуалды сайысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Microsoft Power Point бағдарламасы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, презентациямен жұмыс жасау ережелерін бекіту, тапсырмаларды орындау барысында информатика, тарих пәндерінен теориялық білімдерін тиімді пайдалана білу, компьютермен жұмыс істеу іскерлігін дамыту.

Дамытушылық: информатика, тарих пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, топпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік:

Сайыста жауапкершілікке, шапшаңдщыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, презентация, плакат, маркер.

Сабақтың барысы:

  1. 1.     Ұйымдастыру.

a)    Сабаққа дайындықтарын бақылау

  1. 2.     Сабақтың мақсатымен таныстыру.
  2. 3.     Слайдты қорғау.
  3. 4.     Сұрақ-жауап
  4. 5.     Бағалау.
  5. 6.     Қорытындылау. Марапаттау.

Мұғалім: Армысыздар, қадірменді білім нәрімен сусындатқан ұстаздар, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар, білім нәрін игерген оқушылар!

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған «Егер де, мен Президент болсам…» атты презентациялар сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Тұңғыш Елбасымыз туралы тарих пәнінің мұғалімі Бақытгүл Зейнешовна сыр шертеді. (Баяндама Президент жайлы, презентация)

         Бұл сайыс мектептің 7-10 сынып оқушыларының қатысуымен өтеді. Сайысымызды бастамастан бұрын қатысушы сайыскерлерімізге әділ де қатал бағаларын беретін әділ-қазыларымызбен таныс болаңыздар!

  1. Оқу ісінің меңгерушісі Аубакирова С.А.
  2. Оқу ісінің меңгерушісі Искакова А.А.
  3. Мектеп психологы Власова И.В.
  4. Физика пәнінің мұғалімі Суванова З.Ш.

Мұнда әділ-қазылар алқасы алдарыңызда жатқан кестедегі 8 талап бойынша бағалайсыздар:

  1. Президентікке үміткердің ұраны
  2. Эмблемалары
  3. Таныстыру парағы
  4. Слайд
  5. Слайдты қорғау өнері
  6. Стратегиясы
  7. Сұрақ-жауап
  8. Қорытынды ұпай. Сайыстың бағалары және қорытынды бағалары тек сайыс соңында жария етіледі.

Құрметті қауым әділ-қазылар алқасымен таныс болдық, ендігі кезекте сайыскерлерге қойылатын талаптармен таныс болайық.

Сайыстың  шарттары:

  1.                               I.            Таныстыру

1.1.         Ұраны

1.2.         Эмблема

1.3.         Таныстыру парағы (буклет түрінде)

ІІ.  Президенттікке үміткер өз сыныбынан премьер-министр,  2 депутат тағайындауы керек.

ІІІ.  Үміткер болашақта атқарылатын істерін слайд түрінде көрсетуі  қажет.

3.1.         Слайд уақытының ұзақтығы 4-5мин.

3.2.         Слайдты шешендік тіл өнерімен баяндау түрінде  қорғау керек.

3.3.         Слайдта үміткердің стратегиясы нақты көрсетілуі керек.

IV.  Сұрақ – жауап.

VI.  Қорытындылау.

Сайыскерлердің жұмыстары 5-10 балл аралықтарымен бағаланады.

Сонымен әділ-қазыларымызбен де, сайыс талаптарымен де таныс болдық. Ендігі жерде сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, стол үстінде жатқан қағаздарды алу арқылы, қай сыныптың нешінщші шығатынын анықтайық. Құрметті сайыскерлер қағаздарды алып, ішінде жазылған сандарды атап өтіңіздер және сол сандар сіздердің реттік номерлеріңіз болады.

Сонымен әр топтың реттік номерін атап өтейік:

1-    9 «А»                                           3-  8 «А»                                           

2-    7 «А»                                         

 

Алғашқы сайысымызды қорғайтын, 1-ші реттік номеріне ие болған 9 «А» сыныбын ортаға шақырайық. 2-ші номерлі президентке үміткерімізді шақырайық. «Ел кезегі үш» демекші 3-ші реттік номерлі сайыскеріміз, президенттікке үміткер ……. сыныпты ортаға шақырамыз.

Біздің әділ де, қатал әділ-қазылар мүшелері, бүгінгі сайысқа дайындалған президенттікке үміткерлердің жұмыстарын тамашалап, алға қойған мақсаттарымен таныс болдық, түсінбеген жерлерімізді сұрап білдік. Ендігі кезекте сұрақ –жауап арқылы президенттікке үміткерлердің білімін тексерсек қалай болады?

Келесі кезең сұрақ –жауап. Бұл кезеңде сайыскерлерге сұрақ қойылады және сол сұраққа болашақ президент өзі жауап берсе 10 балл, оған премьер министр көмектессе 8 балл, ал депуататтары көмектессе 6 баллмен бағаланады.

Сонымен кезең талабымен таныс болсақ сайысымызды бастайық.

  1. ҚР-сы Тәуелсіздігін қашан алды? (1991ж, 16 желтоқсан)
  2. ҚР рәміздерін ата? (Ту, Елтаңба, Ән-ұран)
  3. ҚР БҰҰ-на қашан мүше болды? (1992ж наурыз)
  4. Парламенттің жоғарғы палатасын ата? (сенат)
  5. Қазақстанның астанаалры болған қалаларды ата? (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)
  6. Ел астанасы Астанаға қашан көшірілді? (1997ж)
  7. Төл теңгеміз айналымға қашан енді? (1993ж, қараша)
  8. Еліміздің Тәуелсіздігін алғанына биыл неше жыл болды? (21)
  9. Парламенттің төменгі палатасы? (Мәжіліс)
  10. ҚР қанша облыс бар? (14)
  11. 1989 ж маусым айында Қазақстан КП орталық комитетінің бірінші хатшылығына кім келді? (Н.Ә.Назарбаев)
  12. Қазақ тілі қай жылы мемелкеттік тіл болып жарияланды? (1989ж, 22 қыркүйек)
  13. Антиядролық, экономикалық қозғалыс қашан болды? (1989ж, 28 ақпан)
  14. Қай жылдарф санақ болды? (1989ж)
  15. «Азат » азаматтық қозғалысының құрылу жылы? (1990ж)
  16. КСРО –ның өмір сүрген жылдары? (1922-1991)
  17. 1991ж 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Социалистік Республикасы қалай атала бастады?
  18. Қай жылы «Алаш», «Бірлік», «Желтоқсан» қозғалыстары пайда болды?
  19. 1992ж 2 наурызда Қазақстан қандай ұйымға мүшелікке қабылданды? (БҰҰ ұйымына мүше болды)
  20. Қай жылы Н.Ә.Назарбаев бүкілхалықтық сайлауда Қазақстн Президентәі болып сайланды? (1991ж желтоқсан)

 

Әділ-қазылар мүшелері, сайыскерлер, болашақ президенттікке үміткер жас жеткіншектер! Бүгінгі сайысымызда сайыскелердің дайындығын, алға қойған мақсаттары мен міндеттерін, армандарымен, алған білімдерімен таныс  болдық. Ендігі кезекте сол білімдеріне қорытынды баға берсеңіздер!

         Ал әзірге әділ –қазылар мүшелері қорытынды бағаларыңызды есептеп болғанша, біздер 11 «А» сынып оқушыларының орындауында «Үш қоңырым» әні. Сөзі Н.Назарбаев, әні А.Қоразбаев

         Ең шешігуші  сәтте келіп жетті. Қазір біз болашақ Президентімізді анықтау үшін, әділ –қазылар мүшесі Аубакирова С.А. сөз береміз.

Ойын толқын жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар

Жеңсен де, жеңілсен де қалма жасып, — дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Добавить комментарий