Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының «Бөкей ордасы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ашық сабақ:
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы
бастаған ішкі (Бөкей) ордадағы ұлт-азаттық көтеріліс (1836-1838)
Умарова Н.Ж
Сайқын 2012-2013 оқу жы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы
бастаған (1836-1838жж.) көтерілістің
себеп салдары туралы жалпы түсінік беру
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қасиеттерін,
шығармашылық қабілетін күнделікті өмірмен
байланыстыра отырып, оқушылардың
логикалық ой — өрісін дамыту пәнге деген
қызығушылығын ояту.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойында ерлік, батылдық қасиеттерін
қалыптастыра отырып, елін- жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, тірек – сызбалармен түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек — сызба, суреттер, оқулықтар, буклеттер.
Техникалық құрал: Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, география
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Жаңа материалды түсіндіру
3. Қорытындылау, бағалау, үйге тапсырма беру
Сабақтың өту барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасып сабаққа қатысын дайындығын оқу
құраллдарын тексеремін.
ІІ. Жаңа материалды түсіндіру
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы
бастаған көтеріліс (1836-1838)
1. Бөкей ордасының құрылуы
2. Көтерілістің алғышарттары мен себептері және қозғаушы күші
3. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы ұлт- азаттық қозғалыстың басшылары
4. Көтерілістің басталуы және өту барысы
5. Көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы
Кіріспе сөз:
1730 жылы 27 тамызда кіші жүз ханы Абулхайыр хан Ресей империясының құрамына қабылдау туралы өтініш білдіріп, 1731 жылдың қазан айының 10-ы күні ПҮ -ың қол астына кіруге ант береді.
ПҮ қол астына кірудің басты мақсаттары: көршілес ПҮ құрамына кіретін Башқұрлармен , Қалмақтардың әлсін ілсін шабуылдарын тоқтату болса, ең бастысы қазақ жерін жонғарлардан қорғауда өз ролін атқарды.
ПҮ қазақ жерін Петр І айтқандай Азияға «тереземен дарбаза» деп қарады. ПҮ қазақстанда өздерінің отарлау саясатын жүргізе бастады.
1.Бөкей ордасының құрылуы
1801 жылғы наурыздың 11-і күні патша Еділ мен Жайық арасын Бөкей сұлтанға қарауындағы елімен түгелдей жайлауға ресми рұқсат берді.
ПҮ мұндағы мақсаты Жайық пен Еділ арасына қазақтардың қайта қоныстауына мүмкіндік беру арқылы олардың жер үшін күресін бәсендетіп, оны өзінің отарлау саясатындағы бір нәтиже деп қарастырды.
Бөкей ордасында
20 000 мыңдай шаруашылық, 80 000 мыңдай адам болды.
1803 жылғы есепке қарағанда олардың мал саны едеуір болған:
70 000 мың түйе,
30 000 мың жылқы,
250 000 мың қара мал,
1 млн. қой
Бөкей хандығы құрылуының алғашқы жылдарынан бастап шұрайлы тәуір жайылымды жерлерінің үштен екі бөлігі хан мен өз туыстары, сұлтандар, және орыс помещиктері бөліп алды.
1815 жылы Бөкей қайтыс болады. Оның жас баласы Жәңгір (1801-1845 жж.) хан болып сайланды. 1823 жылға дейін елді Жәңгір жас болғандықтан, Бөкейдің інісі Шығай сұлтан биледі
Жәңгір хан 1830 жылдан бастап патша үкіметімен келісе отырып, жерді жеке меншікке беруді кеңінен қолдана бастады. Алым- салықтардың да неше бір түрі шығарылып, жалпы саны 20 –ға жетті (соғым, зекет, пітір, құшыр, т.б.)
Жыл сайын хан сарайына өткізілуге тиісті алым – салық қазақ шаруаларына ауыр болды:
Ноғай руы – 40 000 сом
Қызылқұрт -30 000 сом
Байбақты – 10 000 сом
Жаппас — 30 000 сом
Адай — 25 000 сом
Беріш — 60 000 сом
Есентемір — 10 000 сом
Жетіру — 20 000 сом
Серкеш — 50 000 сом
Алшын руы – 40 000 сом ақшалай салық төлеуге тиісті болды. Сонымен қатар күзде әрбір шаңырақ хан сарайы мұқтаждығына құны кем дегенде 70 сомнан кем түспейтін бір жылқыдан беруге міндеттенді.
Жылнамалар кестесі
1794 ж. – Бөкей архивінің құрылуы.
1801 ж. – Бөкей хандығығының құрылуы
1812 ж. – Бөкей сұлтанды хан көтеру
1815 ж. Бөкей ханның өлімі, хандықты Жәңгірге мұрагерлікке қалдыру
1815-1823 ж. – Шығай сұлтанды хан көтеру
1823ж. – Жәңгірдің ресми түрде хандықты қолына алуы.
1826 ж.- Хан ордасының негізі қаланды.
1828 ж.- Бөкей хандығының географиялық және тапонимикалық
карталары жасалды.
1832 ж. — Хан жәрменкесінің ашылуы
1833 ж. – Дәріхананың ашылуы
1836-1837 ж. — Исатай – Махамбет көтерілісі
1841 ж. — Ордада тұңғыш мектептің ашылуы.
1843ж. – Жәңгірге генерал – майор атағының берілуі.
1844 ж.- Қазанда Жәңгірдің «Мьютесерель викчаст» кітабының шығуы
1844 ж. – Жәңгірді Қазан Университеті ғылыми кеңесінің құрметті мүшесі
етіп сайлау.
1845 ж.- Жәңгірханның өлімі.
1852 ж. – Аурухананың ашылуы
1867 ж. – Қазыналық банктің бой көтеруі
1888ж. – Орман шаруашылығының құрылуы
2. Көтерілістің алғышарттары мен себептері және қозғаушы күші
Ата- бабаларының жерінде көшіп- қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін де арнайы салық төлеген қазақтардың жағдайы типті қиындады.
Ішкі орда мен іргелес орыс бекіністерінің салына бастауы,патша чиновниктерінің, помещиктерінің және жергілікті феодалдық бай топтардың қазақ шаруаларын екі жақтап бұрынғыдан бетер қанауы көтеріліске анти фнодалдық қана емес Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы бағыт береді.
Көтеріліске 1833 жылы Жәңгір ханның өз қайын атасы Қарауықожа Бабажанұлын Каспий теңізі өңірінде көшіп жүрген қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы түрткі болды.
Әбден зығырданы қайнаған шаруал ардың әділетті талаптарын орындатудың бір ғана жолы – отаршылдыққа, феодалдық озбырлыққа қарсы қарулы күрес еді.
Жер дағдарысының күшеюі, алым – салықтың барған сайын көбейе түсуі, шұрайлы жерді әр түрлі себеп –сылтаулармен кесіп, тіпті тартып ала беруі, жергілікті қарапайым халыққа патша әкімшілігінің , Орал казак әскерінің, Кіші жүздің бірқатар бай – феодалдарының үстемдігі мен озбырлығы 1836-1838 жылғы көтеріліске әкеліп соқты.
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші – қазақ шаруалары. Сонымен қатар оған старшын, билердің де бірқатар өкілдері қатысты. Алайда көтеріліс әлсірей бастағанда старшындар мен билер қатары Жәңгір мен патша жазалаушыотрядтары жағына жалтарып солқылықтық танытты. Қзғалыстың жеңілісін тездетті.
Қозғалыстың басты мақсаты:
3. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы ұлт- азаттық қозғалыстың басшылары
4. Көтерілістің басталуы және өту барысы
І кезең: 1836 жыл мен 1837 жылдың бірінші жартысы:
Көтерілісшілер отрядтарының жасақталуы. Исатайдың шенеуніктердің зорлық- зомбылығынан құтқару жөнінде ханнан көмек сұрауының сәтсіздікке ұшырауы. Көтеріліс ауқымының кеңейе түсуі.
ІІкезең: 1837 жылдың екінші жартысы:
Көтерілісшілердің Қрауылқожаның ауылына қарулы шабуыл жасап, тас – талқан етуі. Хан ордасын талқандауға төнген қауіп. 1837 жылдың қараша айы – көтерілісшілердің патшаның жазалаушы отрядтарымен Тастөбе деген жерде болған соғыста жеңіліске ұшырауы.
ІІІ кезең: 1838 жылдың бірінші жартысы:
Исатайдың Кіші жүздегі әрекеттері Кіші жүз қаазқтарын орыс отарлауна қарсы күреске көтеруге жасақталған қимылдар. 1838 жылдағы Исатай сарбаздарының Ақбұлақ мекенінде патша әскерлерінен жеңіліске ұшырауы
5. Көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы
•
•
•
•
•
•
• 1836-1838 жылдар аралығында
Себебі: Отаршылдық үстемдікті нығайта түсуі жер дағдарысының күшюі алым салықтардың көбеюі шұрайлы жерлерінен айырылуы.
Қатысқандар: Қазақ шаруалары старшиналармен билер қатысты бірақта олардың қатысы тұрақты болмады. 1838 жылы 12 шілде де Исатай мен Махамбеттің көтерілісшілерімен жазалаушы отрядтар арасында Ақ бұлақ пен Қыйыл өзендері арасында шайқас болды. Осы шайқаста
Исатай Тайманов ерлікпен қаза болды.
Жаңа сабақты бекіту:
№
20-80 ж.ж қозғалыстар
Болған уақыты
Болған жері
Негізгі құрамы
Қозғалыстың мақсаты
1 2 3 4 5 6
1 Зорлық – зомбылыққа, қуғын-сүргінге қарсы, қазақ халқына қамқорлық жасау
Карточкалық тапсырма
№ 1
1. Жаңаөзен көтерілісі жөнінде түсінгеңізді жазыңыз?
Карточкалық тапсырма
№ 2
1. Желтоқсан оқиғасы жөнінде
түсінгеңізді жазыңыз?
Карточкалық тапсырма
№ 3
1.«Неміс автономиясын» құру
саясатына қарсы ереуілдер мен толқулар жөнінде түсінгеңізді
жазыңыз?
Карточкалық тапсырма
№ 4
1. Теміртау қаласындағы оқиғалар жөнінде түсінгеңізді жазыңыз?
.
8. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қөтерілістердің болған
уақытын көрсетіңіз ?
а) 1836 – 1838 ж.ж.
ә) 1837 – 1847 ж.ж.
б) 1837 — 1847 ж.ж.
в) 1783 – 1797 ж.ж.
9. Сырым Датұлы бастаған қөтерілістердің болған уақытын көрсетіңіз ?
а) 1867 – 1868 ж.ж.
ә) 1836 – 1838 ж.ж.
б) 1783 -1797 ж.ж.
в) 1837 — 1847 ж.ж.
10.Кенесары Қасымұлы бастаған қөтерілістердің болған уақытын көрсетіңіз ?
а) 1837 — 1847 ж.ж.
ә) 1783 -1797 ж.ж.
б) 1836 – 1838 ж.ж.
в) 1867 – 1868 ж.ж.
Үй тапсырма: § 5, бет
Қорытындылау бағалау: