Кескіндеме жасауда майлы бояуды қолдану

Мектептен тыс тәрбие орталығы

Ашық сабақтың тақырыбы:

«Кескіндеме жасауда майлы бояуды қолдану»

Өткізген: Мустафин Н.Б

Сайқын 2015 жыл

Сабақтың тақырыбы: «Кескіндеме жасауда майлы бояуды қолдану»

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі кескіндемедегі түс, бояуларды қолдану техникалары жайлы мағлұмат беру.

ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу, айыра білу, бейнелеу жолын түсіну қабілеттерін дамыту.

б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.

Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, т. б

Сабақтың барысы:

Жаңа сабақ:

Оқушыларға кескіндеме жайлы түсіндіремін. Кескіндемедегі басты құрал — бояу түстері болып табылады.

Кескіндеме, живопись — бейнелеу өнерінің бір саласы, белгілі бір заттың бетіне (кенеп, ағаш, қағаз, т.б.) бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы. Кескіндеме заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын үндестіре бейнелейтін көркемдік және танымдық қуатымен ерекшеленеді. Ол көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы эстет. ләззат береді. Кескіндеме туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетке, оқиғаларға құрылған шытырман соқтығыстарды да бейнелеп, олардың мәнін ашады.

Майлы бояумен суреттерге түс берудің ерекшелігі – жартылай дымқыл, жартылай кепкен бояу үстіне жаңа бояу жағу арқылы жұмысты одан ары жалғастыра беруге болады, яғни кенеп бетіне жағылған бояуларды жаңа түскен күйінде дымқыл кезінде өзгертуге немесе суретті бірнеше күнге қалдырып, оны кептіріп алып, қатайған бояу қабатының үстімен жалғастыруға болады. Майлы бояу — тұрмыста және бейнелеу өнерінде қолданылатын бояу түрі. Бейнелеу өнерінде пайдаланылатын Майлы бояу өсімдік майларының (кендір, зығыр, жаңғақ, самырсын) қоспасынан алынады. Майлы бояу 10 ғ-да белгілі болған, 14 ғ-дан бастап қолданылған. Қазіргі Майлы бояуды ұзақ уақыт тәжірибеден кейін Нидерланд суретшілері Ян Ван Эйк пен Гувер Ван Эйк жасаған. Өсімдік майынан алынған Майлы бояулар өте ажарлы болады және тез құрғайды. Оған кейде лак қосады. Майлы бояумен жазылған өнер туындылары ұзақ уақыт бойы өз сынын жоғалтпайды. Еуропадағы Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері

Қайта өрлеу дәуірінде Бат. Еуропада өмірге жанасымды гуманистік өнер үрдістері қалыптасты. Болмысты шынайы бейнелеуге ден қойған К-нің маңызы артты. 14 ғ-да италиялық суретші Джоттоның К-лері Қайта өрлеу дәуіріндегі біраз өнер үлгілерінен асып түсті. Майлы бояумен салудың жетілген техникасын пайдалану Я. ван Эйктің (Нидерланды) К. табиғатындағы бар мүмкіншіліктерді аша түсуіне себепші болды. Әсіресе, фреска жанры дамыды, қондырғылы картиналар да сан-салалы тақырыптармен байыды. Дүниенің жарасымын сезіну, өмірдің жеке бір жарқын көріністерін бейнелеу, айрықша тұлғаларды даралау, рухани күштілікті әспеттеу, тән сұлулығымен қатар жан сұлулығын да асқақтата бейнелеу кескіндеменің негізгі мақсатына айналды. Қайта өрлеу дәуірінің ең ірі суретшілері: Мазаччо, Боттичелли, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Джорджони, Тициан, Паоло Веронезе, Якопо Тинторетто (Италияда), Я ван Эйк, П.Брейгель (Нидерландыда), А.Дюрер, Х.Хольбейн (кішісі; Германияда). 17 – 18 ғ-ларда Еуропада К-нің дамуы одан әрі жалғасты. Франция (Н.Пуссен, А.Ватто, Ж.Б. Шарден, Ж.Л. Давид), Италия (М.Караваджо, Дж. Б.Тьеополло), Испания(Эль Греко, Д.Веласкес, Ф.Сурбаран, Ф.Гойя). Фландрия (П.П. Рубенс, Я.Йорданс, А. ван Дейк), Голландия (Рембрандт, Я.Вермер), Англия (Г.Гейнсборо, У.Хогорт) пен Ресейде (Ф.С. Рокотов, Д.Г. Левицкий, В.Л. Боровиковский) Кескіндеменің ұлттық мектептері пайда болды. Кескіндеме де жаңа идеялар көтерілді, нақтылы өмірді алуан түрлі қырымен, адамды қоршаған ортамен шынайы бейнелеу мақсаты көзделді. Қоршаған дүниені табиғи қалпында, өзгеріп, түрленіп отыратын жанды күйінде айнытпай бейнелеуде 1870 жылдардың бас кезіндегі импрессионизм (К.Моне, О.Ренуар, К.Писсарро, А.Сислей, Э.Мане, Э.Дега, т.б.) ерекше табысқа жетті. 19 ғ-да Еуропада майлы бояумен салынған қондырғылы К. кең өріс алды. Майлы бояулы Кескіндеме нің техникасы еркін, автордың даралық стиліне байланысты болды. Бояу палитрасы ұлғайды, бұрынғы қоңыр түсті жақпа қабаттың орнына ақ түсті жақпалар қолданылды.

20 ғ-дың бас кезінде көптеген модернистік ағымдардың (кубшылдық, футуризм, сюрреализм) туындыларында көрініп тұрған дүниенің оп-оңай аңғарылатын элементтері ретсіз сызықтармен суреттелді, кейде ойда жоқ абстракт формаларға айналады. Мұндай ағымдардың көбі бара-бара өзіндік бағытқа (қ. Абстракты өнер) айналды. 1960 жылдардың орта шенінен Бат. Еуропа мен Америка К-сі “топ-арттың” бір саласының бөлігін құрады. 20 ғ-да монументтік-сәндік К-нің рөлі артқанымен, қондырғылы Кескіндеме бұрынғыша күрделі орында тұрды; Кескіндеме техникасында жаңалық іздеу үрдісі күшейді. Балауыз бен темпераны пайдалану жиіледі. Монументтік Кескіндеме де жаңа бояулар – Мексикада пироксилиндік, бұрынғы КСРО-да кремний-органик. бояулар табылды. Сонда да, майлы бояу басым қолданылды.

Қазақ халқының бейнелеу өнері, оның ішіндегі К. жанрының 19 ғ-да қазақ халқының өмірін өздерінің шығармаларына өзек еткен суретшілер: В.Штернберг(“Түйе”, “Киіз үй тұсындағы көрініс”), А.Горнович (“Ақмешітті алу”), А.Чернышев (“Қазақтардың көші”, “Қонып жатқан қазақтар”, т.б.) В.Верещагин қазақ табиғатын, қазақ халқын өте шеберлікпен жазып (“Аңшы қырғыз (қазақ)”, “Лепсі даласындағы таулар”, т.б.) басқаларға таныта білді. 1847 – 57 ж. Т.Г. Шевченко қазақ даласында қуғында жүргенде жергілікті халықтың өміріне байланысты “Байғұстар”, “Киіз үйде”, “Мемлекет жұдырығы” деген суреттер салды. Қазақтың бейнелеу өнерінің негізін қалауда Н.Хлудовтың еңбегі зор болды. Ол 1877 ж. қазақ даласына келіп өмірінің ақырына дейін осында болып, қазақ халқы өмірінен көп суреттер салды. Оның алғашқы шәкірттері: Қазақстанның халық суретшісі Ә.Қастеев, белгілі кескіндемешісі С.Чуйков. Қазақ халқының кәсіби К. өнерінің тарихы 20 ғ-дың 20-жылдарынан басталады. Ол дамудың қиын жолдарынан өтті. Алғашқы қазақ Кескіндеме мектебінің негізін салушы Қастеев өзінің шығармаларында кең дала сұлулығын, тарихи кезеңдерді, тұлғалы адамдар портретін (Абай, Шоқан, Амангелді, т.б.) жазып көрсете білді. Қастеевтен кейін қазақ К. өнерінің тарихы бір топ дарынды суретшілер Ә.Ысмайлов, ағайынды Қожахмет пен Құлахмет Қожықовтар, Б.Сәрсенбаев, О.Таңсықбаев есімдерімен толықты. 1960 – 70 ж. қазақ К. өнерінің даңқын шығарған суретшілер [[М.Кенбаев, Қ.Телжанов, Г.Ысмайлова, В.Антощенко-Оленев, К.Баранов, А.Ғалымбаева, Л.Леонтьев, Н.Нұрмұханбетов, С.Мәмбеев, Ү.Әжиев, С.Романов, Ж.Шәрдено]]в, т.б. есімдері көпшілікке танылды. Олар қазақстандықтардың жеткен жетістіктерін, тіл жетпес табиғат сұлулығын паш етті. 1970 – 90 жылдары қазақ Кескіндемеде жаңа леп, жаңа көзқарастағы суретшілер тобы (Е.Сидоркин, Ш.Сариев, С.Айтбаев, Б.Садыханов, К.Муллашов, А.Ақанаев, М.Аманжолов, Е.Төлепбаев, Б.Түлкиев, З.Түсіпова, т.б.). Кескіндеме өнерін жаңа биікке көтерді. Осы кезеңде бұрын жабық тақырып болып келген 20 ғ-дың 30-жылдарындағы зұлмат кезең (Төлепбаев пен Түлкиев), атом полигоны зардаптары (Ақанаев пен Аманжолов) және Арал қасіреті (Ә.Төлебиев пен А.Рубашев) ашық жазылды. Өнердің жаңа ағымдарына бой ұру (мыс., Садыханов, Түлкиев, т.б.) байқалды. Төлепбаев бұрын қазақ суретшілері жетпеген дәрежеге көтеріліп, қазақ К-сін әлемге таныта білді.

 

Сарамандық жұмыс: Елестету арқылы бейнелеу жұмысын орындау, мысалы, жайлау, жайлаудағы бақташы, т. б.

Сабақты бекіту:

Кескіндеме – шындықты бейнелеуде көрерменге тікелей әсер ететін өнер құралы.

Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар аламын.

— Кескіндеме жасау техникаларының қандай түрлерін білесің?

— Майлы бояу арқылы жұмыс жасауда қандай ерекшеліктер бар?

— Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?

— Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?

Оқушылардың жұмыстарына талдау жасатып, сабақтағы белсенділігіне байланысты бағалаймыз.

Үйге тапсырма беру: Кескіндеме өнерінің жанырында майлы бояумен шығарма орында.

Добавить комментарий