Мамытбек Қалдыбаев «Үлек»

Мамытбек Қалдыбаев «Үлек»
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы
Бостандық орта мектебі
Бастауыш сынып мүғалімі:
Жазитова Салтанат Өркешқызы
Ана тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мамытбек Қалдыбаев «Үлек»
Блум таксономиясы бойынша сабақ үлгісі 4-сынып
Тақырыбы: Мамытбек Қалдыбаев «Үлек» 15.01.14ж
Мақсаты: Мерсердің талқылаудың тәсілдерін қолдану арқылы оқушының әңгіме мазмұнын өздігінен түсінуге, белсенді зерттеулер жүргізе отырып, түйе туралы білімдерін кеңейту Түйені жасына,қолтұқымына, жынысына,қатысты атауларды ажырата білуге үйрету.
,жазушының астарлы, айшықты сөздеріне баланың назарын аудара отырып, көркем сөздің адам ойын дәл жеткізудегі рөлін айқындау, сөздің құдіреттілігіне, әсерлілігіне көзін жеткізу; адамгершілікке, ізгілікке баулу.
Міндеттері: 1. Мәтінді оқи отырып, ой елегінен өткізе отырып, шығармашыл ойлау
2. Бала қиялын анықтап, сенімді болуға уәждеу
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың мәтінді оқи отырып, өз ойын еркін жеткізуге толық түсініктерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, еңбекқорлыққа тәрбиеленеді.
Барысы:І. Психологиялық дайындық топқа бөлу Берілген сөздері бойынша оқушыларды топқа бөлу.1-топ Түйе жасынын атауы бойынша
2-топ Жылқы жасынын атауы
Сағат достары тренингі
Білу.
Таным мен білім (төмен) Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатымен жұмбақ жасыру Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар.
Бүгінгі тақырыбымыз не жайлы болмақ? «Инсерт»әдісі бойынша жұмыс жүргізу Ауызша сұрақтар қойылады. : 1. кіріспе. — Балалар, улек дегеніміз не?
Авторы туралы қысқаша түсінік беру М.Қалдыбаев 1939 ж Шымкент обл.Леңгір ауданы Совет колхозында дүниеге келді-ақын, жазушы
Топтық жұмыс: 1-топқа-Түйе пайдасы
2-топ түйе туралы мағлұмат әр топ постерлерін қорғайды
Нені білдім? Не білгім келеді?
Түсіну.
Таным мен білім (орта) 2. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Мәтін бөліктері» оқыта үйрету ойыны.
Берілген мәтін бөліктерін ретімен әңгімелейміз
Ойыңды дәлелде. «Өкіл»әдісі бойынша топтардың түсіндіруі Егер Мүлкібай ата бармаған болса, не болар еді?
Қолдану.
Таным мен білім (орта) І топ. Тапсырма: Кейіпкерге мінездеме беру
ІІ топ. Тапсырма: Үлекке сипаттама беру
Талдау.
Таным мен білім (жоғары)
Тапсырма: Рөлдік ойын Тілші мен кәсіпкер
Егер жер бетінде төрт түлік мал жойылса не болар еді?
Жоғары
Таным мен білім (жоғары) Шығармашылық жұмыс. Сахналау төрт түліктің кеңесіСуретшілер: сурет салады , сипаттау
Бағалау «Ақылдың алты қалпағы» арқылы қорыту, бағалау (пікірін білу)
Кері байланыс: стикерге сабақтан алған әсерлері жазу. Осы жерден
Оқушылардың түсінігінің қаншалықты деңгейде екенін байқау

Добавить комментарий