Сөз тіркесін қайталаймыз

Сөз тіркесін қайталаймыз
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы
Кеңащы орта мектебі
Бастауыш сынып мүғалімі:
Нургалиева Карлыгаш Канапьяновна
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы:
Сөз тіркесін қайталаймыз
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесін қайталаймыз.

Сабақтың мақсаты:1. Сөйлемнің сөз тіркестерінен құралатынын және ондағы бағыныңқы,басыңқы бөліктері туралы білімдерін кеңейту..
2. Сөздерді дұрыс қолдана білу, сөйлемді сауатты құра білуге дағдыландыру.
3. Ұқыптылыққа, сауатты, шапшаң жазуға шақыру.

Сабақтың барысы:

І Қызығушылығын ояту
(Көңіл-күйлерін бақылау сабаққа дайындығын тексеру)
Ойын: Мен қапшыққа алма салдым. Мен қапшыққа алма, алмұрт салдым. Мен қапшыққа алма, алмұрт, қарбыз салдым. Ойын осылайша жалғасады.

ІІ мағынаны ашу

Дәптермен жұмыс: /Көркем жазу/ ЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕ
еееееееееееееееее(үзбей жаз)

Терме диктант (Мұғалім алдын ала тақтаға жазады)

Пәтердің кілті,ағаштар гүлдеді.тұнық су, өзенде,терең сай,жаңбыр жауды,жоғарыда,сәлемдесті,жел соқты,биік тау, партаға отыру,жүгіру және секіру,әдемі жазды, апталық.

Сөздер Сөйлем Сөз тіркесі
… … …

Оқулықпен жұмыс: (Сұрақтарға үлгідегідей жауап бер)
-Сөз тіркесі дегеніміз не?
Сөз тіркесіне мысалдар келтір және бағыныңқы,басыңқы бөліктерін ата.

1-жаттығу.Оқып,сөз тіркестерін ғана көшір.
-Сөз тіркестерінің мағынасын түсіндір.

2-жаттығу. Суреттерді қара. Суреттің атауы мен керекті сөздерден сөз тіркесін құрап жаз.

Сөз тіркесін қайталаймыз
Керекті сөздер: алтын, биік, қыш, жүйрік, темір, қызыл, тәтті, сары.
Екеуі де зат есімнен болып тұрған сөз тіркестерін ата. Сөз тіркестері қандай сөз таптарынан жасалып тұр? Олардың бірінші сыңары қандай сұраққа жауап береді және қай сөз табы?

3-жаттығу. Өлеңді оқып, көшіріп жаз.

Бейбіт өмір
Ұғып алшы, зерегім,
Бейбіт өмір дегенім –
Бөпемнің ұйқысы,
Інімнің күлкісі,
Апамның тәтті үні,
Ауылымның шаттығы,
Елімнің тынысы,
Халқымның ұлы ісі.

4-жаттығу. Сөздерді оқы. Екі қатардағы сөздерден сөз тіркестерін құрап жаз.
1) мектептен, жақсыдан, инемен, отпен, баспалдақпен, сабаққа, кезекке.
2) түру, түсу, келу, тігу, үйрену, ойнамау, дайындалу.
Бағыныңқы және басыңқы сөз тіркестерін ата.
Бірнеше бағыныңқы сөзді бір басыңқы сөзбен тіркестіріп айт.

ІІІ. Ой толғау
Бес жол өлең шығаруды үйрету
Зат есім, сын есім, сын есім, етістік, етістік, етістік, 4 сөзден құралған сөйлем, мәндес сөз

ІҮ. Үйге тапсырма
176бет 5-жаттығуды көшіріп жаз.
Ү. Бағалау

Добавить комментарий