Сабақтың мақсаты: Айырмалық салыстыруға берілген есептерді шығару. Оқушылармен математикалық диктант ауызша есептер шығару арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Көктем мезгіліне байланысты салынған суреттердің артындағы есептерді шығару және оны ақ қағаздың бетіне бейнелеу
Сабақтың түрі: Білімді жүйелеу, жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойландыру, өзіндік, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, дидактикалық материалдар, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Математикалық диктант
Cөзжұмбақ шешу
Оқулықпен жұмыс
Қорытынды.
Бағалау.
I. – Сәлеметсіздер ме, балалар!
— Отырыңдар.
— Бүгін сендердің көңіл күйлерің қалай?
— Жақсы, көңілді. І.Ой қозғау
1.Психологиялық дайындық
Шаттық шеңбері:
-Балалар, біз бүгін сабақта қамқорлық шуағын жүрегімізбен сезінеміз.Өлең жолдарын бірге қайталайық:
Қайырымды жүрекпен,
Мейірімді тілекпен,
Ізгілікті ниетпен
Қамқор болып өсемін.
-Балалар, біз бүгінгі сабақта қамқорлық туралы болады
Мультфильм көру. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» Балаларға Қарлығаштың құйрығы неге айыр? Мультфильмі көрсетіледі.
Көрсетіліп болған соң мультфильм бойынша сұрақтар қойылады.
-Ана қарлығашқа қандай қамқорлық көрсетті?
-Қарлығаш адам баласына қандай қайырымдылық жасады?
Балалар сұрақтарға жауап беріп, қорытындылайды:
-Осы мультфильм арқылы адамның құстарға, құстардың адамдарға қамқорлық жасай алатынын білдік. Қамқорлық-адамға, табиғатқа, жан-жануарларға жанашырлықпен қарау, көмектесу. Құстарды таспен, доппен атып ойнауға болмайды.
1 – топ «Алғырлар»
2 – топ «Тапқырлар»
Бүгін жарыс сабағы. Білімдеріңді жұлдызшаларды жинау арқылы бағалаймыз
II. – Ал енді балалар біз сендермен ауызша есептейік.
1. Бірінші қосылғыш 7, екінші қосылғыш 1. Қосындыны тап.
2. Азайғыш 5, айырма 4, азайтқышты тап.
3. Екінші қосылғыш 3, бірінші қосылғыш 2 қосындының мәнін тап.
4. 5 шығу үшін 1- ді қандай санға артыру керек?
5. 4 шығу үшін қандай саннан 1- ді азайту керек?
6. 7 шығу үшін 6 – ға нешені қосу керек?
7. 6 санының 5 – тен нешеуі артық?
8. 4 саны 8 – ден қаншаға кем?
Сөзжұмбақ шештіру
ЖЕТІ
БЕС
КЕМ
АҚПАН
1.Бір аптада неше күн ?
2.9 бен 4-тің айырмасы неге тең ?
3. «Артық» ұғымына қарсы ұғым
4.Қыстың соңғы айы.
III. – Ал енді балалар мына тақтада не көріп тұрсыңдар? – Ақ қағаз. – Дұрыс. Осы ақ қағазға аппликация арқылы суреттер салайық. Тақтада дайын әр түрлі суреттер тұр. Сол суреттерді ақ қағаздың бетіне желімдеуіміз керек. Осы суреттердің артында тапсырмалар берілген, сол тапсырманы дұрыс орындасақ қана желімдейміз. Сонда бұл сурет қандай екенін біле аламыз. Әр суреттер сандармен нөмірленген.
Есеп. Аспандағы бұлттың артындағы тұрған тапсырма.
"Алғырлар"
А) Стансыда 10 вагон тіркелген пойыздан бесінші және сегізінші вагондар ағытылды. Пойызда неше вагон қалды?
10 — 2 = 8
Жауабы: 3 вагон қалды
"Тапқырлар"
Ә) ) Стансыда 10 вагон тіркелген пойыздан 2 вагон ағытылды. Пойызда неше вагон қалды?
Болғаны -10в.
Ағытылды- 2 в.
Қалды- ?
10 — 2 = 8
Жауабы: 3 вагон қалды
Дәптермен жұмыс 51 бет Есеп Күн көзінің тапсырмасы № 3
Есеп. 1. (киіз үйдің артындағы тұрған тапсырма). Сурет бойынша есеп құрастыр
Сергіту сәті
Кәне қанат жазайық
Қарлығашқа ұқсайық
Ұшып ұшып алайық
1,2,3
Орнымызды табайық
Есеп. Тау бейнесінің артындағы тапсырма. №2
Алғырлар -10
Тапқырлар -9
Крассворт шешу:
9 – 5 = + 2 = – 3 = + 7 =+0=-1= – 3 = +1=7
7 – саны шықты. 7 – саны қазақ халқында киелі сан деп есептеледі және көп нәрсені байланыстыра айтады.
Бұл жеті күнді білдіреді. 1. Бүгін. 2. Ертең. 3. Бүрсүгіні. 4. Арғы күні. 5. Ауыр күні. 6. Соңғы күні. 7. Азыңа.
1. Дүйсенбі. 2. Сейсенбі. 3. Сәрсенбі. 4. Бейсенбі. 5. Жұма. 6. Сенбі. 7. Жексенбі.
Жеті ата: 1. Ата. 2. Әке. 3. Бала. 4. Немере. 5. Шөбере. 6. Шөпшек. 7. Немене.
Жеті қазына: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ақыл – білім. 4. Жүйрік ат. 5. Қыран бүркіт. 6. Берен мылтық. 7. Жүйрік тазы \\ит\\.
Есеп. Гүлдер бейнесінің ішінде жазылған сандарды салыстыру:
5 * 7 3 * 3 5* 9 10*8
1 * 10 1 * 9 7*4 5*2
Есеп. Жол бейнесінің артындағы тапсырма:
Кесінділердің ұзындықтарын өлше. Қызыл кесінді көк кесіндіден неше сантиметр қысқа?
Қызыл кесінді 3см, көк кесінді 5см.
5см – 3см = 2см
Қызыл кесінді, көк кесіндіден 2сантиметр қысқа.
Қорытынды: – Ал енді балалар, сендер ақ қағаздың бетін
қандай бейнені бейнеледіңдер? – Көктемнің бейнесі. – Дұрыс.
Осы көктемнің бейнесін бейнелеу арқылы есептер шығардық.
— Күннің сәулесінде неше дөңгелек бар? – 1 – еу.
— Неше ұшбұрыш бар? – 6 – ау.
— Бұлттардың бейнесі қандай сызық? – Тұйықталған.
— Киіз үйдің есігі қандай фигура? – Тік төртбұрыш.
— Жол қандай сызық? – Түзу.
— Гүлдердің бейнесінде қандай фигураны көріп тұрсыңдар?
– Дөңгелек.
Қатысқан оқушыларды бағалау.